Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға тиімді дайындалу үшін 5 пайдалы кеңес

0
894
Иллюстрация: Freepik.com

• Декомпозиция («бүтінді бөлшектеу») әдісін қолдан. Бір күнде ежелгі тайпалар, ортағасырлық мемлекеттер және т.c.c. үлкен тақырыптарды оқып, түсініп бітіре алмайтының анық. Сондықтан үлкен тақырыптарды кішігірім тақырыпшаларға бөліп, оқыған дұрыc болады.

• Күнде ең кемі 10-15 тарихи даталар, оқиғалар, тұлғалар бойынша «карточкалар» жаса. «Карточкаларды» қолдан жасасаң болады немесе Anki бағдарламасын қолданып үйрен.

«Карточкалармен» оқудың алгоритмі:

1. Сұрақты мұқият оқисың.

2. Егер сұрақтың жауабы есіңде болса, жауапты ашасың, тексересің.

Егер сұрақтың жауабы есіңде болмаса, ұмытып қалсаң, жауапты ашып, оқып, есте сақтайсың да, «карточканы» қайта есте сақтауға ысырып қоясың. Барлық «карточкаларды» қарап болған соң, сен ұмытып қалып, жауап бере алмаған «карточкаларды» алдыңа аласың да, қайтадан қарайсың.

• Белгілі бір тарауды оқып бітірсең, өзің түсінгенің бойынша қысқаша мазмұнын жаз. Мысалы, «Ортағасырлық мемлекеттер» тарауын оқып болдың делік. Егер біліміңе сенімді болсаң, қолыңа қаламыңды ұста да, ақ қағаздың бетіне ортағасырлық мемлекеттердің әрқайсысына сипаттама бер, бір-бірімен салыстыр. Бұл қарапайым әдіс жиналған білімді мида құрылымдап, тарау жайлы жалпы бейнені қалыптастырады. Сенің білімің бұрынғыдай шашыраңқы болмайды.

• Маңызды тарихи даталар, оқиғалардың атаулары, тұлғалардың аттарын түрлі-түсті қаламмен боя. Осылайша сен «бір оқпен екі қоянды атасың»:

1. Маңызды тарихи даталар, оқиғалар мен тұлғалар тез есте сақталады.

2. Кейін іздегенде оңай болады.

• Қосымша ақпарат көздерін пайдалан. Мысалы, егер Қазақ хандығы жайлы оқып жатсаң, «Қазақ хандығы» телесериалын қара, Керей мен Жәнібек жайлы деректі фильмдер көр, Википедиядан және т.с.c. энциклопедиялардан өмірбаянын оқы. Бұл сенде түсініктің пайда болуына септігін тигізеді.

Дереккөз: ҰБТ академиясы

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  12. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  13. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  14. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  15. ҰБТ-ға дайындықты ерте бастаудың артықшылықтары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ