Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (76-80 мәтін)

0
27127
Иллюстрация: Freepik.com

76- мәтін

1. Бөгелек — жарғаққанаттылар отрядына жататын жәндіктер. Олар — соналар тобының бір түрі. Еуропалық бөгелектер Американың шығыс жағына алғаш рет 1800 жылдары келген.

2.Аналық бөгелектің ұзындығы — 5,5 см. Аталықтары жұмысшы қызметін атқарады және дене тұрқы кішірек болады.
Бөгелектердің көздері тереңдей шұңқырлана орналасқан. Қанаттары сарғыш бурыл түсті, құрсағы қызғылт сары түсті. Денесінің үсті қоңыр жолақтармен көмкерілген. Бөгелектің шаққаны адамдарда ауырсыну сезімін тудырғанымен, оның уының әсері бөгелектердің түріне байланысты әртүрлі болады. Сондай-ақ шаққан жерінің қаншалықты терең болуына байланысты уының мөлшері де әртүрлі таралады. Соның әсерінен туындаған аллергиялық реакциялар медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

3.Бөгелек түнде белсенділік танытып, түнде ұшатын жәндіктерді аулап, дернәсілдерін қоректендіру үшін ұяларына тасиды.
Бөгелек уын жәндіктерді өлтіру үшін қолданады. Қауіп төнген жағдайда ұяластарына белгі беріп, көмекке шақыра алады.
Оның ұясы жақын жерде болса, жануарлар үшін де, адамдар үшін де үлкен қатер туғызады.

Ұяларын қағаз және ағаш қойыртпақтан ағаш қуыстарына, шатырларға салады. Шіріген ағаш діңгектері мен бұталарын пайдаланатындықтан, қоңыр түсті болады.
Ересек аталықтары ұя салуға қатыспайды, олар дернәсілдерді бағумен айналысады.

(165 сөз)

  1. Бөгелектің ұясының адамдарға жақын орналасуы неге зиян саналады?

A) улы болғандықтан

B) бірден аллергия тудыратындықтан

C) түнде ұшатындықтан

D) ағаштарды шірітетіндіктен

E) зияны көп болғандықтан

2. Бөгелектер неге түнде ұшатын жәндіктерді аулайды?

A) түнде жәндіктер көп ұшатындықтан

B) өзі де түнде ұшатындықтан

C) қорегі түнде ғана ұшатындықтан

D) тұрқы кішірек болғандықтан

E) аталықтар күндіз жұмыс істегендіктен

3. Мәтін мазмұнына лайықтысын белгілеңіз

1.Ұясын қағаздан салады.

2.Ересек аталықтар ұя салуға қатыспайды.

3.Дернәсілдерін қоректендіреді

A) 1,2

B) 1

C) 1,3

D) 2

E) 2,3

4. Дернәсілдерді бағумен айналысады…

A) аналықтар

B) дернәсілдер

C) ұяластары

D) аталықтар

E) соналар

77- мәтін

1.Әлемдегі ең үлкен шөл 9 000 000 шаршы. км аумақты қамтитын Сахара шөлі. Бұл құмды шөл Солтүстік Африканың бүкіл жазығын алып жатыр. Туаректік диалектіде «Сахара» сөзі «шөл» деген мағынаны береді.

2.Құмды, шөлейтті аймақтың жаз мезгіліндегі температурасы 58 градусқа дейін көтеріледі, ал қыста 15-28 градус аралықты ұстап тұрады.
Шөл даланың кейбір бөліктерінде бірнеше жылдар бойы жаңбыр тамшысы тимеген жерлерде бар.

Сахарадағы жалғыз су көзі – Ніл өзені. Шығысқа қарай ағатын аталмыш өзен кұмды аймақтың басым бөлігін басып өтеді. Дегенмен Сахараның кей бөлігінде ылғалды алқаппен жер астындағы бұлақтан шығатын құдық бар. Бұл ерекше құмды аймақта джиппен серуендеуге келген туристер үшін арнайы бөлімшелер орналасқан. Сахара шөлінде құрма ағаштарымен дәмі тіл үйірер жүзім өседі екен.

3.Құмды аймақта Тегази деп аталатын қала бой көтерген. Мұндағы үйлер тұзды тастардан салынған. Бұл қала – ғаламшарымыздағы сусыз, құрғақ, шөлейтті орындардың бірі.

4.Орг-эр-равиден келетін керуеншілер ылғалды алқап жақын маңда деп ойлап сағымның құрбанына айналып жатады.

5.Құмды, тасты, сазды, тұзды сынды шөлейтті аймақтың бірнеше түрі бар. Сахара құмды шөл далаға жатады. (167 сөз)

  1. Мәтіннің 3- бөліміндегі айтылған ойды белгілеңіз

A) Ніл өзені туралы

B) Құмды аймақтағы құрылыс

C) Сахара шөлі туралы

D) Шөлейтті аймақ туралы

E) Африка жазығы туралы

2. Керуеншілер дегеніміз… сөйлемді жалғастырыңыз

A) сапар жасауға шыққан адамдар

B) саяхат жасаушы адамдар

C) құрылыс тұрғызушы адамдар

D) шөлді зерттеуші адамдар

E) құрма мен жүзім өсіруші адамдар

3. Мәтін мазмұнына сай сөйлемді белгілеңіз

1.Сахарада жаңбыр болмаған жерлер бар.

2.Сахарада құрма, жүзім өспейді.

3.Сахарада үйлер тұзды тастардан салынады.

4. Туристер үшін бөлімшелер бар.

A) 1-2-4

B) 2-3-4

C) Барлығы дұрыс

D) 1-3-4

E) Барлығы бұрыс

4. Мәтіннің түрін анықтаңыз

A) суреттеу

B) сипаттау

C) зерттеу

D) әңгімелеу

E) ақпарат беру

78- мәтін

1.Қағаздың микроскопиялық талшықтарының және сауқсақ терісінің сезімтал рецепторларының кесірінен саусақты қағазбен кесіп алу, басқа зақымдануларға қарағанда әлдеқайда жанға батады.

2.Бұл ауыртпалықты көбіміз байқаған болармыз? Және де тілік көбіне байқалмайды, оған қоса көп жағдайда қанамайды. Дегенмен неге қатты ауырады?

3.Мысалы, ұстараның өткір жүзі жараға бөтен бөлшектер қалдырмай, тегіс тілік жасайды. Және мұндай тілік ауру тудыратынымен, әдетте жағымсыз сезім бірнеше минуттан кейін қойып қалады. Ал парақ, тіліп қана қоймай, құрамындағы микроскопиялық талшықтарының көмегімен басқа да ұсақ зақымдар келтіреді.

4.Бұдан өзге, саусақты қағаз парағымен тіліп алғанда жарада осы талшықтар мен басқа да бөтен материалдардың бөлшектері қалады. Дәл осылар жара аймағындағы терінің ауру рецепторларын қоздырады. Өз кезегінде рецепторлардың көп мөлшері сезімталдықты арттырып, адам азғантай зақым келгеннің өзінде ауруды сезінеді.

5.Сонымен қатар, болар-болмас тілік қатты қанамайтындықтан немесе тіпті қанамағандықтан, қан жарадан бөтен заттарды «шығара» алмайды, және оған жаңа қоздырғыштар түседі. Мұның бәрі бұдан да зор жарақат алған кездегі аурудан да қатты ауру тудырады. (156 сөз)

  1. Мәтін мазмұнына сай келетін тақырыпты белгілеңіз

A) Микроскопиялық талшықтардың тигізер зақымы

B) Саусақты қағазбен кескенде неге қатты ауырады?

C) Тілік ауру тудыратын жағдайлар

D) Бөтен материалдың бөлшектері

E) Саусаққа тиген жарақаттар

2. Тілік болған жер қанамаса, неге қатты ауырады?

A) рецепторлардың көп мөлшерде сезімталдығы артады

B) микроскопиялық талшықтардың көмегімен басқа ұсақ зақымдар келтіреді

C) саусақ терісінің сезімталдығы жоғары болған соң

D) тілік қатты қанайтындықтан, жаңа қоздырғыштар түседі       

E) қан жарадан бөтен заттарды шығара аламайды да, жаңа қоздырғыштар түседі

3. 3- бөлімнің мәтін мазмұнына тигізер әсері қандай?

A) суреттейді

B) баяндайды

C) әңгімелейді

D) салыстырады

E) зерттейді

4. Мәтін мазмұнын ашатын сөйлемдерді көрсетіңіз

1.Саусақты кесубасқа зақымдануға қарағандаәлдеқайда жанға батады.

2.Микроскопиялық талшықтарының көмегімен басқа да зақымдар келеді.

Рецепторлардың көп мөлшері сезімталдықты арттырады.

A) 1, 2, 3дұрыс

B) 1, 3 дұрыс

C) 1, 2бұрыс

D) 2, 3 дұрыс

E) 1, 2, 3 бұрыс

79- мәтін

Бабыр- Ұлы Монғол империясының Орта Азиядан шыққан императоры. Ол Оңтүстік Азияда Монғол әулетінің негізін қалады.
1483 жылы Өзбекстанның Ферғана алқабындағы Лаун Андижан деген жерінде дүниеге келген.
Бабыр өте ірі денелі, күшті адам болған екен. Ол екі иығына екі адамнан отырғызып, емін-еркін еңкейіп, жазылып жүре алатын болған. Осылайша ол жаттығу да жасаған екен.
Ол мұсылман дінінің сүннит бағытын ұстанған. Мұсылман шейіттердің ұстанымын жақтырмаған.
Толық есімі — Захриддин Мұхаммед. Жұрт оны «Бабыр» деп атап кеткен. «Бабыр» сөзі парсы тілінен аударғанда «арыстанның сайманы» деген мағына береді.

 Бабыр өзінің өмірі жайында жазбаша деректер қалдырған (Бабырнама). Оның бұл мемуары мұсылман әдебиетіндегі алғашқы нағыз өмірдерек болып есептеледі.
1494 жылы Ферғана әмірі Омар Шайхы қайтыс болып, 12 жасар Бабыр әкесінің орнына Ферғанаға билеуші болып тағайындалады.
Әскерін көбейткен ол Кабулды басып алды және Ауғанстандағы жаңа патшалықты өзіне қаратты. Осы жерден әрі қарай Үндістанға басып кіріп — Делиді, одан әрі Солтүстік Үндістанды жаулап алып, Арганы өзіне қаратты.
Бабыр өте талантты ақын болған және табиғатты керемет сүйген. Ол бақтар салдырып, сол бақтарда серуендегенді ұнатқан.
Бабыр 47 жасында қайтыс болды. Орнына мұрагері ретінде билікке үлкен ұлы Хумаюн келді. (180 сөз)

  1. «Өмірдерек» деген сөздің мазмұнын ашатын тіркесті белгілеңіз

A) өмір туралы толғаулар

B) өмір туралы философиялық ойлар

C) адамның өмірі туралы мәлімет

D) адамның қоршаған орта туралы ойы

E) даналық ойлар түйіні

2.Захриддинді неге Бабыр деп атаған? 

A) ірі, денелі күшті адам болғандықтан

B) ақылды, ғұлама болғандықтан

C) талантты ақын болғандықтан

D) жаңа патшалықты өзіне қаратқандықтан

E) мұсылман дінін ұстанғандықтан

3. Мәтіннің бірінші бөлімінде айтылған ой?

A) Бабырдың балалық шағы туралы

B) Бабырдың бейнесі туралы

C) Бабырдың жорықтары туралы

D) Бабырдың еңбектері туралы

E) Бабырдың өмірінің соңы туралы

4. Мәтінді қорытындылайтын цитатаны көрсетіңіз

A) «Жақсының аты өлмейді…»

B) «Ер елі үшін туады…»

C) «Жауласқанның тізесін бүктір…»

D) «Ерді намыс өлтіреді…»

E) «Батыр туса, ел ырысы…»

80- мәтін

Бұл адам 7 рет өлім аузынан аман қалып,  кейін лотореядан миллион ұтып алған. Хорваттық музыка пәнінің мұғалімі Фране Селакты The Daily Telegraph басылымы«ең жолы болғаш адам» деп тапқан.

1962 жылы ол отырған пойыз рельстен шығып, бірнеше рет аударылып суға құлаған. 17 адам қаза тапқан. Селак сынған қолымен жағаға жүзіп шығып аман қалады. Жыл өткен соң Селак Загреб-Риека бағытына ұшатын ұшаққа мінеді. Әуеде ұшақтың есігі жұлынып,  19 адам қаза табады. Селак жиналған шөптің үстіне құлап аман қалады. 1966 жылы ол отырған автобус апатқа түседі. Төрт адам қайтыс болады. Селак жеңіл жарақат алады. 1970 жылы Селактың жүргізіп келе жатқан көлігі өртенеді. Көліктен шығып өртті сөндірмекші болғанда көлігі жарылады. Үш жылдан кейін көлігі тағы өртеніп Селак шашсыз қалады. 1995 жылы Селакты автобус қағады. Бұл жолы да ол тек жеңіл жарақат алады. Бір жылдан кейін таулы аймақта жүк көлігімен соқтығысуға аз қалғанда, көлігінен секіріп үлгеріп аман қалады.

2003 жылы Селак лотореядан  миллион доллар ұтып алған. (158 сөз)

1.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты көрсетіңіз

A) Миллион доллар

B) Хорваттық адам

C) Өртенген көлік

D) Жолы болғаш адам

E) Жеңіл жарақаттар

2 . «Өлу» сөзінің эвфемизімін көрсетіңіз

A) жан тәсілім етті

B) жаны рахатқа кенелді

C) бақидан қайтты

D) жаны жай тапты

E) жүрегі орнына түсті

3. Мәтін мазмұнына сай келетін мақал- мәтелді көрсетіңіз

A) Өлмегенге өлі балық

B) Көрмегенге көсеу таң

C) Салы суға кетті

D) Өрт- тілсіз жау

E) Байтал түгіл бас қайғы

4. Селак ұшыраған апаттардағы көлік түрлері қандай?

A) су көлігі- темір жол көлігі

B) қоғамдық көлік- су көлігі

C) жүк көлігі- су көлігі

D) әуе көлігі- су көлігі

E) әуе көлігі- темір жол көлігі

Ұқсас материалдар: 

  1. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  2. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  3. Көркем троптар, олардың түрлері
  4. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  5. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  6. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  7. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (62-65 мәтін)
  9. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  11. Әдебиеттің тектері мен түрлері
  12. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  13. Лирикалық тек, лирикалық жанрлар
  14. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  15. Драмалық тек, драмалық бейнелеу
  16. Әдеби ағымдар туралы түсінік
  17. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (16-20 мәтін)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ