Кітап туралы қызықты мәліметтер

0
1420
— Баланы оқу-білімге үйрету 7 жасқа қарағанда 4-6 жасында оңайырақ жүреді.

— Ер адамдарға қарағанда әйелдер көп кітап (68%) сатып алады.

— Италиялық Рио Козелли ең іш пыстырарлық кітаптарды жинайды. Оның топтамасында 10 мың том кітап бар. Бір Италия ақыны кітабын сол жерден көріп, өз-өзіне қол жұмсауға шақ қалған.

— Әлемде кітаптардың жартысынан көбін 45 жастан асқандар сатып алады.

— Бір роман жазуға шамамен 500 сағат уақыт кетеді екен.

— Хормен кітап оқу марафонының ең ұзақ уақыты – 224 сағат.

— Ғылымда кітап ұрыларын – библиоклептоман деп атайды. Әлемге әйгілі библиоклептоман – Стивен Блумберг. Ол 270 кітапханадан 23 мың сирек кездесетін кітаптар ұрлаған. Топтамасының жалпы бағасы 20 миллион доллардан асады.

— Қазіргі заманғы ең танымал жазушы – Агата Кристи. Оның кітаптары әлі де әлемнің 50 тілінде баспадан шығып келеді. Осы күнге дейін Агата кітаптарының таралым саны 2 миллиардтан асты.

— Әлемдегі ең ауыр кітап – Ұлыбритания мұражайында сақталып тұрған XVII ғасырға тән географиялық карта. Оның бойы 1,9 метр; салмағы 320 киллограмм.

-Google әлемде жарық көрген барлық әдеби, ғылыми, публицистикалық шығармалар санын есептегенде олардың саны 130 миллионнан асқан.

— Минутына 2000 сөз оқыған Наполеон әлемдегі ең танымал кітап кейіпкері. Ол туралы 10 мыңнан астам түрлі жанрларда кітап жазылған.

— Дүниедегі ең ежелгі кітап біздің заманымызға дейінгі 3350 жылы жазылған. Бұл қолжазба оны тапқан Эмил Присс құрметіне «Присс папирусы» деп аталған. Авторы перғауынның уәзірі – Пта Готеп. Ол жастардың еріншектігін, жалқаулығын сынаған.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ