Дамыған ортағасырлық отырықшы мәдениеттер

0
787
Иллюстрация: Freepik.com

Шығыс Қазақстанмен солтүстік Алтай материалдарының өзара жақын екендігі Батыс Сібірдегі дәс сондай ескерткіштер қазбаларынан кейін нақтыланды, алынған мағлұматтар осы аймақта біртұтас мәдени дәстүр таралғандығын көрсетіп берді, оның негізгі өзегі Ертіс өңірінде болғандығы байқала бастады.

Ертіс алабында мейлінше, ірі археологиялық зерттеулерді С.С.Черников (Пчела, Қызыл Ту, Славянка, Юпитер қорымдар), Е.И.Агеева мен А.Г.Максимова (Трофимовка, Подстепное, Совхоз-499, т.б. қорымдар), Ф.ХАрсланова (Зевакино, Орлов, Бобров қорымдары т.б.) жүргізген. Өткен ғасырдың соңына қарай Шүлбі ГЭС-ы салынуына орай С.М.Ақынжанов пен Ю.И.Трифонов осындағы ортағасырлық молаларды қазған болатын. Жартас, Исмайловка, Ақши-2, Қарашат қорымдарынан алынған материалдар толығымен жарияланған.

Бұл ескерткіштерден IX-X ғасырлармен мерзімделетін жүзден астам молалар зерттелген. Қимақтарға жататын археологиялық мәдениеттің ерте кезеңі, қалыптасуы әзірге мардымсыз қарастырылған. Бұл кезеңге Шіліктіде (С.С.Черников) жылқы жерленген қазба (үңгімелі) қабірді, Подстепное ауылы маңындағы қираған қабірді жатқызуға болады. Подстепное қабірінен үсті тегіс қапсырма, ал Шілікті қабірінен үш қанатты жебе ұштары, садақтың ортаңғы жапсырмалы, айылбас, жүген мен түйіндерді шешуге арналған зат шыққан. Жылқы қосып жерлеу Қимақ қабірлерін VI-VIII ғасырлардағы алтайлық түркілердің молаларыменжақындастырады.

VIII-IX ғасырларға Орлов-1 қорымындағы оба жатады, одан діңгек-табытқа (колодоға) жерленген жасөспірімнің мүрдесі шыққан, мүрденің басы шығысқа бағытталған және жанына бай қабір-саймандары қойылған. Діңгек табыттың жоғарыжағынан шашырап жатқан ер адамның қаңқасы, ал қасындағы оңтүстік жақтағы тепкішекшеден үш аттың сүйегі мен ит қаңқасы шыққан. Жерлеу ғұрпына қарағанда Орлов обасы Таулы Алтайдағы Қурай қорымындағы бай молаларды еске түсіреді. Алайда, бұл уақытқа жататын ескерткіштер Ертіс өңірінде өте аз ұшырасады.

IX-XI ғасырларға ертіс аңғарындағы Қимақ қабірлерінің басым бөлігі жатады. Ертіс алабында олардың кеңінен таралуын ескерсек, Қимақтардың археологиялық мәдениетінің бұл өңірден кем дегенде екі жергілікті нұсқаларын бөліп қарастыруға болады. Олар – Жоғарғы Ертістік пен Павлодарлық. Болашақта Сросткин мәдениетінің новосібірлік нұсқасымен жалғасып жатқан омбылық нұсқаны да бөлуге мүмкіндік туатындығы анық.

Шығыс Қазақстан аумағындағы IX ғасыр ортасы мен XI ғасыр бас кезіне жататын ескерткіштер Қимақ-Қыпшақтар құрған бірлестіктің орталық ауданындағы олардың мәдениетін айғақтайды. Молалар жерлеу ғұрпы мен қойылған бай құрал-саймандары бойынша ерекшелінеді. Мәселен, С.Черников қазған обалар былайша сипатталынады: мүрде жалғыз жерленген, қасына ат, жылқы терісі немесе жүген-ноқта асай-мүсейлері қойылған; кинотафтар да ұшырасады; мүрде ағаш табытқа салынып, жерден қазылған қабірге жерленген, қасына жылқы немесеноқта-жүгендер қойылған.

Шығыс Қазақстандық қимақтардың жерлеу ғұрпының өзіндік келбеті бар, ол қимақ-қыпшақ қауымдастығының қалыптасуындағы күрделі процестер аясында сай келеді. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан қабірлеріндегі ерекшеліктермен қатар, қимақтардың археологиялық мәдениетінің Жоғарғы ертістік нұсқасын өзара байланыстыратын заттар кешені де анықталған, олар: айқыштамасы тік келген екі жүзді ауыр қылыш; сегіз саны секілді бөліктері мен үлкен сыртқы сақиналардан тұратын ауыздықтар; S-тәрізді («етікшелі» темір және «балық құйрығы» сияқты аяқталынатын сүйек) сулықтар.

Жебе ұштары үш қанатты, жалпақ және ланцет (қияқ) тәрізді; садақтың ортаңғы жапсырмаларымен қорамсақтың, сүйек қапсырмаларына циркуль өрнек түсірілген; Бағалы металдардан жасалынған фантастикалық хайуанаттардың (самұрық, қанатты арыстан т.б.) бейнелер қимақтардың Қазақстан мен Орта Азия отырықшы орталықтарымен тығыз байланыс орнатқандығын көрсетеді.

Дереккөз: ҚазҰУ, тарих және археология факультетінің дәрісі

Ұқсас материалдар: 

  1. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  2. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  3. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  4. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  5. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  6. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  7. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  8. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  9. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  10. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  11. Қара теңіз және Азов жағалауларындағы ортағасырлық көшпелілердің археологиялық ескерткіштері
  12. Хазар қағанатының салтово-маяцк мәдениеті
  13. Кобадиан ерте ортағасырлық ескерткіштері
  14. Ерте ортағасырлық түркілердің жерлеу-ғұрыптық кешендері Орталық Азия археологиялық материалдары негізінде
  15. Енисей қырғыздары, ұйғыр және қимақ археологиялық мәдениеттері

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ