Үй туралы мақал-мәтелдер

0
2512

Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.

*****

Түздегі май ішеді,
Үйдегі зәр ішеді.

*****

Түтін шыққан үй жылы,
Төскейлей шыққан күн жылы.

*****

Үй баласымен базарлы,
қонағымен ажарлы.

*****

Үй болған соң: белбау да керек, желбау да керек.

*****

Үй болған соң шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды.

*****

Үйге келгенде үйдей өкпенді айтпа.

*****

Үйге кірген жыланды да басына ақ құйып шығарады.

*****

Үйге ұт кірді —егіншінің көкейіне құт кірді.

*****

«Үйде — атан, түзде — бурамын».

*****

Үйде бір күн ұрыс болса, қырық күндік ырыс кетеді.

*****

Үйдегі есепті базардағы нарық бұзар.

*****

Үйдегі нарық көшеге тура келмейді.

*****

Үйде кісісі көп болса, далада кісі тимейді.

*****

Үйден ұзап шыкпасаң қатынға қадірің болмайды.
Ауылдан ұзап шықпасаң жақынға қадірің болмайды.

*****

Үйде оңбаған түзде де оңбайды.

*****

Үйде өскен бұзау түзде өгіз болмайды.

*****

Үйде шешен ,дауға жоқ,
Үйде батыр, жауға жоқ.

*****

Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір әйел толтырады.

*****

Үйдің басын қатын қосар,
Елдің басын батыр қосар.

*****

Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің,
Ағайынның алыс-жақынын іс түскенде білерсің.

*****

Үйдің көркі — сандық.

*****

Үй иесі мейірлі отырса, қонақ көңілді отырады.

*****

«Үйлері қоңыр екен» деп
көп ауылдан кетпеңіз.

*****

«Үй менікі» демеңіз үй артында кісі бар.

*****

Үй ортасына шала тастама,
Сөз ортасына жала тастама.

*****

Үй үйге сыймағанмен, ел елге сияды.

*****

«Үйі әппақ екен» деп оңаша үйге түспеңіз.

*****

Үйі бірдің күйі бір.

*****

Үйі жоқтың көңілінде алтын сарай жүреді.

*****

Үйі жыртық тамшы жейді,
Жалқау тантық қамшы жейді.

*****

Үйіңде асы жоқтың көңілінің хошы жоқ.
Үйіңде асы жоқтың түзде досы жок,

*****

Үйінде озған түбінде озар.

*****

Үйінде ұл-қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар.

*****

Үйінен қырық қадам шыққан адам — мүсәпір.

*****

Үйінде екі сиырың болса — айран,
екі қатының болса — ойран.

*****

Үйінде қартың болса — асыл қазынаң.

*****

Үйіңе қонақ келсін,
алыстан сұрап келсін.

*****

Үйің жаман болса, күйің жаман.

*****

Үйің үй-ақ екен,
ішінде ойнайтын баласы болса.

*****

Үй ішінен жау шықса,
тұра қашып құтыла алмассың.

*****

Үй іші толған жан — бір-біріне мейман.

*****

Үлкен үйге не керек, кіші үйге де сол керек.

*****

Үлкен үйдегі күлсе,
кіші үйдегі езу тартады.

*****

Үлкен үй ортақ,
Кішкене үй бұлтақ.

*****

Басқа материалдар:

  1. 1 сәуір — күлкі күні
  2. Күлкі туралы ұлағатты сөздер
  3. Күлдіре білу — өнер, күле білу — өмір, күлкі болу — өлім (Тәрбие сағаты)
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  11. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  12. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  13. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ