Кобадиан ерте ортағасырлық ескерткіштері

0
820
Иллюстрация: Freepik.com

Ертеортағасырлық түрктердің мекен еткен барлық аймақтарынан бүгінде көптеген жазба ескерткі-штер табылды.

Мұндай таңданарлық жазба ескерткіштердің таралу аймағы да айтарлықтай ауқымды. Оларға: (түрк бітіг жазуына) Моңғолияның – Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Алтай, Тува және Хакасияның – Енесей, Абақан, Кем өзені, Бурятияның – Саха, Лена, Байкал аймақтары, Шығыс Түркістанның – Тұрпан ойпаты, Дунхуань, Миран аймағы, Қазақстанның – Ертіс, Талас, Сыр, Іле, Еділ өзендері, Ферғана одан әрі Солтүстік Кавказ және Шығыс Европаның біраз бөлігі жатады.

Мемлекет тарихын бейнелейтін түрктік руникалық жазуларды тілдік‚ әдеби, тарихи және саяси- этникалық жақтан жан-жақты зерттеу үшін жазба ескерткіштердің географиялық таралу аймағын жетік меңгеруіміз керек. Н. Базылханның дерегіне жүгінсек қазіргі уақытта түрк бітік ескерткіштерінің саны 500-ге жуықтаған екен.

Дегенмен, бүгінде кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы Еуразияның әр жерінен тасқа, ағашқа, ыдысқа, әртүрлі бұйымдарға жазылған жазулар табылуда, осының нәтижесінде жазба ескер-ткіштер саны да арта түсуде.

Ғалымдар өткен ғасырлардан белгілі болған жазба ескерткіштердің таралу кеңістігін географиялық орналасу тәртібіне қарай бірнеше аймаққа жіктеп-бөліп келген.

Мысалы, А.Н. Кононов өзінің 1980 жылы жарық көрген зерттеулік еңбегінде түрк жазба ескерткіштерінің таралу кеңістігін тоғыз аймаққа бөледі: Орхон ескерткіштері, Енисей ескерткіштері, Шығыс Түркістан ескерткіштері, Орта Азия ескерткіштері оның ішінде Талас және Фергана ескер-ткіштері, Шығыс Еуропа ескерткіштері – Дунай және Дон бойы, Алтай ескерткіштері, Лена ескерткі-штері, Байкал маңы ескерткіштері және Солтүстік Кавказ ескерткіштері.

А.М. Щербак көне түрк жазуларын тоғыз топқа бөліп жіктейді: Моңғолия жазулары, Енесей және Хакасия жазулары, Шығыс Түркістан жазулары, Талас көне түрк жазулары, Алтай жазулары, Ресейдің әртүрлі еуропалық бөліктерінен табылған көне түрк жазулары және Бұлғария мен Румыния аймақтарынан табылған жазулар.

Ресейлік зерттеуші С.Г. Кляшторный ескерткіштерді географиялық орналасуына қарай үлкен жеті топқа жіктейді.

  1. Шығыс түрк қағанатына тән ескерткіштер. Бұлар негізінен Моңғолияның ең ірі өзен-көлдері саналатын Орхон, Онгин, Селенга Алтай, Хангай, Саян, Кентай тау жоталары, Гоби шөлі, Орхон, Селенга, Тола, Онгин, Керулен, Онон, Ханұй, Хунүй, Тэс, Қобда өзендерінің бойы мен Көпсукөл, Қырғыс, Қарасу, Ұбсы аймақтарынан табылған түрк бітік жазуылары;
  2. Қырғыз қағанатына тән Енесей ескерткіштері. Хакасияның – Енесей, Абақан, Кем, Тарлақ, Уюк өзен аңғарларынан табылған түрк бітік жазулары;
  3. VIII-X ғасырларға тән Лена-Байкал өңірлерінен табылған түрк бітік жазулары. Бұл жазба ескер-ткіштер негізінен Құрыхан тайпалар одағына тиесілі деген болжам бар;
  4. Талас және Ферғанадан табылған ескерткіштер. Бұл ескерткіштер VI-X ғасырлар арасында Орта Азияны мекен еткен Батыс түрк, түргеш, қарлық тайпаларына тиесілі;
  5. VIII-IX ғасырларға тән Ұйғыр қағанатына тиісті Семиги және Қарабалсағұн ескерткіштері:
  6. Шығыс Түркістандағы ұйғыр мемлекетіне тән ескерткіштер мен Турфан жазуы;
  7. Хазар, Бұлғар қағанатына тән Шығыс Еуропадан табылған түрк жазулары. Ал, И.Л.Кызласов болса Қазақстан мен Орта Азиядан табылған жазуларды екі алфавиттік топқа бөледі. Олар Ашықтас жазуы, Тозбұлақ пен Исфарин жазуы.

    Әрмен қарай зерттеуші көне түрк жазуын негізгі екі үлкен топқа жіктейді:

1) азия – орхон, енесей, талас (Оңтүстік Сібір, Орталық Азия және Жетісу аймағы);

2) еуроазия – дон, кубан, исфарин, ашықтас, оңтүстікенесей (Шығыс Еуропа, Орта Азия мен Оңтүстік Сібір жерлері).

Жоғарыдағы деректердегі ғалымдардың жазба ескерткіштерді тарихи-географиялық тұрғыдан территориялық аймаққа бөлуінде айтарлықтай айырмашылық байқалмайды.

Сондықтан аталған ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып ескерткіштерді географиялық, мазмұндық әрі дәуірлік мәніне қарап, үлкен ҥш топқа жіктеуге болады. Және бұл аталған ескерткіштердің таралған үлкен аймағы Ұлы Түрк қағанаты, Екінші Шығыс Түрк қағанаты мен Батыс Түрк, Ұйғыр, Түргеш, Қарлық, Хазар және Бұлғар қағандықтары өмір сүрген кезеңдермен тұспа-тұс келеді.

Дереккөз: ҚазҰУ, тарих және археология факультетінің дәрісі

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ