Астана және адамзат. Бейбітшілік пен келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтті

0
792
Иллюстрация: Freepik.com

Осынау қос ұғымның құстың қос қанатындай үн­дес­кеніне пә­лен­дей таңданудың қажеті жоқ-ау.

Қарт та­рихтың кер жолына қай­талай үңіл­сек, біздің эра­мыз­ға дейін де, одан бергі ғасырлар бе­дерінде де асыл бабаларымыз пенде атаулыны түр-түсіне, діни се­­німіне, мә­дениетіне қарай бөл­мепті. Және солай етем деу­ші­лер­­ге көнбепті. Жазира жеріміздің тө­­сінен дәс­түр­лі өз ді­німізбен қатар, будданың да пра­вос­лавие­­нің де ар­хео­­логиялық ар­те­фак­ті­ле­рінің арагідік та­бы­лып жа­туы соның бір кө­рі­нісі. Демек, адам­зат­тың бә­­рін бауы­рым деп кеудесіне қысқан кешегі әлем­­ге өр­ке­­­ниет жай­ған еңселі жұрт ұрпағының мынау зы­мы­ран дү­ниеде дәл осы ауанда да елдің алдына шығуы та­­­­биғи да желісті дүние.

2013 жылдан бері өткізіліп ке­ле жат­қан Әлемдік және дәс­түрлі діндер лидерлерінің съез­де­рі жалпы жарық дүниеге ша­па­ғатты сәулесін молынан тү­сі­ретін ғаламдық жиынға ай­нал­ды. Мұндай бағаны беріп отыр­ғандардың өзі сол әлемдік деңгейдегі саясаткерлер мен ірі дінбасылары. Адамзаттық ру­ха­ни-адамгершілік құн­ды­лық­тар­ды одан әрі нығайтуға, дін­дер мен мәдениеттер ара­сын­дағы өзара түсіністік пен кесім­ге деген қажеттіліктің бү­гін­гідей тіптен артып тұрған шағында Аста­на­дағы Бей­біт­шілік пен Келісім са­ра­йын­да Әлемдік және дәс­түр­лі дін­дер лидерлерінің V съезінің өтуі маңызы асқан шаруа дер едік. Оның жұмысына төрткүл дү­ниенің 42 елінен 80-нен ас­там делегациямен бірге небір атынан ат үркетін ше­тел­дік және халықаралық ұйым­ өкіл­дерінің, оның ішінде Бі­рік­кен Ұлттар Ұйы­мының Бас хат­шысы Пан Ги Мунның қаты­суы да біздің қа­дірімізді арт­ты­ра түссе керек.

– Әлемдік және дәстүрлі діндер ли­дер­ле­рінің V съезінің 130-дан астам этнос пен 40-қа тарта конфессия тату тір­шілік етіп жатқан Қа­зақ­станда өтуі тегіннен-тегін емес. Қа­зақ­станда адамдар келісімде, бір­лікте және әлеуметтік тұ­рақ­ты­лықта өмір сүріп жатыр. Бұл Қа­зақ­­станның өзіндік бір үлгіні қалып­тас­тыр­ған­ды­ғын дәлел­дей­ді. Бұл– барлық қоғамға, бар­лық мем­ле­кетке келе бе­ре­тін әм­бебап үлгі. Демек, көп ел Қа­зақ­станның жолы­мен жүруі тиіс деп санаймын, – деген Ф. Тайиаридің ай­туын­­ша, барша ел әлем­дегі зұ­лым­­дық­ты тоқтатуға бір­лесе күш са­луы тиіс. Дү­ниежүзілік буд­­­дис­тер қо­яғам­дастығы әлем­дегі кейбір елдерде орын алып жат­­қан зорлық-зом­бы­лық­тар­ға, се­нім мен мүдделердің қа­ра­ма-қай­шылығынан туын­даған қақ­тығыстарға үлкен алаң­дау­шы­лық танытуда. Енд­еше, бұл – нағыз бірлесе, топтаса әрекет ететін кезең. Себебі, бей­біт­ші­лік пен тұрақ­ты­лықты қам­та­ма­сыз ету үшін жұ­мыла кіріс­пе­сек, әлемнен өз­герістерді кү­ту­ге болмайды.

Дәстүрлі басқосуда сөз ал­ған шешендер пікірлерінің түп төр­­кіні, сайып келгенде, әле­м­нің әр түкпірінде діннің атын жа­мылып өз­дерінің жымысқы сая­саттарын жүзеге асырып отыр­ған түрлі ағым­дар мен ұйым­дарға қарсы ымыра­сыз­дық­пен күреске жа­һан­дық дең­гей­де ат­са­лы­суға, бейбітшілік пен ізгілік, ки­кіл­­жің мен түсі­ніс­пеу­ші­лік­ке душар болған тараптарды өз­ара үн­қатысуға шақыруға, эт­­ностық, тілдік, діни және мә­де­ни айыр­машылықтарға қара­мас­­тан толеранттық тізгінін бе­­кем ұстауға толағай то­ғыс­ты. Бұл ретте, сөз жоқ, Қазақ елін­­де қалыптасқан тұрақ­ты­лық пен келісімнің жарқын үл­гі­сін, яғни адамдардың бір-бірі­мен бей­біт­шілікте және рухани келісімде ғұмыр кешуі­нің қазақ­стандық жолын темір­қа­зық ұстанамыз деп тарасты.

1. Съезде сөз алғандардың пікірлері неге түйісті?
A) Съезд бағдарламасына толықтырулар қосуға
B) Толераннық тізгінді бекем ұстауға
C) Үлкен саяси мәселелерді қадағалауға
D) Әлемдік мәдениетке үлес қосуға
E) Экология мәселесін көтеруге

2. Мәтін стилін анықтаңыз
A) Көркем әдебиет
B) Ғылыми
C) Ісқағаздар
D) Публисцистикалық
E) Ауызекі сөйлеу

3. «Қазақстан – тұрақтылық үлгісі» деген пікірдің иесі
A) Мұсылмандық қауымдастық өкілі
B) БҰҰ-ның бас хатшысы
C) Православие өкілі
D) Иудаизм өкілі
E) Буддасистер қоғамдастығының Бас хатшысы

4. Буддаистер қоғамдастығы Бас хатшысының пікірінше съездің Қазақстанда өткізу себебі
A) Қазақстан географиялық тұрғыдан қолайлы орналасқандықтан
B) Қазақстан дамушы мемлекет болғандықтан
C) Қазақтан экономикалық тұрғыдан тиімді болғандықтан
D) Қазақстанда бірнеше этнос пен конфессия өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі
E) Қазақстанның мәдени мұрасы бай болғандықтан

5. Съезге «Шапағатты сәулесін мол төгетін ғаламдық жиын» деп баға бергендер
A) Халықаралық ұйым өкілдері
B) Белгілі саясаткерлер мен атақты әншілер
C) Әлемдік деңгейдегі саясаткерлер мен дін басшылығы
D) Шетелдік ұйым өкілдері
E) БҰҰ бас хатшысы

6. Мәтін мазмұнына қатысты дұрыс нұсқа
1. Қазақстан. Астана. Тұңғыш президент мұражайы.
2. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне 42 елден 80-нен астам делегация қатысты.
3. Қазақстанда 130-дан астам этнос пен 40-қа тарта конфессия тату өмір сүруде.
A) тек 3
B) 1,2
C) 1,3
D) 1,2,3
E) 2,3

Жауаптары: 

1. B
2. D
3. E
4. D
5. C
6. E

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  12. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  13. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  14. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ