Адамды кейінге тартатын жаман әдеттер

0
1053
Иллюстрация: Freepik.com

1. Уәдеде тұрмау.

Көбің басқа біреуге уәде бергенде, сөзіңде тұрасыңдар. «Әйтпесе ұят болады» дейсіңдер. Бірақ өздеріңе келгенде, уәдені ұмыта саласыңдар.

Бір мотивейшн фильм немесе оқиға естіп, өзіңе түрлі уәде бересің. «Таңертең ерте тұрам, күнде жүгірем, аптасына 1 кітаптан оқим, дұрыс тамақтанам, ПП, денсаулығымды бақылайм, гитара курсына барам, ағылшынды 1 жылда upper intermediate жеткізем т.с.с» – деп 1045 рет өз-өзіңе сөз бересің.

Ең қызығы, 1-2 күннен кейін бәрі ұмытыла бастайды. Алдымен 1 рет сабақты өткізесің, сосын тағы 2-3 рет. Сосын уже етің үйреніп кетеді. Берген сөзің жайына қалады.

Бұл әдеттен құтылудың ең тиімді жолы – өзіңді әрдайым марапаттап, мақтап жүр. Мейлі ол кішкентай нәрсе болсын. Өзіңе сыйлық жаса.

Мысалы: Алдын ала шоколад сатып ал. Ас бөлмесіне қой. Таңертең 6.00 тұрам деп өзіңе уәде бер. Таңертең оянасың. Тамаша! Уәде орындалды. Дәл сол мезетте өзіңді марапатта. Ас бөлмедегі шоколадты же. Бірақ сосын қайта келіп, қорылдап жатпайсың ғой.

2. Оятқышты 6:00, 6:10, 6:20, 6:50, 7:00-ге қою.

Таныс жағдай ма? Егер осылай істейтің болсаң, күніңді жеңіліспен бастайсың. 6:00-да оянуды мақсат еттің, бірақ «тағы 10 минут ұйықтап алайынш» дедің. Сол күнгі алғашқы күресте жеңілдің. Одан да, атып тұрып, өзіңді марапаттаған әлде қайда жақсы.

Түске дейін ұйықтасаң, демалмайсың ғой. Керісінше басың ауырып, мең зең боп жүресің. Негізі, таңғы уақыттың берекесі бар. Ерте оянып, біраз тірлік бітіріп тастауға болады.

3. Ұйықтар алдын смартфон пайдалану.

Көбінің әдеті шығар, иә? Мен де сөйтемін . Мысалы, осы постты түннің бір уағында жазып отырмын. Ұйқы жоқ.

Бұл әдет денсаулыққа теріс әсер етеді. Смартфон экранынан шығатын көгілдір түс өте зиян. Мелатониннің пайда болуына кедергі келтіреді. Мелотонин – ұйқы гармоны ғой. Сосын ұйқысыздық сені мазалайды. Көзің нашарлайды. Семіздікпен ауыруың мүмкін.

Шешім: Ұйқыдан 1-2 сағат алдын смартфон қолдануды доғар. Кітап оқы. Кітап оқу – денсаулық пен дамуың үшін пайдалы.

4. Өткені үшін өзін айыптау.

Бәріміз кейде өткенге өкініп жатамыз. Ол дұрыс емес. Өзіңнің өткеніңді еске алып, өкінетін болсаң, болашағыңа әсер етеді. Сондықтан өзіңді айыптама. Кешіре біл. Қатесіз адам болмайды. Бәріміз пендеміз.

«Бүгінгі ақылым болғанда, кешегі қателерімді жасамас едім. Алайда кешегі қателерімді жасамағанда, бүгінгі ақылым болмас еді «,– деген бар.

Өткенге өкінбе. Соған кетіретін энергияңды болашақты ойлап жұмса. Өткен ол кетті. Өзгерте алмайсың. Ал, болашақты өзгерту өз қолыңда. Сәттілік!

5. «ИӘ» деп көп айту.

Болатынға да, болмайтын ұсынысқа келісе бересің. Біреу бірнәрсе істейік немесе көмектесші десе, «давай» деп кете бересің. Мейірімді СЕН оянады)) Саралауды, анализ жасауды білмейсің. Сосын, «мен неге істеп жатрмын мынаны» деп өзіңнен сұрайсың. Өкінесің.

Иә немесе жоқ деп жауап бермес бұрын ойлануың керек. Ол іс, ұсыныс саған керек пе? Құндылықтарыңа қайшы емес пе? Уақытың тығыз емес пе? Жалықтырып жібермей ме?

Бәрін ойластыр. Сүзгіден өткізуді үйрен. Бәріне ешқашан үлгере алмайсың ғой. Өзіңе  қажет нәрсемен айналыс.

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  12. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  13. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  14. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  15. ҰБТ-ға дайындықты ерте бастаудың артықшылықтары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ