Адамның тұлғасын жазуына қарап, таны

0
654
Иллюстрация: Freepik.com

Психологтардың айтуынша графологияның арқасында адамның жынысын, жасын, мінезін білуге болады. Қол қою туралы ғылым тіпті адамның көңіл-күйін анықтауға мүмкіндік береді екен.

Адамның тұлғасын тану үшін бірнеше кезеңнен өту керек. Ол үшін кез-келген адамнан әлденені жазуын өтініңіз. Ең алдымен әріптердің орналасуы мен өлшеміне назар аударыңыз. Тиянақты адамның жазуы ұсақ келеді.

Ал жазуы ірі адамдар ашық, аңқау, жұмсақ келеді. Әріптер бір біріне сығылысып жазылса — бұл адамның икемді екенін білдіреді. Көсіліп жазылған жазу ақжарқын адамға меңзейді. Жазуы түсініксіз адамдар құпия, тұйық келеді, сондай-ақ мұндай жазу эмоционалды дағдарыста жүргендерге тән.

Әріптер. Егер бас әріптердің өлшемі кішкентай әріптерден әжептәуір үлкен болса бұл адам өзіне де, өзгелерге де талапшыл деген сөз. Ал бас әріптердің өлшемі кішкентай әріптерден сәл ғана үлкен болса, бұл адам қарапайым. Каллиграфиялық жазумен басқалардың ықпалына көп түскен, өзіндік пікірі жоқ адамдар жазады. Егер жазулар солға қарай сәл еңкіш болса адамның өзімшілдігін білдіреді.

Ол адам үшін ең бірінші өзінің мүддесі мен қызығушылықтары тұрады. Өзгелердің пікірімен санаспайды. Ал әріптер оңға қарай еңкіш болса иесінің мақсатқа жұмыс істейтінін, амбициясы тау қопарарлық екенін білдіреді. Ал тік жазу адамның бірбеткейлігінен хабар береді.

Жолдар. Оптимист адамдардың жазуы қағаз беттерінде жоғары көтеріліп шығады. Олардың өзіне деген бағалары жоғары. Ал төменге қарай кеткен жазу, адамның тек жаман нәрселерді көретінін білдіреді. Ол адам көбінесе өзінің мүмкіндіктерін көре бермейді. Ал қалыпқа сыймайтын, жеңіл ойлы адам толқынды жазумен жазады. Ал тік, тура жазатын адамдар объективті, саралағыш келеді.

Егер адамның қойған қолы шиырланып келсе ол адам шығармашыл жан деген сөз. Ал құпия, тұйық адамның қолы қоршалып қойылады. Ал асты сызылған қолдар, қасына сызықша қойылған қолдар мықты адамдарға тән. Ал шимайланған қол адамда энергияның көп екенін білдіреді. Ал сіздің жазуыңыз қандай? Мінезіңіз ше?

Саяна СЕЙТҚОЖА

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  12. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  13. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  14. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  15. ҰБТ-ға дайындықты ерте бастаудың артықшылықтары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ