ҰБТ-да қазақ әдебиетінен кездесуі мүмкін сұрақтар жауабымен

0
2180
Иллюстрация: Freepik.com

Б.Майлин дәріс алған татар мұғалімінің есімін анықтаңыз.
Әбдірахман Сатыбалдин.

Б.Майлиннің «Айранбайы» қандай әңгіме екенін белгілеңіз.
Терең психологиялық.

Б.Майлиннің 1916 жыл оқиғасына арналып жазылған поэмасын көрсетіңіз.
«Кемпірдің ертегісі».

Б.Майлиннің өлеңін табыңыз.
«Мұсылмандық белгісі».

Б.Майлиннің шығармаларындағы ұнамды қаһарманды көрсетіңіз.
Қақ-соқпен ісі жоқ, момын, еңбекші, адал да аңқау жан.

Б.Майлинің «Шұғаның белгісі» повесіндегі оқиғаның куәгері, әңгімелеп айтушы адамды табыңыз.
 Қасымжан.

Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі: «Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай да бақыт жоқ» деген жолдарды айтқан адамды табыңыз.
Ана.

Бақтығұл мен Тектіғұл Әуезовтің қай шығармасының кейіпкерлері екенін анықтаңыз.
«Қараш-қараш оқиғасы».

Бала туған күні айтылатын өлеңдер қалай аталатынын белгілеңіз.
Шілдехана өлеңдері.

Балдағы алтын кұрыш болат, Ашылып шапсам дем тартар, Сусыным қанға қанар деп. Үзіндіде көркемдегіш құралдың қай түрі кездесетінін табыңыз. (Қазтуған жырау)
Эпитет.

Балуан Шолақтың шын атын анықтаңыз.
Нұрмағамбет.

Басты қаһарманы Ораз-Мұхаммед тағдырымен байланыстырыла, XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың бас кезіндегі оқиғалар қай романда суреттелгенін табыңыз.
М.Мағауин «Аласапыран».

Батыр Кебекке алғаш рет бал ашқан адамды атаңыз.
Нысан абыз.

Ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай, Балығы тайдай тулаған. Үзіндідегі асты сызылған сөздердің көркемдегіш құралдың қай түріне жататынын анықтаңыз.
Теңеу.

Бөрідей жұрт ұсылып, Айқаймен жаға жыртысып, Өкірген үнін өшіртіп, жылаған көзден жас өрер, — деген үзінді алынған жырды белгілеңіз.
«Алып-Ер Тұңғаны жоқтау».

Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңіндегі ой қорытындысын табыңыз.
Ел бірлігі.

Гогольдің «Ревизор», Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсау» пьесаларын аударған жазушыны белгілеңіз.
М.Әуезов.

Ғ.Мұстафин сомдаған жағымсыз кейіпкерлерді табыңыз.
Әлібек, Шәкен.

Ғ.Мұстафин стиліне тән қасиетті белгілеңіз.
Қаһарманның көңіл-күйін қимыл-әрекет, мінез-құлқы арқылы көрсетеді.

Ғ.Мұстафиннің ауылшаруашылығына арналған шығармасын анықтаңыз.
«Шығанақ».

Ғ.Мұстафиннің ғұмырнамалық романын анықтаңыз.
 «Көз көрген».

Ғ.Мұстафиннің кай шығармасында Аман, Шәкен, Таймас, Жақып, Мақаш деген кейіпкерлер кездесетінін анықтаңыз.
«Дауылдан кейін».

Ғ.Мұстафиннің өзі жақсы білетін ауыл өмірін баяндаған тұңғыш кітабын табыңыз.
«Ер Шойын».

Ғ.Мұстафиннің тұңғыш кітабын табыңыз.
«Ер Шойын».

Ғ.Мүсірепов шығармасын табыңыз.
 «Жат қолында».

Ғ.Мүсіреповтың 1932 жылғы ауыр шындықты астарлап жеткізген шығармасын табыңыз.
«Шұғыла».

Ғ.Мүсіреповтың екі түрлі өмірді, екі түрлі сезімді басынан кешіргенін тебірене баяндайтын шығармасын белгіленіз.
«Қос Шалқар».

Ғ.Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесіндегі кейіпкерді табыңыз.
 Наталья.

Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейнесінің» бас кейіпкерінің прототипін белгілеңіз.
С.Сейфуллин.

Ғ.Мүсіреповтің «Тулаған толқынында» бейнеленетін бір оқиғаны көрсетіңіз.
1916 ж. дүрбелең кезіндегі ауыл тірлігі.

Ғ.Мүсіреповтің тұңғыш көлемді шығармасын табыңыз.
«Тулаған толқында»

Ғалымдардың көне түрік жазуларына берген атауын анықтаңыз.
Руна жазуы.

Дем алысы — үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң — қыс келіп әлек салды (Абай), — деген өлең жолдарынан метафораны табыңыз.
Кәрі құдаң.

Абай жолы» романында Тәкежанның баласы Мақұлбай қайтыс болғанда Абай жоқтау айтқызған адамның есімін көрсетіңіз.
Әйгерім.

«Абай жолы» романындағы Абай жақсы көрген ойын атын белгілеңіз.
Тоғызқұмалақ.

«Абай жолы» эпопеясындағы Дәркембайдың кім екендігін көрсетініз.
Кедей жатақ.

«Ақ көйлек» — әнші-ақындардың қайсысының өлеңі екенін табыңыз.
Ақан сері.

«Ақан сері — Ақтоқты» трагедиясының авторын табыңыз.
Ғ.Мүсірепов.

«Ақын өлімі туралы аңыз» кімге арналған, дұрысын табыңыз.
А.Жұмағалиев.

«Аласыз қара көзі айнадайын» деген жолдағы тіл айшығын табыңыз.
Теңеу.

«Ботагөз» романындағы Амантай қандай кейіпкер екенін көрсетіңіз.
Батыл, ержүрек.

«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады», — деп бастап, тән құмары мен жан құмарын көрсететін Абайдың нешінші қара сөзі екенін табыңыз.
Жетінші.

«Жүзі құбыла, сөзі құран Шұғамның, Бір Шұға үшін жанды құрбан қыламын, » — деген Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі үзіндінің кімнің аузынан айтылғандығын табыңыз.
Әбдірахманның.

«Қамар сұлу» романындағы Бәйтік молда, Көкілбай бақсы — қандай адамдар екенін белгілеңіз.
Дін иелері.

«Қансонар» деген сөздің мағынасын белгілеңіз.
Жер бетіне ең алғаш қар түскен шақ.

«Қыз Жібек» жырында ғашықтарға қастандық етуші қай кейіпкер екенін анықтаңыз.
Бекежан.

«Майдан етіп бүние төрін, Темір, болат қақтап отқа, Жекпе-жек кеп өмір, өлім, Соққыласып жатқан жоқ па? «- деген үзінді Қасым Аманжоловтың қай поэмасынан алынған белгілеңіз.
«Ақын өлімі туралы аңыз».

«Оғыз Қаған» жырындағы Оғыздың ақылшысы кім екенін белгілеңіз.
Ұлы Түрік.

«Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді. Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін, «-деген сездерді айтқан зерттеушіні белгілеңіз.
Г.Потанин.

«Өмір сүргім келеді» деп аталатын шығарманың авторы кім екенін белгілеңіз.
Б.Бұлқышев.

«Серке» газетіне «Арғын» деген бүркеншік атпен «Біздің мақсатымыз» атты мақала жазған жазушыны анықтаңыз.
М. Дулатов.

«Толағай» ертегісіндегі Толағайдың анасын белгілеңіз
Айсұлу.

«Халық поэзиясының алыбы, XX ғасырдын Гомері» деп бағаланған ақынды белгілеңіз.
Ж.Жабаев.

«Ш.Уәлиханов» пьесасы (С.Мұқанов) қай жылы сахнаға қойылғанын табыңыз.
1954ж.

… Бет ажырын қарасаң, Жазғы түскен сағымдай. Ет ажарын қарасаң, Терісінен айырған, Арпа-бидай ақ ұндай, Кірпігі оқтай тізілген…- үзінді қай батырлар жырынан алынғанын анықтаңыз.
«Ер Тарғын».

… Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Туған елім болса екен бақытты!…- деген өлең жолдары Мұқағали ақынның қай өлеңінен алынғанын табыңыз.
«Елім барда».

… Тоқсыртып кәрі аршаны от маздатқан, Шал үйін сағынушы ек біз ерекше… (І.Жансүгіров «Күй»). Осындағы «тоқсыртып» сөзінің мағынасын табыңыз.
Оттағы отынды шашыратпай, ысырып жию.

… Іздеймін тағат бар ма? Сені іздедім, маған егіз ғып жаратқан ба? … — деп Мұқағали ақын нені іздейтінін табыңыз.
Поэзияны.

„Сенің қайғыңнан өлемін», — деп, батырды сүйетінін алғашқы боп өзі мойындаған ару қызды табыңыз.
Ақжүніс.

«…Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады», — дейтін Ыбырай әңгімелерінің қай кейіпкері, белгілеңіз.
Атымтай Жомарт.

«Адамнан адам озар немен артып, Бұл сөзді ақылға сал, кірге тартып …» — деген тармақтардың авторын табыңыз.
Ш.Құдайбердиев.

«Адамнан есті жануар» деп ардақталатын, мыстанның арам пиғылын батырдан бұрын сезетін тұлпарды табыңыз.
Шұбат ат.

«Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршын сұлуды зорлық етіп, алмақшы болған батырды табыңыз.
Қараман.

«Арғымақтар», «Қыз қуу» өлеңдерінің авторын табыңыз.
О.Сүлейменов.

«Ауылдан абақты жақсы», — дейтін М.Әуезовтің бала кейіпкерін табыңыз.
Сейіт.

«Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды» деген арнаулы мақаланы жазған кім екенін анықтаңыз.
Сәкен Сейфуллин.

«Би бол, би болмасаң да, би түсетіндей үй бол» дегенде түсінік беріңіз.
Әйелің жақсы болсын дегені.

«Боран», «Шырағың сөнбесін» романдарының авторын табыңыз.
Т.Ахтанов.

«Гәкку», «Мақпал», «Маңмаңгер» өлендерінің авторын белгілеңіз.
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы.

«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерінің авторын табыңыз.
Жамбыл Жабаев.

«Индия очерктері» мен «Америка әсерлері» қай қаламгердің туындысы екенін белгілеңіз.
М.Әуезов.

«Кедей қызы, дер шағында оқуға түскен. Тұлғасында, мінезінде кісі боларлық белгілер бар. Олай болса, түбінде бұдан әлеуметтік адам шығуында сөз жоқ», — деген сөздердің қай кейіпкерге арналғанын табыңыз.
Ботагөзге.

«Көктем таңы», «Жаңа дәптер», «Ескерткіш» жыр кітаптарының авторын табыңыз.
Т.Молдағалиев.

«Күлмеген адам», «Құлаған құз» әңімелерінің авторын табыңыз.
Ғ.Мұстафин.

«Күлтегін» жыры қашалып жазылған тас табылған өзенді анықтаңыз.
Орхон өзені.

«Күн-күйеу, жер-қалыңдық сағынышты, Құмары екеуінің сонбай күшті», — деген Абайдың өлең жолдарындағы бейнелеу құралын көрсетіңіз.
Метафора

«Қазақ солдаты» романының кейіпкерін табыңыз.
Самед.

«Қараш-Қараш оқиғасы» атты туындының авторын табыңыз.
М.Әуезов.

«Қартқожа» романында (Ж.Аймауытов) бейнеленген тарихқа белгілі адамды табыңыз.
С.Торайғыров.

«Қобыланды батыр» жырындағы Ноғайлының жерін, Сырлы, Қырлы қалаларын тартып алған батырды көрсетіңіз.
Қазан.

«Қызыл жебе», «Жетім қыз» шығармаларының авторын табыңыз.
Ш.Мұртаза.

«Қыранымын сары сайран даланың, Қос қанатым — алтын Алтай, Оралым». М.Жұмабаев өлеңінен алынған үзіндіде қандай бейнелеуіш құрал бар екенін табыңыз.
Метафора.

«Мен-казақпын» поэмасының авторын табыңыз.
Ж.Молдағалиев.

«Миллионер» повесінің авторын атаңыз.
Ғ.Мұстафин.

«Оқыған» деген атпен берілетін толғау сөздерінің Ж.Аймауытовтың қай шығармасында кездесетіндігін табыңыз.
«Ел қорғаны».

«Отаның болсын жантақтан, Қатының болсын қалмақтан, Қонысың болсын қазақтан,» — деген жолдардың авторын табыңыз.
Бұқар.

«Раушан — ел ішіндегі күң әйелдердің арасынан шыққан көсем» деген пікірдің иесін табыңыз.
Мәриям.

«Суреттер және көрдім жүзі жарқын, Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын!» тармақтарының астарында ненің негізделгендігін анықтаңыз.
Зілді кекесін.

«Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?» деген аңыз әңгіменің кейіпкерін табыңыз.
Жиренше.

«Сыр сандық» өлеңінің авторын белгілеңіз.
С.Сейфуллин.

«Түркі Шахнамасы» атаған орта ғасырдағы түркі әдебиетінің үлгісін белгілеңіз.
Ж.Баласағұни «Құтты білік».

«Түркістан» өлеңінің автрорын табыңыз.
М.Жұмабаев.

«Шығыстан сызылып таң келеді. Мен немісті өлтіруге жөнелдім», — деп жазған Шығыс ұлы кім екенін табыңыз.
Б.Бұлқышев.

«Шыңырау» повесіндегі бас кейіпкерді табыңыз
Еңсеп.

1881 жылы Жамбыл қай ақынмен айтысып, жеңіске жеткенін белгілеңіз.
Құлмамбет.

1910 жылы жарық көрген тұңғыш қазақ романның авторын белгілеңіз.
М.Дулатов.

1912 жылы Сұлтанмахмұт Троицкіге не мақсатпен келетінін белгілеңіз.
Оқуға.

1916 жылғы көтеріліске арнап Жамбыл қандай өлең жазғанын белгілеңіз.
«Зілді бұйрық».

1936, 1938, 1939 жылдары қатарынан үш ірі орденмен наградталған ақынды белгелеңіз.
Ж.Жабаев.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ-да қазақ әдебиетінен келу ықтималдылығы жоғары сұрақтардың жауабы
  2. Қазақ тілі мен әдебиетін таңдаған түлек оқуы тиіс кітаптар сілтемесімен
  3. Қазақ тілі мен әдебиетін таңдаған түлектерге 10 кеңес
  4. Көркем троптар, олардың түрлері
  5. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  6. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  7. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  8. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  9. ҰБТ-ға дайындықты ерте бастаудың артықшылықтары
  10. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ