Гастрит неден пайда болады?

0
1109
Иллюстрация: Freepik.com

Егер асқазан тұсында ауырсыну мазалап, аузыңыздан жағымсыз иіс шығып, жүрек айнып, тамақ қорыта алмай жүрсеңіз немесе қыжыл, кекіру көп байқалса, гастроэнтерологқа дереу қаралу керек.

Сізде гастрит болуы әбден мүмкін.

Ол асқазан кілегей қабығының қабынуы нәтижесінде қызметінің бұзылуы, асқынуы дегенді білдіреді. Статистикаға сенсек 80-90 % адам бір рет болсада гастритпен ауырған екен.

Ол неден пайда болады?

Тамақты уақытында ішпеу және дұрыс тамақтанбау, фастфуд (тез дайын болатын тағамдар) жеу, газдалған сусындар ішу, ретсіз сағыз тұтыну, және де қазіргі тағамдардың құрамындағы қоспалар… айта берсек көп. Осылардың барлығы гастритке әкеледі.

Гастритпен ауыратын адамдарға ішіп-жеуге болмайтын тағамдар:

— майлы тағамдар
— қуырылған тағамдар
— шоколад
— кофе
— газдалған сусын
— алкоголь — ащы, қышқыл тағамдар
— тәттілер

Тексеру шаралары:

ФЭГДС (фиброэзофагогастродуоденоскопия) өту қажет.

Қажет болған жағдайда келесі қосымша тексерулерден өту:

-іш қуысы мүшелерінің УЗИ тексеруі;

— қан анализдері

Ары қарай қойылған диагнозға сай дәрігер тағайындауымен ем алу керек

Ем әрине ең бірінші диетадан басталатынын ұмытпауымыз қажет.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. Сағыздың зияны туралы білесіз бе?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ