Енисей қырғыздары, ұйғыр және қимақ археологиялық мәдениеттері

0
1350
Freepik.com

Қимақ ескерткіштерінің таралу аймағы алғаш картаға түсіріліп, кейбір жерлеу орындары көрсетілген еңбектің қатарынан Қазақстанның археологиялық картасын айта аламыз.

Шығыс Қазақстан өңіріндегі ерте түркілік кезеңмен мерзімделетін е Ф.Х. Арсланованың еңбектерінен көре аламыз. Павлодар облысындағы ертетүркілік ескерткіштерге археологиялық қазба жүргізіп, жерлеу ғұрыптарының өзіндік ерекшеліктері мен өзара ұқсастықтары туралы Ф.Х.Арсланованың зерттеулерінен көре аламыз.

Ертіс бойындағы қимақтардың жерлеу орындарынан табылған айнадағы жазуға қатысты С.Г.Кляшторный өз пікірін білдіріп өткен. Қимақ мәдениетінің таралу аймағына қатысты зерттеулердің ішінде Д.Г. Савиновтың зерттеулерін ерекше атауға болады. Ғалымның зерттеулерінде Солтүстік Алтай өңіріндегі ІХ–Х ғасырлармен мерзімделетін Сросткин мәдениетіндегі кейбір ерекшеліткердің қимақтармен байланыстылығы бар екендігі байқалады.

Бұл мәдениет Бийск маңындағы Сросткин жерлеу орындарымен байланысты аталған. Сросткин мәдениетінің ескерткіштері аталған ескерткішті зерттеуші А.А. Гавриловтың тарапынан «Сросткин типіндегі мәдениет» деген атау алды. Ғалымның пікірінше, сросткин мәдениеті Байкалдан шығыста Барабинск даласына дейін, Новосибир облысынан Тува мен Таулы Алтайдың солтүстігіне дейінгі аралықта таралған. Сросткин мәдениетінің этникалық негіздері ғылымда әртүрлі талданып келеді.

Бұл мәдениетті алғаш зерттеуші М.П. Грязновтың пікірінше «Алтайдағы Сросткин мәдениеті жергілікті халықытң негізінде сегізінші ғасырда қалыптасқан, одан кейін Обь аймағындағы орманды-далалы аймаққа таралған. А.А. Гаврилованың ойынша «бұл мәдениет Алтайдан тыс аймақта қалыптасқан, саяси ауыспалы кезеңде ығысқан». Қимақтар туралы деректредің ішінде хронологиялық жағынан ең бірінші мәлімет келтіретін қытай тарихшысы Сыма Цянь (145?-87? жж) болып табылады.

Қимақтар туралы ортағасырлық араб-парсы деректері пайда болғанға дейін, осындай бұлыңғыр деректермен шектеліп қала берді. Қазіргі таңда қимақтар туралы және олрадың мемлекеттік құрылысы жөніндегі деректер араб-парсы жазбаларының ІХ–ХVI ғасырлардағы мәліметтерімен толығып тұр деп айтуға болады.

Ортағасырлық Қимақтар туралы алғашқы араб-парсы деректеріне тарихшы, Гассанид әулетінен шыққан Абул-Уәлид Мұхаммед әл-Азраки (858 ж. өлген) өзінің (Китаб-ахбар әл Макка (Мекке қаласы туралы ақпарат)) атты еңбегін жатқыза аламыз. Тамим ибн Бахр IX ғасырдың бірінші жартысында Қимақтар елі арқылы тоғыз-оғыз қағанының астанасына барған. Әбу Усман Бахр әл Жаһиздің қимақтар туралы деректерін ортағасырлық авторлар жиі пайдаланғаны белгілі. Әл Жаһиздің «Манакиб ал-атрак»

(Түріктердің абыройы) атты шығармасын 1956 жылы А.М.Мандельштам жариялаған. «Манакиб ал-атрак» еңбегіндегі мәліметтер ұқсас деректер ХІ ғасырдағы Абд-әл-Ала ибн Хассульдің (1058 ж өлген) еңбегінде кездеседі. Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады.

Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби айтып өткен. Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері – оғыздардың, тоғыз-ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады.

Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді» деп хабарлайды. Қимақ билеушісі едәуір құдыретті болған. IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғарғы атағымен қаған (хақан) деп атала бастады.

Қимақтардың басшысын қаған деп атаған деген деректі әл Хорезми қалдырған. Қимақ қағанының қолында нақты билік болды, ол өз мемелекеті шегінде билеушілерді тағайындаған, ал олар тайпа шонжарларының өкілдері болған деген пікірді В.В. Бартольд айтып өткен.

Дереккөз: ҚазҰУ, тарих және археология факультетінің дәрісі

Ұқсас материалдар: 

  1. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  2. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  3. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  4. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  5. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  6. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  7. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  8. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  9. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  10. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  11. Қара теңіз және Азов жағалауларындағы ортағасырлық көшпелілердің археологиялық ескерткіштері
  12. Хазар қағанатының салтово-маяцк мәдениеті
  13. Кобадиан ерте ортағасырлық ескерткіштері
  14. Ерте ортағасырлық түркілердің жерлеу-ғұрыптық кешендері Орталық Азия археологиялық материалдары негізінде

ПІКІР ҚАЛДЫРУ