ҚР Ұлттық кітапханасындағы қолжазбалар мен сирек және парсы тіліндегі кітаптардың баспалық және жиынтық каталогтары

0
1182

Негізгі сұрақтар: Жиынтық каталогтары құру мен басып шығару және қазақтың
революциядан бұрынғы кітаптар репертуарын құру мәселелері. Мұраны сақтау
қорын қалыптастырудағы каталогтар рөлі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы- Қазақстандағы кітапхана ісі
және қазақ кітаптарының тарихы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ,
25 мыңнан астам қоры бар қолжазбалар мен сирек кітаптардың баспалық және
жиынтық каталогтарын құрастырып шығарумен айналысады.

Батысеуропалық және шығыс тілдеріндегі қазақ басылымдары мен қолжазбаларының, Қазақстан мен Орта Азиядағы Ресейлік және Шетелдік зерттеушілер еңбектерінің жинамасы, ескі славян және орыс тіліндегі кітаптар жинамасы XI ғ. басынан XX ғ. 40 ж, ортасына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры- ерекше талаптармен сақталып отырған негізгі қордың арнайы бөлігі болып табылады.

Ұлттық және халықаралық деңгейде ғылыми, тарихи, мәдени құндылықтарды
қамтитын қолжазба және баспа басылымдары осында жиналады және сақталады.
Осы мақсатта бөлім «Неміс тіліндегі аса бағалы кітаптардың жалпыға бірдей
ақпараттық- библиографиялық каталогын» құрастырып шығарды.

Бұл каталогтың міндеті — ҚР Ұлттық кітапханасындағы XVI- XIX ғғ. неміс тіліндегі кітаптардың жинамасымен таныстыру. Каталогта неміс тіліндегі кітаптардың ғылыми
түсініктемесі берілген және ол библиографиялық тізімдерден, өте бағалы
кітаптардың иллюстрациясы мен жинамасы жайындағы шолу мақалалардан тұрады.

Жолсілтеуші каталог — ҚРҰК жинамасын сақтау Орталығының қызметкерлерінен
жасақталған авторлық топтың қатысуымен дайындалған. Құрастырушылар және ҚР
Ұлттық кітапханасыньң ұжымы Қазақстандағы Германия Елшілігі, яғни Төтенше
және Өкілетті Елшісі Андреас Кѐртинг мырза, үшінші хатшы Роземари Мертен
ханым осы каталопың жарық көруіне үлкен қызмет еткен.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының (ҚР ҰК) Сирек  кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорындағы (Сирек қор) парсы тіліндегі кітаптардың каталогы

Негізгі сұрақтар: Парсы тіліндегі ораптарының құрылымдарындағы өзгерістер.
Кітап басылым түрлері мен тақырыптары. Қорды қалыптастыру, мемлекеттің
жазбалық тарихи-рухани мұрасын сақтау.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының (ҚР ҰК) Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорындағы (Сирек қор) парсы тіліндегі кітаптардың каталогы алғаш рет дайындалып, ғалым- зерттеушілерге ұсынылып отыр.

Каталогқа енген әрбір шығарманың зерттелуіне, аударылуына, салыстырмалы сараптама жасалуына және ғылыми айналымға толықтай түсуіне мүмкіндік жасалды.
Бұл каталогқа ҚР ҰК Сирек қорында сақталған Иран, Үндістан, Орталық Азия,
Еуропа, Ресей, Азербайжан, Түркіменстан, Түркия және Грузия елдерінде жарық
кӛрген парсы және тәжік тілдеріндегі 247 кітаптың сипаттамасы енген.

Сирек қордағы бұл кітаптардың көбісі литографиядан жарық көрген, ал біразы
типографиядан жарық көрген басылымдар болып табылады. Атап айтқанда 152
кітап литографиядан, 71 кітап типографиядан, 9 кітап типолитографиядан жарық
көрген, ал 17 кітаптың баспасы белгісіз.

Әлемде литографиядан жарық көрген кітаптар құндылығы жағынан қолжазбалардан
ешбір кем түспейді. Өйткені литографиядан жарық көретін кітаптарды бірінші
кезекте қолжазба секілді қолмен жазып алып, содан кейін литографиялық тәсілмен
оның бірнеше данасын дайындайтын болған. Кейбір кітаптардың қолжазбалары
сақталмай, тек литографиялық нұскасы ғана сақталғандығын да айта кеткен жөн.

Ондай кітаптардың құндылығы арта түсетіні белгілі. Сондықтан кейде тіпті бір
деңгейде қарастырылатын литографиялық кітаптардың ғылыми аннотациясын жазу,
оларды каталогқа енгізу жұмысы маңызды.

Алғаш рет литографияны lithography (парсы тілінде сар-е sangi), неміс өнертапқышы Alois Senefelder XVIII ғ. соңында ойлап тапқан (1771 ж. Прагада туып, 1834 ж. Мунихта дүние салған). Литография, сол кездегі Персияға Ресей арқылы XIX ғ. басында келген.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің тарихы
  2. Салалық баспалардың репертуары
  3. Отандық тележурналистика тарихы
  4. Ғұмардың ғұлама ғұмыры
  5. Қазақстандағы кітап шығару индустриясы. Полиграфиялық кәсіпорындар
  6. Құжат ұғымы және функциясы. Құжат және ақпарат туралы түсінік
  7. Құжаттардың бірегейленуі мен стандартталуы
  8. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  9. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ