Әмір Темір және оның шапқыншылықтарына қарсы күрес (сабақ жоспары)

0
1646
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

— 6.3.1.6 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттерді білу, картаны қолдану арқылы саяси процестерді түсіндіру;

— 6.1.1.2 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

— 6.3.2.5 — тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII-XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру.

Зерттеу сұрағы

Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай өзгерістерге әкелді?

Оқулық

Әмір Темір және оның шапқыншылықтарына қарсы күрес. 154–156 беттер.

Тірек сөздер

— Әмір Темір,
— Қамар ад-Дин,
— Алмалық,
— тонаушылық,
— құлдық

Ресурстар

Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. 2-том.Алматы. Атамұра. 2010. 77-170 бб.

Сабаққа дайындық

Әмір Темірдің Моғолстан аумағына жасаған шапқыншылықтарының зардаптарын көрсету үшін салыстырмалы кесте дайындау керек.

Кестеде Әмір Темірдің Моғолстан жеріне жасаған шапқыншылықтарының жылдары, нәтижелері, зардаптары көрсетіледі. Бұл кесте оқушылардың сабақты игеруіне септігін тигізеді. Сосын Әмір Темір туралы қысқаша бейне материал дайындауға болады.

Сабақтың деректі материалдары

Шағатай ұлысы, Әмір Темір мемлекетінің аумағы көрсетілген карта, Әмір Темірдің және т.б. суреттер, кестелер, бейне ролик.

Сабаққа әдістемелік нұсқау

Сабақтың түрін аралас сабақ түрінде өткізе отырып, пікір алмасу, баяндау, ой бөлісу, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін арттыру әдістерін пайдалану керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Әмір Темірге тарихи тұлға ретінде баға бере отырып, оның тұсында Орталық Азияға мәдениеттің, әдебиет пен ғылымның көркеюі болғандығын атап өте отырып, бірақ, Әмір Темір шапқыншылықтары жалпы Қазақстан тарихы үшін өте ауыр зардаптары болғандығын атап өту керек.

Алтын Орда мемлекетінің күйреуі де Әмір Темірдің шапқыншылықтарының тонаушылық саясатының нәтижесі екендігін көрсете отырып, жоғарыда айтылған арнайы дайындалған кесте түріндегі матариалдарды пайдалана отырып, оқушылардың өзіндік
тұжырым жасап, қорытынды шығаруларына бағыттау керек.

Сонымен бірге Әмір Темір шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастырудағы Әмір Қамар ад-Диннің қызметіне арнайы тоқталып өту маңызды.

Сабақтың барысы

Алғашқы Моғол хандарының бұрынғы Шағатай ұлысын біріктіру жолындағы күресі сәтсіз аяқталған соң, көп ұзамай оның батыс бөлігін біріктіріп үлгерген Әмір Темірдің сыртқы саясаттағы басты мақсаты бұрынғы Шағатай ұлысының шығыс бөлігі — Моғолстанды басып алу болғанын баяндайды. Әмір Темір Моғолстанға барлығы 8 шапқыншылық жорығын жасаған.

Олардың барлығы тонау мен қырғынға ұшырату, халықты құлдыққа айдап әкетумен аяқталып отырды. Үздіксіз болған бұл шапқыншылықтар жалпы Моғолстанның ішкі жағдайын шиеленістіріп, халықтың, аймақтың әлеуметтікэкономикалық жағдайын құлдыратқаны нақты мысалдармен баяндалады.

Білімді бағалау мүмкіндіктері

Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған шапқыншылық соғыстарының зардаптарын оның Алтын Ордаға қарсы тонау соғыстарымен байланыстыра отырып талдау жасау негізінде.

Қорытындылау, бағалау мүмкіндіктеріне орай бағаланады.

Қосымша тапсырма

Әмір Темірдің тарихи қызметіне баға беріңіз.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  2. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  3. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  4. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  5. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  6. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  7. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  8. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  9. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  10. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  11. Әл-Фараби — әлемнің ұлы ойшылы (сабақ жоспары)
  12. Түркі-моңғолдардың Орталық Азия мен Қазақстан аумағына жорықтары. Отырар қорғанысы (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ