Харизма деген не?

0
7943
Иллюстрация: Freepik.com

Харизма — болымсызды болдырады. Харизмасы бар адамдар бөлмеге кіріп келсе, әңгіме-дүкен пышақ кескендей тыйылып, қасқа мен жайсаң сәлем беріп, ілтипат көрсетіп кетеді.

Харизмалы адамның пікірі де сөзі де өтімді. Мұндай адамды үлкен-кіші ұйып тыңдайды, келелі кеңесі түгіл, көлденең лепесінің өзін ескерусіз тастамайды. Əлдеқандай бір іске шақырса, көп жұрт ақылға салып жатпай, қасынан табылуға тырысады.

Харизма күнделікті өмірде шешуші рөл атқарады. Бұл қасиеттің арқасында университетке түсіп жатқан жас талапкер интервьюді сәтімен өткеруге, оқу кезінде ұйым басқарып, тізгін ұстауға бір табан жақын тұрады.

Харизма туғанда даритын қасиет емес, жүре қалыптасатын машық. Харизмасы мықты адамдар көбіне оны жеткіншек кезінде меңгерген. Кейбірі саналы түрде, кейбірі айналадағы жандардың арқасында. Əдейілеп игергендердің саны көп. Мысалы Стив Джобс харизмасы күшті тұлғаның бірегейі саналған. Алайда оның алғашқы презентацияларына қарасақ, қимылының ебедейсіз, ойының шашыраңқы болғанын көреміз. Тек əрдайым топ алдына шыққан сайын харизмасының артып отырғаны тағы байқалады. Әу баста қипақтап тұратын, жұтынып сөйлейтін «боркемік» кәсіпкер бірте-бірте тыңдарманды үйіріп әкететін шешенге айналып шыға келген.

Жұрт қандай адамды «харизмасы мықты екен!» дейді?!

Бейтаныс біреумен жолыққанда адам екі нәрсені – ниеті (intention) мен күшін (power) бағамдайды. Әуелі қандай ниетте екенін білгісі келеді; дос па, жау ма?! Содан кейін әлгі ниетті іске асыратын күші бар ма, жоқ па, соны таразылайды. Егер де тау қопаратын қауқары (power) бар адам кішілік танытса, ілтипат (warmth) білдірсе, бір үйір ұлпа сөз айтса, бітті, харизмасы аспандап қоя береді.

Харизманы тудыру оңай. Мүмкіндіктеріңіздің мол екенін (high power) және ниетіңіздің ізгі екенін (high warmth) көрсетсеңіз болды. Себебі харизма екі элементтен – күш (power) пен жылылықтан (warmth) тұрады.

Бұл екеуін толықтыратын тағы бір әлемент бар, ол – бар болмысыңызбен сол жерде болу (presence). Харизмасы бар адамның қасында тұрғанда оның күші мен сізге деген ілтипатын ғана емес, дәл сол уақытта сізбен бірге тұрғандығын жүйке — тамырыңызбен сезінесіз.

Дереккөз: «Жаһан» журналынан ықшамдалып алынды.

Басқа материалдар:

  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  10. Көркем троптар, олардың түрлері
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  12. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  13. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  14. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ