Дуадақ — далалы жерде кездесетін ірі құстың бірі. Республикамызда дуадақты шөл және шөлейтті, далалы жерлерде кездестіруге болады.
Басы мен мойны сұр, арқасы жирен түсті, бауыры ақшыл, қанаты ақ, қанатының ұшы ғана қара болып келеді. Еркегінің салмағы — 16 кг,ұрғашысыныкы 6 кг-ға дейін жетеді. Олар жыл құстары сияқты мекен еткен жерлерінен өте алысқа кете қоймайды. Кейде дуадақтарды қыс айларында Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан кездестіруге болады.
Дуадақ денесі салмақты болса да, жақсы ұшады және мықты сирақтарымен тез жүгіре алады. Олар мейлінше сақ. Дуадақтар ұясынжерге салады, олар кішкентай шұңқыр дайындап, астына құрғаз шөптен төсеніш төсеп жасайды да, сол ұяға 1-3 аралығында жұмыртқа басады.
Қазіргі кезде дуадақтар Қазақстан даласында өте аз. Тіпті, олар жойылып кетуге жақын. Сондықтан заң бойынша қорғауға алынған.
Бірқазан. Бұл өте ірі құс. Дене піші салмақты, әсіресе, тұмсығы ұзын. Тұмсығының астыңғы жағында азық жинайтын созылғыш тері қапшығы болады. Олар Қазақстанның қопалы өзен-көлдерінде кездеседі. Бірқазандар топтанып, көп болып тіршілік етеді.
Бірқазан — жыл құсы. Біздің жерлерге көктемде ұшып келеді. Содан кейін олар бір жерге қоныстанып, ұя салады. Егер оларды ұя салу кезінде мекенінен жасқап үркітсең, олар басқа жаққа қоныс аударып кетеді. Суда жақсы жүзеді, бірақ терісінің астында ауа қапшығы болатындықтан, сүңги алмайды.
Бірқазандар балықпен қоректенеді. Суда сүңги алмайтын болғаннан кейін, олар басын суға батырып жіберіп, жемін аулайды. Көпшілік жағдайда қанаттарымен суды қағып, балықтарды жиекке қарай айдап шығарады да, жиналған балықтарды таяз судан ұстап алады.
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
- Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы
- Дүңгіршек пен таушешек өсімдігі туралы мәлімет