Балаға қатысты ырым мен тыйым

0
2029
Иллюстрация: Freepik.com

Тыйымдар

Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі бетіне түссе, ол ауруға шалдығады.

Жаңа туған баланың кіндігі қатқанша, күн батқаннан кейін үйден күл шығармайды.

Егер күл шығарылса, нәрестенің денсаулығы нашарлайды.

Бала қырқынан шыққанша, түнде алып жүрмейді. Нәрестенің бетіне ай сәулесі түсуі мүмкін.

Бейуақытта баланың киімін далаға жаймайды.

Баланы ожаумен ұрса, ырыс — несібе кетеді.

Баланы сыпырғышпен ұрмайды. Сыпырғы тиген бала жаманшылыққа ұшырайды.

Балаға үлкен адамның алдын кесіп өтуге, үлкендердің сөзіне араласуға болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.

Қыз балаларға дөрекі сөз айтуға болмайды. Бұл – әдепсіздік белгісі.

Үлкен кісіге бірінші сәлем беру керек.

Үйге келген кісінің аяқ киімін тазалап, ол кетерде алдына қою керек.

Үйге келген кісіге төрден орын беру керек.

Ырымдар

Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қояды. Ер баланың кіндігін «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырады. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген ырыммен ошақ түбіне көмеді.

Жаңа туған сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың жүнімен ауыздандырады. Ерте кезде қасқыр киелі саналған, сондықтан да бұл ырым бала қасқырдай қайратты да қажырлы болсын деген ниеттен туындаған.

Нәрестенің ұйқысы тыныш болуы үшін және жын — шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып түтетіп, баланы бөлерден бұрын бесікті айналдырып, аластап шығады.

Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы және бесік көрпе) жабады. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілекті білдіреді.

Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, 37 — 39 күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып, 42 — 44 күнде, қырқынан шығарады. Бұл – ұл баланың қалыңдығына төлейтін қалың малы аз болсын, қыздың қалың малы көп болсын деген ырым.

Сәби шалқасынан жатып алаңсыз ұйықтаса – елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп жатса – уайымшыл, жігерсіз болып шығады, етпетінен жатып ұйықтаса – ойшыл болады. Егер аяқ — қолын еркін созып ұйықтаса – болашақ батыр, кемеңгер болады.

Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.

Баланың желкесі шұқыр болса немесе желкесінен сүйсе, қырсық, кесір болып өседі.

Баланың орайы екеу болса, екі рет үйленеді немесе екінші рет тұрмысқа шығады.

Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.

Балаға шешен болсын деп таңдай жегізеді.

Батырдың, ақынның, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады.

Балаға қарғыс өтпеу үшін үш кемпірдің бұтының арасынан өткізіп алады.

Басқа материалдар:

  1. Ауа райын хайуандар мен жәндіктер қалай болжайды?
  2. Қазақстандағы ең үздік көп салалы 10 университет
  3. Қазақстандағы ең үздік 8 техникалық жоғары оқу орны
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Web-дизайнер деген кім?
  8. Таргетологтың қызметі қандай?
  9. Қазақстанның гуманитарлық және экономикалық ең үздік 7 университеті
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  12. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  13. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  14. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  15. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ