Жылдам оқу туралы 5 кеңес

0
1432
Иллюстрация: Freepik.com

Осы дағдыны меңгеруге бірінші қадам — Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс кітап» кітабынан үзіндіні оқуға кеңес береміз:

Көптеген танымал тұлғалар жылдам оқудың техникасын қалыптастыруға талпынған. Мəселен, француз жазушысы Оноре де Бальзак өзінің əдісі туралы былай депті: «Бір қарағанда, көзіммен 7-8 жолды іліп алып, оның мағынасын санам көз жылдамдығына пара-пар жылдамдықпен қабылдайтын. Жалғыз бір сөздің арқасында бүкіл сөйлемнің мағынасын жиі ұғып алатынмын». Бальзак жарты сағатта қалыңдығы орташа романды еркін сіміріп алатын болған деген пікір бар. Наполеон Бонапарт минутына 2000 сөз оқыды деген де аңыз бар.

Кітаптың саны үшін оқуды дұрыс деп санамаймын, ұнайтын кітапты оқып, оқығанды тоқып, пайдасын іс жүзінде тексерген дұрыс деп ойлаймын. Десе де, жылдам оқудың құпиясына қатысты сұрақтың орынды екенін мойындаймын. Өзім жылдам оқуды мақсат тұтпасам да, бір жерде АҚШ-тың ең жас президенттерінің бірі Теодор Рузвельттің осы бойынша кеңестерін оқыған едім. Кей кездері оны қолданатыным бар, мойындау керек, көмектеседі.

Теодор Рузвельттің қандай президент болғанын Интернеттен тауып оқып аларсыздар, осы жерде алдымен оның қандай оқырман болғанына тоқталайын. Сақта лған деректер мен естеліктерге сүйенсек, жұмысы көп болғанына қарамастан, ол таңғы асқа дейін бір
кітап, кеште тағы бір-екі кітап оқыпүлгеретін болған екен. Шет тіліндегі əдебиетті де осылай жылдам оқыпты. Бір минутта екі-үш бет оқып, оқығанын есте жақсы сақтай біліпті.

Тағы да бірнеше кеңес ұсынамыз:

1. Мəтінді оқығанда, оны іштей оқуды ұмыту керек. Бұл əдет бізде жас кезімізде, енді оқып үйреніп жатқанда жəне əрбір сөзді дауыстап оқығанда қалыптасады екен. Кейбір адамдар оқығанда балалық шағындағыдай ернімен жыбырлауды да қалдыр- майды. Көп оқырманның оқып жатқан мəтінді іштей қайталау əдеті ешқайда жоғалмайды. Сөздерді ойда айтуды субвокализация дейді жəне ол оқу барысын қатты тежеуі мүмкін. Оның жылдамдығы, əдетте, кəдімгі сөйлегендегіміздің жылдамдығымен бірдей. Əрбір сөзді ойда оқудан арылуға болады, ол үшін сөзді дыбыстық танудан оның визуальды
бейнесін тануға ауысу керек. Егерде болмай жатса, онда кітап оқып жатқан сəтте ойда санап немесе «а-е-и-о-у» дауыс- ты дыбыстардың ретін іштей айта бастаған дұрыс. Осының арқасында мəтінді ауызбен емес, көзбен оқып үйренесіз жəне оқу жылдамдығыңыз артады.

2. Оқып кеткен жерге оралмау. Көп адам оқып кет- кен жолды немесе сөздерді қайталап оқиды. Көп жағдайда олар бұны бейсаналы түрде жасайды. Бұл əдеттен сұқ саусақтың көмегімен арылуға болады: сұқ саусақпен оны алмай, жол бойымен жүргізіп отыру керек. Сонда көз саусақтың ізімен қозғалып, оқылған сөйлемдерге қайтып
оралмайды. Саусақпен сіз оқығаннан гөрі жылдамырақ жүргізген абзал.

3. Оқу барысында бір сөзден екіншіге көшпей, көзбен бір топ сөзді қамтып оқу керек. Бұл дағдыны перифериялық көруді жаттықтыру арқылы қалып- тастыруға болады. Ол үшін екі параллель сызықпен парақ үш бөлікке бөлінеді, сызықтар арасындағы қашықтық шамамен жеті сантиметр болуы керек. Оқыған кезде сызықтар арасындағы
сөздерге ғана қарап, перифериялық көрумен олардың сыртындағы
мəтінді қамтуға тырысу керек.

4. Диагональмен оқу. Бұл əдістің мəні мынада: бірінші жол толығымен əдеттегідей оқылады, екінші жолды оқығанда, көзбен бірінші жолдың соңынан үшінші жолдың басына жылжу керек. Бірте-бірте диагональ нүктелері арасындағы интервал өсе береді, мəселен, бес жолға дейін жетуі мүмкін.

5. Қарап шығу немесе үстірт оқу. Кез келген мəтінде оның мағынасын ашатын негізгі сөздер бар. Бас на- зарды соларға аударып, қалғанын көз жүгіртіп қарай салуға болады. Салмақты ой, тұщымды пікірге кідіріп, қызметтік сөздер мен канцеляризмдерді өткізе салса артық етпейді. Мазмұнымен алдын ала танысып алу кітапта не туралы
айтылатынын анықтап, мəтінді жақсырақ қабылдауға мүмкіндік береді.

Кітапты жылдам оқу уақыт үнемдеумен байланысты болса, онда оның ең тиімді тəсілі – кітаптың мазмұнымен танысып, түкке жарамайтынына көзің жетсе, оны оқудан бас тарту.

Басқа материалдар:

  1. Помодоро әдісі және оның пайдасы
  2. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  3. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  4. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  5. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  6. SMM маманы деген кім?
  7. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  8. Web-дизайнер деген кім?
  9. Таргетологтың қызметі қандай?
  10. Контекстолог деген кім
  11. Копирайтер деген қандай мамандық?
  12. Контекстолог деген кім?
  13. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  14. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  15. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  16. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  17. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ