Оқу сауаттылығынан жоғары балл жинауға 5 қадам

0
741
Иллюстрация: Freepik.com

1. Стиль түрлері туралы жақсылап біліп ал. Жай ғана білген жеткіліксіз, әр стильдің ерекшеліктері, айрықша белгілерін қоса жаттау керек. Сонда тест болғанда қатты ойланбай-ақ дұрыс жауабын белгілейсің.

2. Пайымдау деген не? Баяндау деген не? Сипаттау деген не? Барлығының аражігін ажыратып ал. Көптеген оқушылар оқу сауаттылығынан келетін сұрақтардың ішінде ең көп қатені осы түсініктер туралы білмегендіктен кетіреді.

3. Алдымен мәтін бойынша қойылған сұрақтарды оқып, не туралы сұрап тұрғанын түсініп ал. Сонда мәтін оқу барысында керек ақпаратты тауып алу оңай болады.

4. Мәтінді мұқият оқы. Бір қарағанда айдан-анық нәрсе екен деп ойлайсың. Бірақ көптеген оқу сауаттылығынан төмендеу жинап жүрген оқушылар оқу сауаттылығынан тесттің қиын болғаны үшін емес, өздерінің мәтінді мұқият оқымағанынан балдарын «жоғалтып» алады.

5. Қарым-қатынасыңды өзгерт. Осы уақытқа дейін оқу сауаттылығынан байқау тестілерінде 10-15 жинап жүрсең, ойланатын кез келді. Бұл сенің сауаттылығыңның жоқ екенінің көрсеткіші емес, сенің оқу сауаттылығынан тестке жауапкершілікпен қарамайтыныңның белгісі.

Сондықтан ҰБТ-ға «Еее, оқу сауаттылығы ма, 20 ғана балл ма, бір нәрсе қыламын ғой ҰБТ-да» деп емес, «Әр балл грантқа оқуға түсуім үшін маңызды. Сондықтан қазір оқу сауаттылығынан мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап берейін. Ертең ҰБТ-да да мәтінмен жұмыс істей алу қабілеті керек болады» деп дайындалған дұрыс.

Басқа материалдар:

  1. Астана және адамзат. Бейбітшілік пен келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтті
  2. Оқу сауаттылығынан мәтіндік тапсырма. «Отырар сазы» қазақ өнері аспанында
  3. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  4. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  5. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  6. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  7. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  8. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  9. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  10. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  12. Көркем троптар, олардың түрлері
  13. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  14. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  15. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  16. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  17. Оқу сауаттылығынан мәтіндік тапсырма: Тиін


ПІКІР ҚАЛДЫРУ