Әбіш Кекілбаевтың нақыл сөздері

0
2673
Әбіш Кекілбаев

 Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткерінің даналық сөздерін назарларыңызға ұсынамыз:

Өмір құбылыстарына психологтің көзімен қарайтын адам ең алдымен сол құбылыстың барша озығыны мен тозығынын, кемелдігі мен келеңсіздігін көре білетін кейіпкерді табуы, тануы қажет.

***

Жазушының, ақынның қоғамдық болмыстың тұңғиығына да, асқарына да бірдей ұмтылған өзгеше еңбегінің жалғыз-ақ өлшемі бар. Ол – оның адам жүрегіне қаншалықты жақындай алғаны.

***

Өткенге әртүрлі қарауға болады. Өткенге өскенді дәлелдеп қарау бар да, өшкенді дәлелдеп қарау бар. «Тарихқа өткенде мынандай керемет едік» деп қарайтын көз ұлтшылдықтың сырқаты. Ал, енді өткеннің бәрін қу тақырға жорып, қуратып қоятын бір көзқарас тағы бар. Ол адамзаттың ежелгі тарихын айналасы бес-алты ұлттың еншісіне беріп, өзгені шөміштен қысатын шовинистердің жанына майдай жағады. Тарихқа деген шын көзқарасқа бұлардың екеуі де атымен жат.

***

Өнерде шәкірттік сезімін жоғалтқан адам ұстаз бола алмайды

**
Тарих қанмен жазылып қанмен түзетіледі.

***

Өмір бойы алысып-жұлысып жүріп пысықайлықпен табылатын өтірік даңқ араға жыл түспей жатып, көшкен жұрттағы күл төккен төмпектей жермен-жексен шөгіп, жұтап шыға келеді.

***

Өмір сүйген ақын азаматтық ақтық демі таусылар сәттің өзін әзірейіл көргендей шошына суреттеп, күңірене күйзелмей, қаншалықты қаншалықты парасатты бейнелейді. Бұл құбылыс – оның дара таланты.

***

Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ.

**

Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтан да оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес.

***

Мақтау мен масаттану — даусыз мойындаудың күнгей беті де, күндеу мен қызғаныш — көлеңке беті.

***

Заманға таң қалма − адамға таң қал.

**

Шын азаматтық бақыт пен шын азаматтық қасірет, ең алдымен, өмірлік проблеманың қалай шешілгеніне байланысты.

***

Өнерде шəкірттік сезімін ұмытқан адам – ұстаз да бола алмайды.

****
Ақын үшін ең зымыран тұңғиық та — жүрек, ең шырқау биік те — жүрек.

***
Жалпақ əлемді аузыңа қарату үшін − рухани ерлік керек, жалпақ əлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін − рухани байлық керек.

***

Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр ғой. Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. Бәрібір ең ұлы жаңалық — жазу. Одан асқан жаңалық болған емес. Жазудың ойлап табылуы мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу Адам нәсілін ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде Ғылым, Дін, Мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді.

***

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана.

***

Әдебиеттің міндеті — сергелдең жүректі басу, бейқам жүректі ояту.

***

Сенбегеннен қиянат көргеннен − сеніп тұрып қиянат көрген жаман.

***

Адам аң да болып өмір сүре алады.

***

Намыс — көздің де, көңілдің де томағасын алады.

***

Кешегілердің еңбегін елемесек, бүгінгіміздің көңіліне қарамасақ − ертеңгілерді қайдан қарық қыламыз?!

***

Маңдай ашылу үшін тәуекелді талап керек.
Тәуекелсіз қауым – тәуелсіз бола алмайды, алауыз қауым — азат бола алмайды.

****

Өзіне сенбейтін кісі төңірегіндегілердің бойынан ешқандай жақсы сипат, жақсы қасиет көрмейді.

**

Көңіл сабасына түспей − өмір сабасына түспейді.

Басқа материалдар:

  1. Харланд Дэвид Сандерс өмірінен дерек
  2. Ингеборга Моотстың бизнестегі жетістігі
  3. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  4. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  5. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  6. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  7. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  8. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  9. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  10. SMM маманы деген кім?
  11. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  12. Web-дизайнер деген кім?
  13. Рэймонд Альберт Кроктың бизнестегі жетістігі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ