Пайдалы істі қалай әдетке айналдыруға болады?

0
857
Иллюстрация: Freepik.com

Әдет дегеніміз — біздің күнделікті шешім қабылмай-ақ орындалатын, белгілі уақыт аралығында қайталайтын іс әрекеттеріміз.

Әдетке мотивация қажет емес. Сен сабақ оқуды әдетке айналдырсаң ойланбай оқи бересің, өкінішке орай, сабақ оқуды әдетке айналдырмасаң мотивацияның соңынан қуалап кете бересің.

Қалай бір іс-әрекетті әдетке айналдыруға болады? Оған әр түрлі эксперттер әр түрлі жауап береді:

1. Duke университеті ғалымдарының зерттеуі бойынша біздің 40 % әрекетіміміз әдеттердің арқасында істелінеді. Белгілі бір затқа әдеттену үшін сол затты 21 күн бойы тоқтамай істеу керек.

2. Жақында Данияр Жігітбектің постын оқыдым, поста » гармоны счастья » кітабындағы мысалмен бөлісті яғни әдет қалып тастыру үшін бір істі үзбей 45 күн жасауың керек.

3. Ал, Марғұлан Сейсенбайдың нұсқасына сүйенсек әдет қалыптастыруға 60 күн жеткілікті. Егер сол істі бір күн істемесең нәтижені екіге бөлесің. Мысалы 10 күн бойы 07:00 де тұрып, бір күн ұйықтап қалсаң нәтижені екіге бөлесің яғни 5 күн, осылайша 60-қа жеткенше қайталай бересің.

4. Ауру қалсада,әдет қалмайды, оның бір дәлелі — қалыптасқан әдетті 90 күн бойы орындасаң, сол істі істемемей тұра алмайсыз.

5. Ең соңғы біздің нұсқамыз:

1. Таңғы және кешкі дағдылы іс-әрекеттердің тізімін жасау және бәрін қатар орындау. Мысалы, таңертеңге тіс ысу, бет жуу, 5 минут жаттығу жасау деген әдеттерді күн сайын істегің келсе, кезектілікті қатаң сақтауға кеңес берер едік. Осы әрекеттер бір-бірімен байланысып, кейін бірін істеген соң келесін оп-оңай істейтін болып кетесің.

2. Әдеттер трекерін жасау. Күн сайын қандай әдеттерді қалыптастыратыныңды кестеге түсіріп, күн сайын белгілеп отырсаң, бұл да бір әдет қалыптастыруға мотивация болады.

3. Әдеттердің алатын уақыты 15-25 минуттан аспағаны абзал. 25 минуттан артық іс-әрекеттерге тым көп уақыт кетеді деп ойлап, істемей қалуымыз мүмкін.

4. Әдеттен жалығып кетпегенше өзіңді қинай бермей, арасында 1-2 күн демалып тұр немесе сол әдет өте жеңіл орындалатындай жағдай туғыз.

5. «Привычки на всю жизнь» (Шон Янг) деген кітапты оқып, сондағы іс-әрекетті әдетке айналдырудың ең тартымды тәсілдерін пайдаланып көр.

ҰБТ-ға дайындықты әдетке айналдырамын десең, ең алдымен өзіңе осы дайындық ұнайтындай жағдай жаса.

Екінші, күн сайын істегің келетін іс-әрекеттердің тізімін жасап, күн сайын не істеген-істемегеніңді белгілеп отыр. ҰБТ-ға дайындық сенің таңертең тісіңді ысуың мен түсте тамақ ішуің сияқты қарапайым және қиын емес, бірақ қажеттілігі жоғары іс-әрекетке айналып кетсін!

Дереккөз: ҰБТ академиясы

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  12. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  13. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  14. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  15. ҰБТ-ға дайындықты ерте бастаудың артықшылықтары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ