Жадымызды сергек ұстаудың жолдары

0
569

Балалар, өскен сайын миымызды қалай сергек ұстауға болатынын білесіңдер ме? Ғалымдар миды қалай жақсы жұмыс істеткізуге болатынын зерттеп, адамның қимыл-қозғалысынан бастап күлімдеуіне дейінгі миды сергек ұстаудың қызықты жолдарын ұсынуда. Олар:

1. Қозғалыста болу, дене жаттығуларын жасау. Әрекетсіздік миға оттегінің жетіспеушілігін туғызады. Мамандардың айтуы бойынша аэробикалық жаттығулар мен ауыр жаттығулар пайдалы болып табылады. Сондықтан әрдайым қозғалыста болу керек.

2. Адам қартайған сайын нейрон деп аталатын жүйке жасушалары өзара байланысын жоғалтады. Бұл байланыстар (синапстар) адамның ойлану қабілетін нашарлатады. Зерттеулер бойынша жүйелі түрде жасалған жаттығулар кейбір психикалық аурулардың алдын алатынын көрсетеді. Тіпті есте сақтау қабілетін де қайта қалпына келтіретінін болжамдайды.

3. Миды жаттықтыру. Ми өз жұмысын отыз жастан кейін бәсеңдете бастайды. Миды «үйренуші аппарат» деп атайтын зерттеушілер миды жаттықтыру үшін жаттығулар жасау керектігін айтады. Мысылға: тіл үйрену, курстарға бару, өлең жаттау, кітап оқу, семинарға қатысу, семинар өткізу, белсенділікті артыратын жаңа үйірмелермен шұғылдану (мәселен: үстел теннисі), сөзжұмбақтар шешу, және т.б

4. Сабырлы болу. Дау-дамай, күйзелістер адамның ми жасушаларына өте зиянды болып табылады. Күйзеліс адамның үйрену және есте сақтау қабілетіне кері әсерін тигізеді. Одан бөлек адамның өмір суруге деген қызығушылығын шектейді. Әдетте дене шынықтыру денсаулыққа өте пайдалы болып, адамды тынышталдырады.

5. Миды тынықтыру. Ақыл-ойды тынықтырудың ең үлкен тәсілі – ұйқы болып табылады. Зерттеулер бойынша ұйқысы қанған адамдардың есепті екі есе оңай шығаратыны анықталған.

6. Күлімдеп жүру. Әзіл мидың дофамин (адамның қозғалысына, сезім, түйсігіне жауапты) бөлігін жақсартады. Күлу миді сергітеді.

7. Жаспен бірге жетілу. Ғалымдар білгірліктің неврологиялық тұрғыдан қалай жұмыс істейтінін анықтап, адамдардың жасы ұлғайған сайын миллиондаған әлеуметтік жағдайлар мен шындықтар адамның санасына жазылатынын, бұлардың көмегіне кез келген уақытта жүгіне алатынын, мәселені оңай шеше алатынын айтады. Неліктен жастарға қарағанда қарттар мәселені оңай шешеді дейтін болсақ, әрине олардың өмірден алған тәжірибесі мол болғандықтан ақыл-ой өрістері кең болып табылады.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ