Оқу сауаттылығынан мәтін типін қалай анықтауға болады?

0
2803
Иллюстрация: Freepik.com

Мәтіннің типін анықтай алмаған жағдайда үзіндіге тағы да назар аударып, мәтіннің типтеріне назар аудар, интуицияға сенбе. Сосын, «ой, мен ылғи осындай сұрақтардан шатасамын, өтірік белгілей салайын» деген керітартпа ойды да алып таста.

Жалпы, сипаттау 3 типке бөлінеді екен:

1) затты, адамды, жануарды сипаттау;
2) мекенді сипаттау;
3) адам/қоршаған орта жағдайын сипаттау.

Сипаттауды тез табуға фишка: оның етістіктері өткен немесе осы шақта қолданылады. Құрамында үстеу, сын есім міндетті түрде болады.

Баяндау болса, автордың оқиғаны өз атынан айтып беруі. Ол көркем әдебиетте көп кездеседі.

Пайымдау – кезек-кезек орналасқан мәтін. Яғни мәтіннің реті мынадай болмақ:
1) Дәлелдер;
2) Дәлелге қарсы аргументтер(аргумент – қарсы пікір);
3) Мәтіннің шешімі.

Сипаттауға мәтін:

Саңырауқұлақтың күздегі боялатын түсі сарғыш-сұр. Ол кірлеу қоңыр болуы мүмкін, ал қалпағының ортасы – қатты жабық қоңыр түс. Діңі – жұқа, тұтас, ал қалпағында, негізінен, сұр, кейде қоңыр түс.

Баяндауға мәтін қылып бір астың дайындалу жолын алсақ та болады: Геркулес жармасының бір стақанына үш стақан ыстық су немесе сүт құйып, пісіріңіз. Талғамыңызға қарай тұз немесе қант салыңыз. 15-20 минут жай отта араластыра пісіріңіз. Кейін сары май қосыңыз. (іс-әрекет кезек-кезек)

Тамақты жақсы көретіндер, тамақ-баяндау деп жаттап алсаңдар болады. Бұл жерде назар аударатын нәрсе — оқиғалардың кезек-кезек жүзеге асуы.

Ал, енді пайымдауға мысал: Роза туралы мәтін.

Бөлмеде роза гүлі тұр. Әдемі, қызыл роза. Жақында әкем мен анамның үйленгендеріне жыл толды да, әкем розаны анама сыйлады. Анам оны күн сайын суғарады. Анам тіпті ол розаны суғарғанда, менің анама барып оны құшақтағым келіп кетеді. Мен кейде розаға қарап ойланып кетемін, оның ерекшелігі неде? Бірақ жақында мен барлығын түсіндім.
Әкем ол розаны анама деген үлкен махаббаттың символы ретінде сыйлаған. Сондықтан да анам оны асқан нәзіктікпен, қамқорлықпен суғарады. Бірақ, амал қанша, анамның сүйікті розасы ерте ме, кеш пе солып қалғанымен, анамның әкеме деген махаббаты өшпек емес.
Білу жеткіліксіз, үнемі мәтін талдағанда осы мақаланы оқып, қайталап, жиі тест нұсқаларын таңдасаң, мәтін типі туралы сұрақтар дым да қиын болмай қалады.
Дереккөз: ҰБТ академиясы

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  12. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  13. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  14. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ