ҰБТ-ға дайындалып жүріп қалай жалығып кетпеуге болады?

0
857
Иллюстрация: Freepik.com

● Ең алдымен оқып отырған кітапты немесе жазып отырған конспектіге қызығушылықпен қарау қажет. Ол қалай? Мысалы: тарихтан сақтардың патшайымы Томиристің баласы Спаргапис соғыста қаза табады. Томиристің әрі қарай не істегені қызықты емес пе? Миға бір ақпаратты әңгіме түрінде елестетсең тез қабылдайды. Бұл жағы өзіңе пайдалы әрі қызықты.

● Аз уақыт ішінде оқып тастауым керек деген ойдан аулақ бол. 10 тақырыпты бір күнде тез-тез оқып шығу мақтаныш емес, маңыздысы оқыған тақырыптарың сенің басыңда қалды ма? Басыңда қалмай, түсінбей, құр оқығаннан не пайда? Босқа өз уақытың мен миыңды шаршатасың.

● Әр күн сайын демал! Адамның миы шаршаңқы күйде ақпараттарды әлсіз қабылдайды. Ал әлсіз қабылданған ақпарат әрине ұзақ уақыт өтпей жоғалып кетеді.

● Ең бастысы өзіңді қанаттандыратын сөздерді жеке күнделігіңе жазып, шаршаған кезде оқып, ойланып, бір сегіп алуға болады. Мысалы менің ең сүйікті қанатты сөздерім:

«Не завидуй, а становись лучше»

«Әрекет жоқ болса,
Нәтиже де жоқ.»

«Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.»

(c) Абай Құнанбайұлы

Соңғы сөз өзіме ерекше ұнайды. Еңбектеніп оқысаң жерде қалмассың. Сондықтан қазірден бастап «әлі ерте ғой» деп сандалып жүре бермей, оқуға кірісіңдер. Бәріміздің білгеніміз бір тоғыз, білмейтініміз тоқсан тоғыз.

Арайлым ОТЫЗБАЙ

Басқа материалдар:

  1. Помодоро әдісі және оның пайдасы
  2. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  3. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  4. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  5. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  6. SMM маманы деген кім?
  7. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  8. Web-дизайнер деген кім?
  9. Таргетологтың қызметі қандай?
  10. Контекстолог деген кім
  11. Копирайтер деген қандай мамандық?
  12. Контекстолог деген кім?
  13. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  14. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  15. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  16. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  17. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ