Мэри Кэй Эштің бизнестегі жолы

0
923
Мэри Кей Эш

Баршаңыздың «Mary Kay» косметикалық компаниясы туралы естігендеріңізге сенімдімін, өйткені ол әлемдегі ең танымал және кең таралған компаниялардың бірі.

Мэри Кэй Эш (Mary Kay Ash) – американдық кәсіпкер және Mary Kay Cosmetics, Inc компаниясының негізін салушы, бизнес философиясын жасаушы.

2000 жылы Lifetime Television Online ұйымы Мэри Кэй Эшті «ХХ ғасырдағы ең көрнекті іскер әйел» деп атады. Мэридің өмірі оңай болған жоқ. Бар болғаны 17 жасында тұрмысқа шығып, үш баланың анасы атанады.

Көп ұзамай Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, күйеуі майданға аттанады. Сүйікті әйел, аяулы жар жұбайын майданнан күтеді. Бірақ өмір тосынсыйларға толы, күйеуі
соғыстан келген соң ажырасқысы келетінін айтады.

Мэри балаларын асырау үшін жұмысқа тұруға мәжбүр болады. Мэри Кэй 25 жыл бойы сатушы агент болып жұмыс істеді, бірақ қызметінде көтіріле алмаған соң ол
жұмыстан кету туралы шешім қабылдайды.

Өз өмірін өзгертпекші болған 45 жастағы Мэриді көбісі ақымақ істер жасап жатыр деп ойлады. Бірақ өмір батыл адамдарды жақсы көреді.

Ол әйелдер мен бизнес туралы кітап жазуға шешім қабылдайды. Осылайша,
кітап болашақ компанияның негізін қалайтын нақты бизнес-жоспарға айналады. 1963 жылы Мэри Кэй Эш екінші күйеуімен бірге Mary Kay Cosmetics фирмасын құрды.

Бастапқы капитал бар болғаны 5000 доллар болады, бірақ нәтижесі барлығы күткеннен де асып түседі. Бүгінгі таңда Mary Kay Cosmetics өнімдері 40-тан астам елде сатылады және жылдық сатылымы 3 миллиард долларға жуық.

Орта жасқа жеткен және «енді бәрі кеш» аралағында қалып кетпеген, көптеген басқа да бай және әйгілі адамдардың қатарына Джоан Роулинг, Генри Форд, Лас-Вегастағы Сэндстің негізін қалаушы Шелдон Адельсон, Кристиан Диор сияқты тұлғаларды
қоссақ болады.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Харланд Дэвид Сандерс өмірінен дерек
  2. Ингеборга Моотстың бизнестегі жетістігі
  3. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  4. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  5. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  6. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  7. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  8. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  9. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  10. SMM маманы деген кім?
  11. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  12. Web-дизайнер деген кім?
  13. Рэймонд Альберт Кроктың бизнестегі жетістігі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ