Құтты болсын, егемендік – азат күн!

0
1250
домбыра

Аталарым – қуғын-сүргін құрбаны,
Өр халқымның марқасқа бір ұлдары.
Сенің арқан, арың қан боп төгілген,
Көк байрақтың желбіреп те тұрғаны!

Сәкен, Ілияс, Бейімбеттей асылды,
«Қара құзғын» түрмеге сап жасырды.
Қорлық, зорлық көрсе-дағы сол ерлер,
Жақсы күнге жетуді ойлап, «аһ» ұрды.

«Ұлы халық» қай кезде де қақсатты,
Бер жағынан болып қана жақсы атты.
Ойы барды, білімдіні азайтып,
Сансыратты, орындап бұл мақсатты.

Бұл қазақтың Жүсіпбегі, Мағжаны,
Қайда кетті, Ахметі – қорғаны?..
Ұлыларды қайта-қайта жазғырып,
Көзін жойды, алыстатты арманын.

Халел, Жанша – Ақжайықтың ерлері,
Алашорда құру үшін терледі.
Көсемдердің алдына да жүгінді,
Шешен сөзде ешкімге дес бермеді.

Биік мақсат – өз алдына ел болу,
Қандай қиын қатарыңнан кем болу.
Зиялысы қазағымның аңсаған –
О, дариға! Терезесі тең болу.
Қандай едің еңіреген ер болу.

Еркек тоқты – шалынған бір құрбандық,
Қайрат, Ләззат – қандай еді, тұрған гүл!
Жас гүлдерді сабағынан солдырған,
Желтоқсанда тамырынан жұлған «дүр»!
Тәуелсіздік жолындағы құрбан мың!!!

Сол жастары армандаған – Азат күн,
Мандайына сия бергей қазақтын!
Сабақтасқан ұрпақтарың ұмытпай,
Мәнін ұқса, сендер көрген азаптың!

Қасиетті бабам күткен – азат күн! Азат күн!
Елім көркем, егемендік ғажапсың,
Халқым енді бодандықтан азатсың!
Келбетіңе кереметтей ғашықпын,
Тәуелсіздік туы болғай қазақтың!
Құтты болсын егемендік, азат күн!

Ақмаржан Бақытқызы, «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы
Желтоқсан, 20002 жыл

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материалдар: 

  1. Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі. Тәуелсіздік күніне сценарий
  2. «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты сценарий
  3. «Желтоқсанның мұзда жанған алауы». Тәуелсіздік күніне арналған сценарий
  4. Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты
  5. Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы
  6. 16 желтоқсан: Тәуелсіздік күні құтты болсын!
  7. «Егемендік елдігім-Тәуелсіздік теңдігім!» атты тәрбие сағаты
  8. 16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ — ҚАЗАҚСТАН» ЕРТЕҢГІЛІГІ
  9. Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік
  10. Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы (ашық тәрбие сағаты)
  11. «Желтоқсан шежіресі» атты конференция
  12. Желтоқсанда шындық жатыр шырылдап (сценарий)
  13. Тәуелсіздік туралы
  14. Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім!
  15. Азаттығым абыройым мен үшін!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ