Ежелгі хакастардың тюхтят археологиялық мәдениеті ескерткіштері (ІХ–Х ғғ.)

0
1009
Иллюстрация: Freepik.com

Түркі өркениетінің тамыры терең тарихын зерттеуде қолда бар оның төлтума жазба көне тас ескерткіштері, сонымен қатар М.Қашғари сөздігі, мұсылман авторлары деректері бар. Әсіресе мазмұны мен көлемі жағынан қытай деректерінің орны ерекше.

Қытайдың «Көне Тақ кітабы», «Жаңа Тақ кітабы» сияқты тарихи деректер мен Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштеріндегі мәтіндер қазақ мемлекеттілігінің көнетүркілік кезеңін тануға көмектеседі. Бұл тақырыпты зерттеген Дания университетінің профессоры В.Томсон, орыс ғалымдары Н.Я. Ядринцев, В.Радлов, В.П.Васильев, т.б. көне түркілер тарихын зерттеудің дәстүрін қалыптастырды.

Кейіннен бұл дәстүрді А.Г. Малявкин, С.Е. Малов, С. Кляшторныйлар жалғастырды. Қытай ғалымдарының да түркітану аясындағы жүргізген еңбектерінен құнды деректер алуға болады. Олардың көне түркі халықтарының тарихы туралы зерттеулерінің ғылыми маңызы зор.

Әлемдік түркітанушылар мен қытайтанушылардың назарына іліккен деректерді атасақ, олар: Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағы», Ибн Хордадбектің «Жолдар мен мемлекеттер кітабы», Ибн-Халдунның еңбектері, Ата-Малик Жувейнидің «Әлем жаулаушысының тарихы». Қытайдың Юаньши (Моңғол империясының тарихы), М.Қашғаридың «Дивани лұғат ат-түрік», Ю.Баласағұнның «Құтадғу білік», Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі», «Оғузнаме» сияқты тарихи деректер де мол мәлімет береді.

Қытайда әр дәуірде жазылған «Жиырма төрт тарих» деп аталатын ресми жылнамалардағы көне түріктерге қатысты тарихи деректер сұрыпталып, көне қытай тілінен қазіргі қазақ тіліне аударылды, оған ғылыми түсініктемелер жасалған. Бұл түркі тарихына тікелей қатысты қайталанбас түпдеректер қатарына жатады. Қытай иероглифтерінің көмескі сырларын ашуда түркітанушы қытайтанушығалымдармен қатар салыстыра отырып зерттеу тарихшыларға да зор міндет жүктейді.

Көне түріктердің шығуы. Түріктер жөніндегі ең алғашқы дерек Қытайда Батыс Вэй әулетінің заманында ресми жылнамаға енген. Түрік этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылдары аталады. Өздерін «түрік» деп атаған бірлестік түркі тектілердің жазба әдеби тілінің пайда болуына себепкер болды.

Түркі жазуының құпиясын ашқан даниялық ғалым Вильгельм Томсон қытайша «тукю» деп аталған халық «түріктер» екендігін дәлелдеді. Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Бастапқы кезде түрік деген сөз түркітілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды.

Содан кейінгі кездерде түрік деген атау саяси мәнге ие болып, олардың қол астында болған өзге тайпалар да атала бастады. Дегенмен Түрік қағанаты құлағаннан кейінгі түрік ұлыстарын түріктер дегеннен гөрі түркі тілді, түркі нәсілді халықтар деп атау үрдісі қалыптасты. VIII ғасырдың ортасынан бастап түрік деген атау біраз уақытқа дейін жазба деректерде аталмайды.

Бұл кезде түрік деген жалпы атаудың орнына жекелеген түркі тектес тайпалардың аты (теле, қырғыз, тоғызоғыз, ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ) аталады. Түрік атауы X ғасырда қайта тарихи аренаға шығады. Қашқардағы, Баласағұндағы хандар (қағандар) өздеріне тағы да түрік деген этникалық атау тақады. Бұл атау сол замандағы араб географтарының да еңбектерінде кездеседі.

Кейіннен ортағасырлың түрік атауы Кіші Азия жеріне барып қоныстанып қалған оғыз тайпасының бір бөлігінің ұлттық мемлекеттік атауына айналды. Ол — Түркия, Түрік мемлекеті. Осы оқулықта және басқа ғылыми әдебиетте де кездесетін түрік және түркі деген екі атаудың мән-мағынасы бір.

Бұрынғы түркі тайпалары мен қазіргі түрік халқының аражігін ажырату үшін ғылымда көне түріктерді шартты түрде «түркі» деп атау қалыптасқан. Тарихи аренаға алғаш шыққан түркі тайпаларының бірі — теле.

Олар қазіргі Моңғолия жеріндегі Гоби шөлінің солтүстігінен батыста Тянь-Шань тауына дейінгі жерлерді жайлаған. Телелер одағына 15 тайпа кірген. Түріктер өзінің шығу тегін ашына тайпасымен байланыстырады.

Дереккөз: ҚазҰУ, тарих және археология факультетінің дәрісі

Ұқсас материалдар: 

  1. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  2. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  3. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  4. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  5. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  6. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  7. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  8. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  9. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  10. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  11. Қара теңіз және Азов жағалауларындағы ортағасырлық көшпелілердің археологиялық ескерткіштері
  12. Хазар қағанатының салтово-маяцк мәдениеті
  13. Кобадиан ерте ортағасырлық ескерткіштері
  14. Ерте ортағасырлық түркілердің жерлеу-ғұрыптық кешендері Орталық Азия археологиялық материалдары негізінде

ПІКІР ҚАЛДЫРУ