Қазақ тілі мен әдебиетін таңдаған түлек оқуы тиіс кітаптар сілтемесімен

0
823
Freepik.com

1. Б.Майлин «Шұғаның белгісі» повесті.
http://old.abai.kz/post/7483 осы сілтеме арқылы онлайн оқи аласыңдар. Қысқа болғанымен қазақ әдебиетінен ойып орын алатын шығарма, кейіпкерлерін жақсылап есте сақтап алуға тырыс!
Және: «Мырқымбай»
«Қара шелек»
«Айранбай» сынды қысқаша әңгімелерін міндетті түрде оқы.

2.Ж.Аймауытов «Ақбілек» . Оқулықта берілген үзіндіні оқыған жетеді десең өз еркің. Ең дұрыс нұсқасы кітапханадан кітабын алып, толық оқу. Сюжеті өте қызықты, беретін дүниесі мол, Жүсіпбек Аймауытовтың басқа шығармаларынан шоқтығы биік тұратын, әйел теңдігі тақырыбындағы әйелдің жеңіске жетуімен аяқталатын аз романның бірі де бірегейі.
https://aimauytov.psu.kz/index.php?Itemid=49&id=1.. сілтеме бойынша өтіп, толық нұсқасын пыдыеф форматта оқи аласың! Кейіпкерлерін түртіп алуды ұмытпа!?
«Қартқожа» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/975-qartqozhaq

3.С.Торайғыров «Қамар сұлу».  Жас күнінде дүниеден озса да осыншама құнды дүниелер жазып қалдырған Сұлтанмахмұт Торайғыров қарт күніне дейін өмір сүргенде қазақ әдебиетінің қоржынында мұнан да көп шедеврлер болар ма еді деген ойға қаласың. Расымен, осындай туындыларының бірі өлең мен қара сөз араласып жазылған «Қамар сұлу» романы. Қамардың тағдыры сол замандағы бүкіл қазақ әйелдерінің тағдырын Жар-жар әнін «Зар-зар» деп зарлай жырлауы арқылы тым әсерлі береді. Көзіме жас алмай оқи алмаған едім қанша оқысам да. Толық нұсқасы:
https://sites.google.com/site/torajgyrov/romandary/ka..

4.М. Дулатов «Бақытсыз Жамал». 1910жылы басылып шыққан қазақтың тұңғыш романы туралы бірдеңе деу артық болар, жай ғана оқып, терең бойлауыңа болады: https://kk.bookmate.com/reader/FdkOAMeB

5.М. Әуезов. Қазақ әдебиетінің тарихында ең көп және ең керемет шығармаларымен үлкен орын алған Әуезовты оқымау әдебиетші үшін күнә болар. Тестте сұралатындарынан бастағың келсе:
«Қараш-қараш оқиғасы» http://ikitap.kz/reader/qarash_qarash_oqihasy
«Қорғансыздың күні» http://adebiportal.kz/kz/news/view/18848
«Жетім» https://yvision.kz/post/682158
«Қаралы сұлу» -alashainasy.kz/proza/muhtarauezov-karalyi-sulu-70993/
«Көксерек» http://alashainasy.kz/proza/muhtar-auezov-kokserek-52..

6.С.Мұқанов шығармаларын мен мәңгілік шығармалар деп есептеймін. Өйткені бұл қазақтың екі ғасыр тоғысындағы тарихын толығынан жазып шығуы. Қазақ тұрмысын 19 ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы, ХХ ғасырдың ортасында қазақ деген халық қалай өмір сүрді, қазақ деген халық несімен керемет, қазақ деген халық қандай руханияттық биіктерге жетті? Осыны көргісі келсе Сәбиттің шығармаларынан көреді. Өмір мектебі, «Жұмбақ жалау», «Адасқандар», бұлар қазақ әдебиетінде өзіндік болмысымен, көркемдік ізденістерімен, жазушының қолтаңбасымен қалатын, қазақ тарихынан сызылмайтын шығармалар.
«Жұмбақ жалау» яғни «Ботагөз» өте керемет роман: http://classic.nlrk.kz/result/ebook_1006/index.html
«Адасқандар» немесе «Мөлдір махаббат» http://vk.com/doc155502290_178021671?hash=a7e32fa136b..

7. Ғ.Мүсірепов. Әдебиетімізде ана туралы шығармаларымен ерекше қалған қаламгеріміздің аудармалары мен повесттерін бір-бірінен ажырату үшін, оқып, мазмұнын түсіну керек:
«Ананың анасы» http://adebiportal.kz/kz/books/view/394
«Ақлима» http://infoportal.kz/kk/content/aklima
«Ашынған ана» http://infoportal.kz/kk/content/ashyngan-ana
«ҰЛПАН» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/488-ulpan
«қазақ солдаты» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/486-qazaq_sold..
«Боранды бекет» және «Оянған өлке»

8.Ғ.Мұстафин.
«Шығанақ» көркемдігі жағынан ерекше туынды деп тестте сұралып жатады ғой, несімен ерекше екенін оқып көр:
http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2409-sthyn
«Миллионер» ауыл өміріндегі өзгерістерге арналған:
http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2430-spolbjsrp..
«Қарағанды» оо, бұл бір бөлек әлем, жеке кітап қой:
http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2441-skfjgbkgjb
«Дауылдан кейін» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2378-dauyldan_..

9. Ш.Құдайбердіұлы өзі Абайдың ең алғыр шәкірті ретінде нәзиралық үлгіні қазақиландырып жазу салтын дамытқан қаламгер болған ғой. «Ләйлі — Мәжнүнінен» бастап келесі романдарын оқып шық:
«Қалқаман — Мамыр» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1937-qalqaman_..
«Нартайлақ пен Айсұлу» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/5337-nartajlaq..
«Еңлік-Кебек» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/5341-englik_ke..

10. М.Жұмабаев:
«Батыр Баян» http://elib.nklibrary.kz/pdf/bayan.pdf
1923ж. Ташкенттегі М.Әуезовтың үйінде бір түнде жазып шыққан көлемді поэмасы, тарихты жаңғыртып қоймай, әдебиетті де толықтырған.
Басқа да өлеңдерін оқу.

11. І.Жансүгіров: «Күй» поэмасы, Молықбай күйші туралы, міндетті!
«http://kitap.kz/index.php/catalog/book/123-poehmalary»
«Құлагер» http://kitap.kz/index.php/catalog/author/16-iliyas_zh..
Және эпико психологиялық «Күйші » поэмасы бірінші сілтемеден тауып, оқи аласың.

12. С.Сейфуллин: «Тар жол тайғақ кешу» аудионұсқасы :
http://kitap.kz/index.php/catalog/audiobook/2446-tar_..
«Көкшетау» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/3099-kokshetau..
«Бандыны қуған Хамит» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/3080-bandyny_k..

13. Қ.Аманжолов: 32 жасында жазған, шынайы оқиға суреттелетін «Ақын өлімі туралы аңыз» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2541-aqyn_olim..
басқа да өлеңдер жинақтары.

14. І.Есенберлин: Көшпенділер: І Бөлім: http://kitap.kz/index.php/catalog/book/609-koshpendil..
ІІ бөлім: http://kitap.kz/index.php/catalog/book/705-koshpendil..

15.Ж.Молдағалиев
«Мен қазақпын» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/849-men_qazaqpyn

16. Б.Сапарбаев. «Менің атым Қожа» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1979-menn_atim..

17. Ш.Мұртаза:
«Қызыл жебе» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2057-qyzyl_zhe..
«Бесеудің хаты» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/6198-beseuding..
«Жүз жылдық жара» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2608-zhuz_zhyl..

18. Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін»:
http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1498-shyrahyng..
«Қаһарлы күндер» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1480-qaqarly_k..

19.Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»:
http://kitap.kz/index.php/catalog/book/6196-qabdesh_z..

20. А.Байтұрсынов: http://kitap.kz/index.php/catalog/book/6271-axmet_baj..

21. Әуезов жинақтаған Абайдың қара сөздері:
http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2590-abajdyng_..
А:ҚҰНАНБАЕВ шығармаларының толық жинағы:
http://kitap.kz/index.php/catalog/book/5699-abaj_quna..

Әрі қарай тестте көп сұралмайтын, бірақ өте керекті де қызықты кітаптармен бөліссем:

22.Ә.Нұршайықов. «Махаббат, қызық мол жылдар» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2660-tkbnlrktgb

23. С.Мұқанов «Балуан Шолақ» қазақ батырының барлық ауыртпалығы мол өмір жолы керемет суреттелген кітап http://kitap.kz/index.php/catalog/book/301-baluan_sho..

24. С.Мұратбеков. «жабайы алма» жасөспірімдер әдебиетінің жақсы үлгісі:
http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1228-zhabajy_a..

25. Б.Момышұлы батырымыздың өз балалық шағы, алған тәрбиесі туралы автобиографиялық үлгідегі кітабы: «Ұшқан ұя»
http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1088-ushqan_uya

26. Және сол батыр атамыздың нағыз ибалы келіні Зейнеп Ахметова апамыздың алып тұлғаның ата тұлғасы қырынан көрсеткен кітабы «Шуақты күндер» электронды жақсы нұсқасын таба алмадым, кітапханадан міндетті түрде таба аласыңдар)

27. Ш.Айтматовтың өмірдің өзі новелла екенін айқындайтын сюжеті өте қызықты махаббат хикаясына құрылған кітабы: «Шынарым менің, шырайлым едің»:
http://kitap.kz/index.php/catalog/book/6225-shynghys_..

28. Қ.Ысқақтың «Қоңыр күз еді» кітабы алғашқы махаббат пен өмір қиындықтарын астастыра білген:
http://kitap.kz/index.php/catalog/book/2086-qongyr_ku..

29. С.Көбеев «Қалың малы» http://kitap.kz/index.php/catalog/book/137-qalyng_mal

30.С.Торайғыров «Кім жазықты» өлеңмен жазылған романы оқылуға міндеттілердің бірі: http://kitap.kz/index.php/catalog/book/208-kim_zhazyqty

Басқа материалдар:

  1. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  2. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  12. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  13. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  14. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  15. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ