Ойды жеткізу тәсілін қалай анықтаймыз?

0
1918
Иллюстрация: Freepik.com

Ойды жеткізу тәсілдерін тесте таба алмай қиналасың ба? Ендіше біз саған тесттерде көп келетін осы тәсілдерді түсіндіріп кетейік. Қабыл ал!

Ойды жеткізудің тәсілдері көбіне 2-мәтін сұрақтарында келеді. Сондықтан, мәтінді асықпай екі-үш рет оқып ал.

Жалпы ойды жеткізу тәсілдерінің тестерде бес түрі көп кездеседі:

1) Салыстыру.

Екі бөлім/мәтін салыстыруда алдымен ұқсастықтарына, содан соң айырмашылықтарына тоқталасыз. Екі бөлімнің/мәтіннің ұқсастықтары: мақсаты, мазмұны және көзделген аудиториясы. Ал айырмашылықтарына келер болсақ, алдымен екі мәтіннің мақсатын, мазмұнын, стилі мен-жанрын қатар ала отырып, анықтайсыз. Мысалы 1-ші бөлімнің мақсаты ….. болса, 2-ші бөлімнің мақсаты ….болады.

«Автор не үшін қолданды?» деген сұрақ арқылы талдау себептерін түсіндіріп отырасыз. Оны тез табатын тәсіл – шылауларын/кілт сөздерін іздеу: ұқсас, тап бір, оған қарағанда, сияқты. Тұрақты тіркеспен тапсақ та болады: арыстандай айбатты, қоян сияқты қорқақ, түлкідей қу, ит сияқты адал,т.б.

2) Дәйексөз келтіру.

Дәйексөз келтіруге мәтінде көбінесе қанатты сөздер, мақал-мәтелдер алынып жатады. Бірақ ол төл сөз де бола алады. Мысалы: «Абай жолы» романында М.Әуезов Самалбек тілмәштің Абайға айтқан сөзін былай жеткізеді: «Оның жалғыз білгенім сол деп айтқаны: алысып жатқан екі жақ бірдей Абайды тыңдау қажет десті, бірақ олардың ішінде, арғы ниетінде қандай байлау бар екенін Самалбек білмейді.

Оның ойынша, Абай не қыларын өзі жақсы аңғаратын болар. Және сол өзіне лайық көрінген дағдылы жолмен куәлік айтқаны Абай басына лайық болар» дегендей кеңес тәрізді сөз айтып бітірді». Мәтін ішінде мақалдың немесе автордың сөздері жақшада тұрса, ол дәйексөз келтіру болып саналады.

3) Байланыс құру.

Мәтіннің әңгімелеу түрі. Себебі, бір оқиғадан соң екінші оқиға жалғасып кетеді. Мәтіндегі негізгі ойлар бір-бірінен алшақ кетпей, жалпы бір ғана идеяны білдіруі керек, жаңа айтқанымыздай, мәтініміздегі оқиғалар/іс-әрекеттер кезек-кезек жалғасып, бір-бірімен байланыс құруы керек. Алдындағы айтқан кеңесіміз сияқты, байланыс құру – тамақтың жасалу жолы деп жаттап алуыңызға болады.

4) Мысал келтіру.

Мысалда ойдың ашық, айқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу астарлы түрде берілетіні, кекесін, мысқыл, әжуа, юмор, ащы сатира оның негізі көркемдік тәсіл екендігін әңгімелеу, баяндау әдісімен жеткізген дұрыс. Яғни, ой ашық берілмей, астарлап, әзіл арқылы айтылады. Мысалға көбінесе жануар түрлері, құс, өсімдік алынады. Оған И. Крыловтың Абай аударған «Есек пен бұлбұл» шығармасын алуға болады.

— Есектің өтініші, яғни бұлбұлға ән салып бер деуіне көңіл қой.
— Бұлбұл әнінің «мың түрлі күйге салған» құдіреті сипатталатын шумақтарды тап. Адам, жан-жануар, табиғаттың сол кездегі қалпын көңіліне тоқы.
— Есектің бұлбұл әніне берген бағасы, сыны айтылатын шумақты тауып, назар аудар.

5) Анықтама беру.

Анықтама беру кезінде мәтінде, немесе оның бөлімінде міндетті түрде үстеу, сын есім, есімдік, етістіктің өткен шағы болуы керек. Яғни, анықтама беру сипаттауға тең. Мысалдары: Сүйікті (қандай?) әжеме құттықтау. Мен күліп тұрған (қандай?) баланы көрдім. Оған (кімге?) бәрі қызғанышпен қарады.

Анықтама беру кезінде дәрігердің анықтамасын есімізге түсіруге болады: егер дәрігер біздің ауруымызды анықтамаға сипаттап берсе, ал автор бір затты/ адамды/ жануарды/ табиғатты сипаттап береді. Мысалы, «Бандыны қуған Хамит» әңгімесінде жазушы оқиғаның болған мезгілімен байланыстыра, күзгі табиғаттың әсем суретін береді. «Күн шайдай ашық, жылы еді.

Аспанда бұлт жоқ. Жел де жоқ. Хамит жалғыз, бір ескілеу жолмен келеді. Айнала қалың иірім-иірім орман. Бойлап, таласа, жарыса шыққан қайың мен қарағай. Және әредік қалың, қарағаймен жарыса шыққан теректер де көрінеді. Қайың мен терек ағаштардың жапырақтары шалғырт тартып, сарғая бастаған… ».

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  12. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  13. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  14. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  15. ҰБТ-ға дайындықты ерте бастаудың артықшылықтары

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ