Оқушы мен студентке кеңес

0
1713
Иллюстрация: Freepik.com

1. Сыныптасыңның, группаласыңның не бөтен адамның затын рұқсатсыз алушы болма. Уақытша да. 5 минутқа да. Сұрамай алсаң, абыройдан айырылдым дей бер. Ондай адам бәрін «бесит».

2. Сұраса — бер. Тартып алғысы келсе, соңына дейін бар.  Қорықпа.

3. Баға үшін жылама. Өзіңді төмендетпе. Ондай кезде тәкаппарлық таныту керек. Мұғалімге ренжіме және омен ұрыспа. Тапсырмаңды «отдуши» орында. Баға қандай болатыны маңызсыз. Нәтижеге емес, процесске көңіл бөл.

4. Әрдайым көңілді болып жүр. Өз-өзіңе қуаныш сыйла. «Жолым болмайды», «сабағым нашар» деп өзіңді сөге берме. Олай ойлап, айта бергеннен, наразы болғаннан, «жолы болғыш отличник» болыпп кетпейсің. Керісінше, депрессияға түсесің.

5. Қолыңнан келетін жақсы іс болса(талантың бар шығар), соған көңіл бөл. Соны дамыта бер. Жасаған әрбір ісің, талпынысың — тәжірибе. Табысқа, мақсатыңа бір табан жақындатады.

6. Тәуекел шешім қабылдаудан тартынба. Өзгемен ақылдасқаның дұрыс, алайда соңғы шешімді өзің жаса.

7. Өзіңді жақсы көр. (кем дегенде, өзіңді қуантуға тырыс) Басқаларды да ұнатуға тырыс.

8. Барлық жағынан ұқыпты және сенімді бол. Әдепті және қамқор бол. Өзіңмен және достарыңмен шынайы бол.

9. «Істей алмаймын», «бұл мүмкін емес» деп айтқан кезде, сен өзің үшін сәтсіздікті алдын-ала анықтап қоясың. Сондықтан олай айтушы болма. ННН дегенді білетін шығарсың? НЕТ НИЧЕГО НЕВОЗМОЖНОГО.

10. Жоспармен өмір сүр. Күнделік арна. Жасау керек маңызды істердің тізімін жазып жүр. Жасап болып, оны өшіргенде бақытқа бөленесің.

11. Бастаған нәрсені соңына дейін жеткіз.
Барлық істеріңді бітіруге дайын бол. Үй жинау, спорт, ыдыс жуу сияқты ұсақ-түйектерден баста. Мүмкіндігінше тезірек аяқта. Жұмысты кейінге қалдырмауды үйрен.

12. Берген уәдеңді орында. Әрқашан. Сөзіңде тұр.

Басқа материалдар:

  1. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  2. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Web-дизайнер деген кім?
  8. Таргетологтың қызметі қандай?
  9. Контекстолог деген кім
  10. Копирайтер деген қандай мамандық?
  11. Контекстолог деген кім?
  12. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  13. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  14. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  15. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  16. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  17. Помодоро әдісі және оның пайдасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ