Сағыздың зияны туралы білесіз бе?

0
1890
Иллюстрация: Freepik.com

Сағызға таңдау өте көп. Неше түрлі дәмде табуға болады, тәттісі, қышқылы, ащысы, жеміс-жидек дәмдерімен тағы басқа… ⠀

Күнделікті сағыз шайнау бәріміздің әдетімізге айналғаны рас. Оның пайдасы мен зияны туралы ойламайтынымыз рас.

1. Сағызды шайнап бастағанда шартты рефлекс бойынша асқазанға мидан «тамақ келеді» сигнал барып, асқазаннан қышқыл сөл бөлініп бастайды. Бірақ, асқазанға ешқандай тамақ бармауынан, қышқыл сөл асқазанның кілегей қабатын зақымдап, гастрит, эрозия, жара дамуына әкеледі. Сол себепті, сағызды ашқарынға шайнауға болмайды

2. Америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша, сағыз асқорыту процессін 19%-ға жеделдетеді екен. Ендеше, сағызды тамақ ішкеннен кейін пайдаланған дұрыс! ⠀

3. Құрамындағы химиялық қоспалар мен сағыз шайнау процессі кезінде бөлінетін сілекей тістің эмалын бұзады. Ал, шайнау кезіндегі механикалық әсері тіс пломбасын, коронка, мост дегендерді қозғап жібереді.

4. Сағыз шайнап бастағанда алғашқы минуттарда ол ауыз қуысымыздағы миллиондаған микробтарды өзіне жабыстырып алады екен, ал ұзақ уақыт үздіксіз шайнау кезінде, сол микробтарды ішімізге жұтып қояды. Сондықтан, сағызды 3-5 минуттан артық шайнамаған жөн! ⠀

5. Сағыз тісті тазаламайды. Ешбір стоматолог тамақ ішкеннен соң сағызбен ауыз қуысын тазалауға кеңес бермейді  Тіс щеткасы болмай жатса ауыз қуысын ең болмағанда сумен шаюға кеңес береді

6. Сағыз ауыздағы жағымсыз иісті азайтады, бірақ, ол УАҚЫТША ғана! Ауыздан шығатын жағымсыз иістің себебін анықтап, емдеу қажет! ⠀

7. Ғалымдардың пайымдауынша, сағыз шайнау кезінде адамдардың ойы шашыраңқы болып, есте сақтау қабілеті төмендейді екен.

8. Сағыздың құрамында зиянды зат бар!
Аспартам (тәтті дәм беруші зат) және глутамат (тағамдық қоспа, аминқышқылы) — бұлардың денсаулыққа, әсіресе дамып келе жатқан миға зиянды әсері көп!
Сол себепті, жүктілік кезінде және 4 жасқа дейінгі балалар мүлдем пайдаланбағаны жөн!

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ