Жастарға ауадай қажет 5 қабілет

0
1203
Иллюстрация: Freepik.com

ҰБТ тапсырып, грантқа бір ғажап мамандыққа түстің делік. Ал әлем күн сайын өзгеріп жатыр. Қызыл дипломға бітірген мамандығың ешкімге керек болмай қалса ше? Қазір тек жақсы оқып, стипендия алумен шектелмеу керек. Өмірге қажетті 5 қабілетті назарларыңа ұсынамыз:

1. Өзіндік тәртіп

Қазір жұмысты сырттай істейтіндер көп. Ірі компаниялар қазір офисте отыратындардан арылып, жұмысты сағатына қарай емес, нәтижесіне қарай төлеуге машықтанып жатыр. Сондықтан өз күніңді дұрыс жоспарлап, берілген тапсырмаларды уақытында үлгеруге бейімделу қажет. Жұмысты бітіруге өзіңді ынталандыру әдісін тапқан жөн.

2. Бейімділік

Қазір бәрі тез өзгеріп жатыр дедік. ҰБТ да, инстаграм да, электронды ЦОН да. Солардың бәрінен хабардар болып, тез қолдануға бейімделу керек. Жұрттың бәрі смартфонға үңіліп, бірдей ойлайтын зомбилік заманда, ерекше ойлай білетін, мәселенің басқаша қырынан қарай алатын адамдар жақсы бағаланады.

3. Эмоциялық парасат

Бұл дегеніміз — басқа адамдардың ниетін, сезімін, қалауларын бір қарап-ақ тани білу және өзіңнің қалауларыңды басқара білу. Мұндай адамдар өте сирек, сондықтан бұлардан лидерлер шығады. Мүлдем басқа саладағы адамдармен араласу, олардың таным деңгейін түсіну, оларға әсер ету, қиын сұрақтарға жауап іздеу — бәрі осымен байланысты.

4. Виртуалды байланыс

Қазір ірі компаниялар әлемнің түкпір-түкпірінен қызметкерлер жалдайды. Олармен қарым-қатынас интернет арқылы орнайды. Мұнда дұрыс сөйлесе білу, сауатты жазу, Skype, Google Docs қызметтерін тиімді пайдалана білу маңызды.

5. Жан-жақтылық

Иә, қазір тек бір маман иесі болу жеткіліксіз. Мысалы, инженерге биология және медицина саласын білу керек (биоинженер), программистке дизайнды білу керек (верстальщик, веб-дизайнер).

Басқа материалдар:

  1. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  2. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  12. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  13. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  14. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  15. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ