Оқу сауаттылығынан мәтіндік тапсырма: Ұлт аспаптар оркестрі

0
1295
Иллюстрация: Freepik.com

Ұлт аспаптар оркестрі. Оның құрамында не жоқ! Қобыз, Домбыра, Сыбызғы, Шаңқобыз, Сазсырнай, Жетіген.

Құдайға шүкір, жетіп жатыр! Ұжымның аты – ұжым. Қайткенде де оны біреу басқаруға тиіс. Кім? Қобыз ба? Әлде Жетіген бе? Ақыл таразысына салып көрсе, бәрі де лайық. Бәрінің де жөні, бәрінің де мүмкіндігі бар. Бірақ жабық жасырын дауысқа шығарғанда ешқайсысы оқ бойы озып шығып, барынша көп дауыс ала алмады.

«Тұяқты тұяқ жібермейді» дегендей, өзара деңгейлес түседі. Тізеге басып, күш көрсетуге тағы болмайды. Қобызды қойсаң – Домбыра, Домбыраны қойсаң – Сыбызғы… Әйтеуір біреуі ренжиді. Амал жоқ… бүкіл ұлттық оркестрді басқару дирижердің таяқшасына тапсырылды.

1. Дирижер таяқшасына қатысты нұсқа
A) Аяқты шалма, қапы қалма
B) Тал шағында бүкпесең, таяқ шағында иілмес
C) Біреу әзіл айтса, сен әділ айт
D) Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
E) Сыйлағанды сыйла, еңкейгенге еңкей

2. Мәтін мазмұнынан шығатын түйін
A) Бастамшылдық
B) Ысырапшылдық
C) Бауырмалдық
D) Ауызбіршілік
E) Адамгершілік

Жауаптары: 
1. D
2. D

Басқа материалдар:

  1. Астана және адамзат. Бейбітшілік пен келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтті
  2. Оқу сауаттылығынан мәтіндік тапсырма. «Отырар сазы» қазақ өнері аспанында
  3. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  4. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  5. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  6. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  7. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  8. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  9. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  10. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  12. Көркем троптар, олардың түрлері
  13. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  14. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  15. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  16. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ