ҰБТ-ға дайындық кезінде жіберетін 5 қателік

0
889
Иллюстрация: Freepik.com

1. Ұйқы режимінің дұрыс болмауы. Мен ҰБТ- ға дайындалып жүрген кезде ұйқы режимім қатты бұзылды. Кейде түн ортасына дейін сабақ оқысам, кейбір кездері таңғы төртте тұрып дайындалатынмын. Нәтижесінде, сабақтан келе сала, түскі уақытымды ұйқыға арнайтынмын, күні бойы ұйқылы-ояу жүретінмін.

Жақсы ұйқы- сапалы дайындықтың кепілі, сондықтан да бір ұйқы режимін құрасытырыңыз және сол режимді жыл бойы сақтағаныңыз абзал. 7-6 сағаттық ұйқы жетіп жатыр және қыс мезгілінде ағза мейлінше көп ұйқыны қажет етеді, қыста ұйқы уақытыңызға +30 минут қосыңыз. Жақсы ұйықтасаңыз миыңыз демалады, жаңа ақпаратты жақсы қабылдайды, ұйқы ҰБТ да жоғары балл жинауға септігін тигізеді.

2. Денсаулығыма көңіл бөлмедім. Міндетті түрде денсаулығыңызға көңіл бөліңіз, әсіресе, күнделікті жаттығулар жасаумен қатар, витаминдер қабылдауды ұмытпаңыз. Қысқы ҰБТ- дан кейін менің денсаулығым күрт нашарлады. Күні бойы бір орында сабақ оқып отырғандықтан, менде мойын остехандрозы пайда болды, алғашында өзімді жайсыз сезіндім, бір апта бойы басымды көтере алмадым, қатты бас ауруы мені күнде мазалады. Нәтижесінде екі апта уақытыммен, бас ауруын алдым. Ерінбей жаттығу жасап отырыңыз, витаминдер қабылдап тұрғаныңыз дұрыс және рационыңызда жеміс- жидек, көкеністердің көп болғанын қадағалаңыз.

3. Құрғақ тест жаттау арқылы уақытымды жоғалттым. Мен бұрындары да тест жаттаудың дұрыс емес екенін естігентінмін бірақ аса қатты мән бермедім. Қазақстан тарихынан жарты кітапшаны жаттап алып, Жұбанышов кітапшасынан тыс сұрақ келсе, оған жауап бере алмай қиналдым. Тарихи оқиғанын тізбегін дұрыс түсінбей жаттау, ол- үлкен қателік. Ең дұрысы тарихи оқиғалар тізбегін оқи отыра сол кезең туралы көп мәліметтермен жұмыс істеген қызығырақ. Құрғақ жылдарды жаттау сол пәнге жек көрінушілікті оятады.

4. Бар уақытымды ҰБТ-ға арнадым. 24/7 ҰБТ- ға дайындалмаңыз. ҰБТ-дан бөлек қосымша әдебиет оқыңыз, өзіңіздің бойыңызда бар қабілеттерді дамытыңыз, спортпен шұғылданыңыз, тіл үйреніңіз. Себебі, ҰБТ емтиханның соңы емес, басы, сондықтан да болашақта пайдаға асатын істермен, ал тіл үйрену, қосымша әдебиет, өздамыту өмірге қажетті дағдыларды шыңдаумен айналысқан дұрыс деп ойлаймын.

5. Мектептегі бос уақытты пайдаға асыра алмадым. Бізде 11-сыныпта сабақ уақытында кейбір пәндерден емтиханға дайындалатынбыз, сол уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Менде сол уақыттарда дайындыққа аса қатты ден қоймайтынмын, «Ейй, үйде де ҰБТ-ға дайындаласың ғой, мектепте соңғы жыл естен кетпестей өткізейік»-дейтіндер табылады. Мектептегі 2-3 сабақ дайындықтыңда өзіндік рөлі бар. Мектепте сабақ уақытында кем дегенде 2 сағат дайындалсаң, аптасына 10 сағат дайындықтың өзін сапалы түрде жасасаң, нәтижесі көп күттірмесі анық.

Сен өз болашаңың үшін уақытты тиімді пайдалана алуың керек. Жас түлек, саған алдағы емтиханда сәттілік, мен жасаған қателікті қайталамайсың деп үміттенемін.

Анель Алимханова

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  12. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  13. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  14. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ