ҰБТ-ға дайындық кезінде керек 3 кеңес

0
771
Иллюстрация: Freepik.com

Кейде сабақ оқуға мүлде құлшынысымыз болмай, мотивациямыз жоғалып, тапсырмалар тым қиындап кеткендей көрінеді: сабақ оқудан рахат алмай, оқу дегенді естісек, қиналып қалып жатамыз. Мұндай сәтте не істейміз?

Ең бірінші қадамымыз – кішкентай ғана болсын жасаған затыңа (бір нұсқа талдау болса да) өз-өзіңді мақтан тұт, сыйлықтар жаса. Сен оған лайықсың!

Бірінші кеңес: өзіңе мотивация бер!

1) «Неге сабақ оқимын?» — деген сұраққа жауап бер:

Ол сенің көз алдыңда тұруы керек, мысалы – телефонның бетіне қойып қойсаң болады, немесе плакатқа жазу. Сабақ оқығың келмей тұрғанда көз жүгіртіп шық – сол кезде сенің армандаған университетің, жақсы жұмыс н/е стипендия алып жатқан сәтің көз алдыңа елестеп, сенде шабыт пайда болады.

2) Оқып отырған материалыңнан бір қызық мәлімет тап:

Әрине, барлық пән сені бірдей қызықтыруы мүмкін емес, бірақ оны өміріңмен байланыстырып көрші – әдебиеттен кітап оқып отырсың, бірақ ол сені мүлде қызықтырмайды, өзіңнің мінез-құлықтарыңды шығармадағы бір кейіпкермен ұқсатып оқып көрші, кітапты оқып бітіргеніңді байқамай қаласың. Биология пәнін алатын болсақ, өзіңнің қоршаған ортаның сырын қаншалықты аша алатыныңды ойлап көр, айналамыздағы процестердің көбісі биологияға байланысты.

3) Сабақ оқығанда таймер қойып қой:

30-50 минут аралығында сабақ оқып, әрі қарай 5-10 минуттық үзіліске шық. Pomodoro әдісін қолданып көр – таймерді 25 минутқа қойып, сабақ оқуыңды баста. Қоңырау/сигнал соққанда 5 минуттық үзіліс жаса, ал осындай 4 интервалдан соң жарты сағаттық қоңырауға шықсаң болады.

4) Сенімен көзқарасы ұқсас достар іздеп көр:

Ол досың тіпті интернетте де болса болады. Тек ол досыңмен көздеген мақсаттарың бір болса болғаны. Әрдайым сенімен прогресстері немесе оқудағы мәселелерін бөлісіп, апта соңында аптаның қорытындысын бөлісіп отырсын. Өзіңмен шамалас досың тырысып жатса, сен де қол қусырмайтын шығарсың?

5) Өзіңе сыйлықтар жаса:

Сабақ оқып болған соң, өзің жақсы көретін істермен айналыс. Мысалы – сүйікті тамағыңды жеу, үй жануарымен ойнау, қызықты видео көру, ыстық ванна қабылдау, т.б. Бастысы, жасаған ісіңнен рахат сезімге бөленсең болғаны. Емтихан тапсырып шыққан соң, достарыңмен киноға баруыңа немесе өзің армандап жүрген затты сатып алуыңа болады.

Екінші кеңес: Сабақ кестесін жаса!

1) Сабақ оқу міндет емес, әдет болып кететіндей, сабақ оқуға күнделікті бір уақытта кіріс: Азанда ерте тұруды жақсы көрсең, кестені таңертеңгілік уақыттарға сай қылып ыңғайлап ал. Егер мұны қаламасаң, кешке оқитын уақыт аралығын жаса, тек, ұйықтайтын уақытқа жарты сағат қалғанда сабақ оқымағаның дұрыс, ол кезде жақсылап демалып алғаның дұрыс. Жоспарларыңды бір айға, бір аптаға бөліп таста.

2) Тестке кіретін уақытты жоспарла:

Тест басталар күнді алдын-ала біліп, оны күнтізбеге енгіз. Тестке дайындалуға кем дегенде 4-5 күн бұрын ол туралы біліп жүр.

3) Оқитын материалыңды бөлшектерге бөл:

Тақырып тым үлкен болғанда, оған не істейтінімізді білмей, басымыз қатып жатады. Сондықтан оларды кішкентай бөлшектерге бөл. Әр жасалған қадамыңа есеп беріп, күнделікке жазып отыр. Өз прогрессіңді түсініп, босқа оқымағаныңды түсінесің.

4) Демалуға уақыт бөл:

Миымыз тоқтаусыз жұмыс істеуге болмайды, өзіңе 30-50 минуттық демалыс бер. Ол кезде серуендеуіңе, тағам жеп алуыңа, физикалық жаттығу жасауға, немесе жәй ғана ұйықтап алуыңа болады. Әсіресе, тест басталар бұрын миға көп салмақ түсіруге болмайды.

Үшінші кеңес: Өзіңнің назарыңды тым көп аударатын артық заттарды қолдануды тоқтат!

1) Сабақ оқудан бұрын пайдалы заттармен тамақтан н/е жай ғана су ішіп ал.
Ашығу мен шөлдеу сабақ оқу кезінде қолайсыздық тудыратыны анық. Тәтті жеме – ол тез ашықтырып жібереді. Пайдалы заттар тұтын: жеміс-жидектер, жаңғақ, ірімшік, йогурт. Кофе ішкің келсе, 1 стаканмен шектелгенің абзал.

2) Физикалық жаттығу арқылы концентрацияңды жоғарылат:

10-15 минут физикалық жаттығу кезінде стресстен арылып, ағзадағы эндорфиндер мөлшері артады. Осының арқасында біздің миымыз ақпаратты тез сіңіріп, концентрацияны жоғарылатады. Жаттығу жасап тұрып та тестке дайындалып, он шақты өзіңе таныс емес термин жаттап алсаң болады.

3) Қай жерде дайындалатыныңды анықта:

Мысалы, үй/мектеп өте шулы болса, тыныш кітапхана/кафеге барып дайындалсаң болады. Жалғыз дайындал, болмаса максималды түрде қасыңдағы достарың 2 адамнан аспасын. Болмаса, сенің бар назарың достарыңа ауып кетеді.

4) Сабаққа керек емес элоктронды құрылғыларды өшір:

Теледидарды фон сияқты қосып қойма. Телефонды сөмкеде/басқа бөлмеде қалдыр. Немесе оны таймер ретінде ғана қолдан. Барлығын дыбыссыз режимге қой, тіпті жақын адамың болса да, ешкім мазаламайтындай қылып барлық хабарламаларды дыбыссыз режимге қой. Немесе телефонды мүлде интернет кірмейтіндей қылып, Freedom/Appdetox программаларын жазып ал. Олар телефон интернетін біраз уақытқа шектеп тастайды.

5) Жақсы музыкалар таңдап ал:

Шулы орындарда музыка тыңдаған дұрыс. Ол не сөздері жоқ музыка, не табиғат әуендері болсын.
Қорытынды: Енді сенің бойыңда шабыт пайда болды деп үміттенемін. Сабақ оқудан рахат алу керемет әсерлердің бірі. Кеңестер саған көмек берді деп ойлаймын. Егер де постты оқып отырып өзіңнің зиянды әдеттеріңді тапсаң, комментарийге жазып жібер!

Дереккөз: ҰБТ академиясы

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  12. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  13. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  14. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  15. ҰБТ-ға дайындықты ерте бастаудың артықшылықтары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ