Кітапты қалай жылдам оқимыз?

0
1535
Иллюстрация: Freepik.com

1) Жылдам оқымастан бұрын жылдам оқуға кедергілердің көзін құрту керек. Олардың төрт түрі бар:

А) дауыстап оқу
Б) іштей дауыстап оқу
С) қайтадан басынан оқу
Д) ойыңмен басқа жаққа лағып оқу

Бұның орнына көзбен оқу керек. Көз деген жай ғана терезе, негізі оқитын мүше ол — ми. Миға терезе ашық болса жеткілікті. Өзі түсініп алады.

2) Кітаптың парағының бір жолында 12 сөз болса, сіз 12 рет тоқтайсыз. Енді 2 сөзді тіркес етіп біріктіріп оқып, 6 рет қана тоқтаңыз. Оны үйренген соң, 3 сөзді тіркес етіп біріктіріп, 4 рет қана тоқтаңыз. Сосын, 4 сөзді біріктіріп, 3 рет қана тоқтаңыз. Жаттыға берсеңіз, бір жолға 2 рет қана тоқтайтын деңгейге жетесіз.

3) Көзіңіз жан-жаққа кетіп қала берсе, қарындашпен сөйлемнің астынан жүргізіп оқыңыз.

4) Басыңызға қандай да бір проблема келсе, кітап оқыңыз. Кітаптан шешімін таппауыңыз мүмкін. Бірақ миыңыз кітап оқу арқылы босаңсып, шешімді басқа жақтан тауып алады.

5) Көп кітап оқыңыз. Шыныққан сайын бұлшық ет өсетіні сияқты, көп оқыған сайын жылдам оқи бастайсыз.

6) Пайдалы кітапты көп оқыңыз. Сонда миыңызда пайдалы ақпараттар қоры жиналады. Ми шешім қабылдарда қандай деректерге сүйенеді деп ойлайсыз? Дұрыс айтасыз, ақпараттар қорындағы деректерге сүйенеді.

Дереккөз: «Жылдам оқы» кітабы, Мирас Кесебаев

Басқа материалдар:

  1. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  2. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  12. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  13. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  14. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  15. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ