Қазақ әдебиетінен ҰБТ-ға дайындалушылардың топ-5 қателігі

0
1012
Иллюстрация: Freepik.com

1. Материал жинауға тым көп уақыт кетіру. Қазақ әдебиеті таңдау пәнінің басқа пәндерге қарағанда үлкен айырмашылығы – дайындыққа керек әдебиет көлемі үлкен. Соған байланысты көптеген оқушылар «Дайындығыма керек барлық материалды (оқулық, тестер, хрестоматиялар) жианап алайын, сосын дайындықты бастаймын» деп қателеседі. Қазақ әдебиетінен дайындыққа керек оқулықтар мен тест нұсқаларын жинап та бітпейсің, бітсең де дайындалып үлгермейсің. Сондықтан, қолыңда бар материалмен жұмыс істей баста.

2. Бір тақырыпты біржола бітіріп тастау қалауы. Бұл да бірінші пунктің жалғасы іспеттес. 5-11 сынып аралығындағы барлық оқулықтардың ішінде «Абай Құнанбайұлы» тақырыбын алып, солардағы барлық мәліметтерді жаттап шығамын деп, сол беті ештеңе де жаттамауың мүмкін. Себебі, барлық оқулықтың басын қосу, тіпті оларды мектепке де алып жүру қиын. Сондықтан,бір тақырыпқа тіреліп қалмау. Мысалы, 5-сыныптағы барлық тақырыптарды конспектілеп шығасың да, келесі сыныптың оқулығын оқығанда алдындағы конспектіні толықтыра саласың, жаңа тақырыптардың конспектін жазасың.

3. Оқыған кітаптарыңа аннотация жазбау. ҰБТ-ға уақыт жеткілікті деп ойлаған уақытыңда әр түрлі тесте сұрақ алынуы мүмкін кітаптарды оқисың. Сол кезде сол кітаптың қысқаша мазмұны мен кейіпкерлері жайлы мәліметті қағазға түсірмесең, кітап оқуға кеткен алтын сағаттарың бекер кетті дей бер. Себебі, ертең ҰБТ-да сол кітаптан сұрақ алынса, сен оған жауап бере алмасаң, аннотациясын жазбай кітап оқу – қателік емей, немене?

4. Байқау тестеріндегі аз балыңды әдебиеттіің қиындығына жабу. Жалпы, сенің сәттілігіңе де, сәтсіздігіңе сен ғана жауап бересің. Иә, қазақ әдебиеті қиын, бірақ бұл оқымауға және төмен балыңның себебін таңдау пәнінен көруге себеп болмау керек. Бүгіннен бастап, өз нәтижелерің үшін жауапкершілікті өзіңе ал. Аздан болса да күнде қазақ әдебиетін оқып, жыл соңында әдебиет білгіші бол.

5. Дайындықты кейінге шегеру. «Оңай» пәндерді оқып, тез нәтиже көруге тырыссаң, қазақ әдебиеті кейінге шегеріле беруі мүмкін. Әрине, біз бәріміз нәтижесі тез көрінетін іс-әрекеттерді, мақсаттарды жақсы көреміз. Бірақ өз сүйікті мамандығыңа грантқа оқуға түсуден уақытың мен миыңды аяйсың ба?

Қазақ әдебиеті таңдау пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық – сенің мінезіңді сынайтын, дисциплинаңды талап ететін, жігеріңді қайрайтын біраз күш керек іс-әрекет. Егер сен осы іс-әрекетті шебер орындасаң, жеңістің дәмі аузыңнан ұзақ кетпесі анық. Әрі университетке оқуға түскенде де оқу саған өте жеңіл болады.

Басқа материалдар:

  1. Помодоро әдісі және оның пайдасы
  2. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  3. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  4. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  5. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  6. SMM маманы деген кім?
  7. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  8. Web-дизайнер деген кім?
  9. Таргетологтың қызметі қандай?
  10. Контекстолог деген кім
  11. Копирайтер деген қандай мамандық?
  12. Контекстолог деген кім?
  13. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  14. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  15. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  16. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  17. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ