Киносы Оскар жеңіп алған 8 кітап

Иллюстрация: Freepik.com

1. Марио Пьюзо «Крёстный отец»

Қылмыстық әлемді шахмат тақтасы секілді басқарып отырған Дон Карлеонның өмірі.

2. Кен Кизи «Пролетая над гнездом кукушки»

Түрмеден қашу үшін бір жігіт өтірік жынды болады. Сөйтіп жындыханадан бір-ақ шығады. Бірақ оған бұл жер ұнамайды.

3. Гарри Поттер.

Өлімнен аман қалған сәбидің зұлым Лордты жеңуге шамасы жете ме?

4. Джон Толкин «Властелин колец»

Әлемді басқаруға күш беретін жүзікті жас бала игере ала ма?

5. Соломон Нортап «12 лет рабства»

Жақсы жұмысқа тұрдым деп алданып, он екі жыл құлдықта жүрген жігіттің өмірде болған оқиғасы.

6. Молчание ягнят

Қылмыскерді ұстау үшін басқа қылмыскердің көмегіне жүгінуге бола ма?

7. Унесенные ветром

Солтүстік пен оңтүстік штаттардың азамат соғысында өрбитін әйелдің бейнесі.

8. Великий Гэтсби

Шым-шытырық махаббат хикаясы.

Ұқсас материалдар:

  1. Өмірді өзгертетін ТОП-5 кітап
  2. Өз өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз…
  3. Мұғалімдерге арналған 3 таптырмас сайт
  4. Ұстаздар қалай қосымша табыс таба алады?
  5. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  6. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
  9. Жас маманға 8 кеңес

Аптасына бір мәрте өзіңізден есеп алып тұратын сұрақтар үлгісі

Иллюстрация: Freepik.com

Күніне болмаса да, аптасына бір мәрте өзіңізден есеп алып тұратын сұрақтар үлгісі.

1. Не білдім, не түйдім? Сәттілік құпиясы қарапайым – әр күн сайын бір қадам алға басамыз. Бір жылдан соң мақсатыңызға жетесіз не 365 қадам жақындайсыз. Оған тезірек, сәтті, белсенді түрде жету үшін жаңа ақпарат жәрдемдеседі.

2. Осы аптада қандай жетістікке жеттім?
Өз жетістігіңізді көрген сайын бойыңызға сенімділік ұялап, өзіңізді бұрынғыдан            да жақсы көре түсетін боласыз. Аяқталған іс сізді мықтырақ етеді. Егер нәтижесі болмаса – өзіңізден себебін сұраудың кезі келді. Өзіңізді жетілдіріп жүрсіз бе, кері кетіп жатырсыз ба?

3. Қашан тоқтадым? Уақытымды босқа құртып, қамсыз отырған кезім болды ма? Бұл миллионерлердің де басында болады. Бірақ осыны дер кезінде ескеріп, берекесіз уақытпен күрескендер ғана жеңіске жетеді. Осы аптада істелуі керек қай істі кейінге қалдырдым? Әр нәрсенің өз уақыты бар. Кей істі кейінге қалдыра тұруға да болады, ал кейбірі кейінге қалса, көп нәрседен қол үзіп қаламыз. Мұндай іс әр аптада бар.

4.Сымбатымды сақтау үшін немесе салауатты өмір салтын ұстану үшін не істедім? Дене қуатқа толы болғанда, күткеніңізден де көп аласыз.

5. Жақын-туыстарыма қанша уақытымды бөлдім? Бәріміз өзіміз үшін және бізге жақын жандар үшін өмір сүреміз. Ал олармен кемінде күніне бір сағат араласып тұрудан жақсы не бар?

6.Келесі апта менің өмірімнің ең соңғы аптасы болса, не істер едім? Бұл сұрақ өмірдегі ең маңызды істі кейінге қалдырмауға көмектеседі.

Әр аптада осы сұрақтарға шынайы жауап берсеңіз, жаңа мүмкіндіктер мен үміттерге қол жеткізіп отырасыз. Осылайша «ақырын жүріп, анық басып», барар жеріңізге тез жетіп аласыз.

Ұқсас материалдар:

  1. Өмірді өзгертетін ТОП-5 кітап
  2. Өз өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз…
  3. Мұғалімдерге арналған 3 таптырмас сайт
  4. Ұстаздар қалай қосымша табыс таба алады?
  5. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  6. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
  9. Жас маманға 8 кеңес

Бір күнде оқылатын қызық 5 кітап

Иллюстрация: Freepik.com

ТАСТАМАШЫ, АНА

Айгиз Баймұхаметовтың шынайы өмірінен алынған оқиғалар бұл кітаптың негізгі бөлігін құрайды. Балалар үйінде болып жатқан былықтар мен бассыздықтарды көзімен көріп, қолымен ұстап, басы-қасында жүргендіктен, соны өмірдің бір новелласы секілді кітап етіп жазған. Мұнда достық та, сатқындық та, қатыгездік те, аяушылық та, бәрі бар.

В Казахстане издана книга «Тастамашы, ана!» («Не оставляй, мама!»)  башкирского писателя Айгиза Баймухаметова - Культурный мир Башкортостана

АЛА ЖІПТІ АТТАМА

Біреудің ақысына кіріп жатқанымызды байқамаймыз. Ақысын жеу – тек ұрлау не тартып алумен анықталмайды екен. Оның нәзік тұстары өте көп екен. Мысалы, түнгі уақытта айқайлап сөйлеу – көршілердің ақысына қол сұғушылық. Адам мен адамның, адам мен Алланың, адам мен мемлекеттің арасындағы ақы түрлеріне қаныққыңыз келсе, сіз іздеген кітап осы.

Ала жіпті аттама - Кітапхана

БАСҚА БӘЛЕ ТІЛДЕН

Үйде манты жеп отырып, әйеліңізге: «Пәленшелердікі енді ұят қой тіпті. Салаттары ашып кетіпті. Қонақтардың алдында өзім ұялып отырдым» десеңіз, жаны ашыған адамға ұқсайсыз. Алайда сіз мантымен қоса сол пәленшенің өлігін де жеп жатыр екенсіз. Себебі оны ғайбат дейді. Оны толық біліп алу үшін мына кітапты дереу оқыңыз.

Kitap.kz - онлайн платформа
КАК Я ВЫИГРАЛ ЖИЗНЬ?

Бәрімізге ертегі ұнайды. Себебі онда ауыр тұрмыстан шыққан бала соңында байып, бақытты болады. Ал осының өмірдегі мысалын көріп пе едіңіз? Нашар тұрмыстан шыққан Али есімді бала өз өмірін қолға алып, әке-шешесін және бауырларын кедейліктің шұңқырынан алып шығуға бекінеді. Ал оның жолы бола ма?

Как я выиграл жизнь - BookHouse китеп дүкөнү

ЕРТЕГІСІЗ ӨТКЕН БАЛАЛЫҚ

Бұл Айгиздің екінші кітабы. Біз ата-анамыздың құшағында, тәтті жеп, қыдырып, ойнап күліп жүргенде, балалар үйіндегі балалардың өмірі ащы күндер мен қиындықтың ортасында өтеді. Ата-ана дейтін алтын қазынамызды қалай қадірлей алмай жүргенімізді осы кітаптан оқып біліңіз.

В Казахстане издана книга башкирского писателя Айгиза Баймухаметова |  Новости Уфы и Башкирии

Ұқсас материалдар:

  1. Өмірді өзгертетін ТОП-5 кітап
  2. Өз өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз…
  3. Мұғалімдерге арналған 3 таптырмас сайт
  4. Ұстаздар қалай қосымша табыс таба алады?
  5. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  6. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
  9. Жас маманға 8 кеңес

Кітап оқуға деген құлшынысты қалай арттыруға болады?

Иллюстрация: Freepik.com

Күн сайын қалай үзбей кітап оқуға үйренуге болады?

1. Кітапты дұрыс таңдаңыз. Бестселлердің бәрі керемет емес.

2. Алдағы уақытта оқитын кітаптардың тізімін жасай беріңіз. Біреудің кітап туралы ерекше жазбасын оқысаңыз, енгізіп қойыңыз.

3. Кітап дүкендеріне барып тұрыңыз. Олар оқуға құлшыныс береді. Түрлі кітаптармен танысасыз.

4. Күніне 10-20 минут тапжылмай кітап оқыңыз. Қалыптаса келе көлемін көбейтіңіз.

5. Кітап оқуға жайлы атмосфера, орта жасаңыз. Яғни, телефон, ТВ, компьютерді, артық дыбыс шығаратын құралдарды басқа бөлмеге құртыңыз.

6. Кітаптың көлеміне мән беріңіз. Қалың кітап мақтаныш емес. 200 беттік кітаптардан бастаңыз.

7. Рахатты ойлаңыз. Тек іскерлік кітап оқи берсеңіз, іш пысады. Арасында әдебиеттерді оқып тұрыңыз.

8. Бірден 1-3 кітапты қатар оқыңыз. Одан көбі көп боп кетеді.

9. Тез оқып бітірем деп асықпаңыз. Кітаппен сіңісіп кетіңіз.

10. Достармен талқылаңыз. Солай кітаптың мазмұны есте ұзақ сақталады.

11. Электронды кітаптарды оқуға болатынын есте ұстаңыз. Оларды алып жүру қолайлы. Көлемі кішкентай кітаптарды да алыңыз. Кезекте тұрғанда оқуға жақсы.

12. 1 айда 2 кітап оқимын деген секілді мақсат қойыңыз. Мақсатты орындаңыз.

13. Жылдам оқуды меңгеріңіз.

14. Челлендж жасаңыз. Досыңызбен кітап оқып жарысыңыз.

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…

Qaztest.kz сайтында өтіп жатқан олимпиадалар тізімі

Иллюстрация: Freepik.com

Qaztest.kz — республикамыздағы қазақ тілінде білім беретін мектеп оқушылары мен педагог мамандарға арналған онлайн олимпиада сайты.

Qaztest олимпиадалары туралы «Егемен Қазақстан» Республикалық басылымына мақала жарияланды. Мақаланы осы сілтемеден оқи аласыз. 

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.  

Бұл қашықтан ұйымдастырылған олимпиада арқылы оқушы өзінің сабақты қаншалықты меңгергенін ұғына алса, ұстаздар қауымы бәсекелестікке қаншалықты дайын екенін анықтай алады. 

Qaztest.kz сайтында өтіп жатқан олимпиадалар тізімі: 

«Қазақстан үміті» қашықтық олимпиадасы (2-4 класс)

«Үздік бастауыш сынып мұғалімі» қашықтық олимпиадасы

V Республикалық А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасы

V Республикалық А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасы (5-11 сыныптар)

«Ұлы даланың жеті қыры және Қазақ елінің тарихы» қашықтық олимпиадасы

«Алаш мұрасы: тұлғалар қызметі мен тәуелсіздік мұраты»

«Алаш мұрасы: тұлғалар қызметі мен тәуелсіздік мұраты» қашықтық олимпиадасы (5-11 кл)

Физика (7-11 сыныптар)

Математика (5-11 сыныптар)

Мектепке дейінгі педагогика және инновациялық технологиялар

Педагогика (мұғалімдер)

Информатика (мұғалімдер)

Қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы

Орыс тілі мен әдебиеті олимпиадасы

Ағылшын тілі олимпиадасы

Дүниетану (2-4 сыныптар)

Жаратылыстану (2-4 сыныптар)

Қазақ тілі (2-4 сыныптар)

Математика (2-4 сыныптар)

Математика (бастауыш сынып мұғалімдері)

Қазақ тілі (бастауыш сынып мұғалімдері)

Жаратылыстану (бастауыш сынып мұғалімдері)

Дүниетану (бастауыш сынып мұғалімдері)

Интернеттен табыс табуға болатын қызметтер

Иллюстрация: Freepik.com

ДИЗАЙН. Қазір күннен-күнге блогерлер, бизнеспарақшалар саны біршама артып жатыр.  Өз парақшасын, курсын, нұсқаулығын (чек лист) безендіргісі келген блогерге сиқыршы дизайнердің көмегі ауадай қажет.

НҰСҚАУЛЫҚ (ЧЕК ЛИСТ). Қазір блогерлер арасында танымалдылығы артып келеді. Бұл идеяның болашағы зор. Жалпы, чек листтың бағасы соншалық толағай емес, бірақ тапсырыс саны көп болса, әңгіме басқа.

САЙТ ЖАСАУ. Қазір өте мәшһүр қызметтердің бірі. Бір нәрсе сататын табысты бизнесменнің түптің түбінде жеке сайтын ашуға ойы кететіні анық.

КОПИРАЙТИНГ. Инстаграмда иә сайтта болсын жарияланатын жарнаманың жұртты елең еткізетін мәтінге зәру екені айтпаса да түсінікті.

ТАРГЕТ ҚЫЗМЕТІ. Жарнама — қазіргі замандағы ең өтімді құрал. Сондықтан бұл қызметтің өтімділігіне де шүбә жоқ.

БЛОГЕРЛЕРДІҢ МЕНЕДЖЕРІ. Жұлдызы жанып, дәурені жүріп тұрған әр блогерге жұмысының жартысын сеніп тапсыратын пысық көмекші керек.

ЖАРНАМА ҮЛГІЛЕРІ. Жарнамасыз ән қайда, жарнамасыз сән қайда? Сондықтан жарнаманың креативке толы, жарқ-жұрқ еткен үлгілерін жасау арқылы қыруар пайдаға кенелуге болады.

КУРС, МАРАФОН, МАСТЕР КЛАСС, ВЕБИНАР ӨТКІЗУ. Егер сіз бір саланың мықты  эксперті болсаңыз, қасықтап жиған біліміңізді шелектеп ақшаға айналдыру оп-оңай.

ФОТО, ПРЕСЕТ ӨҢДЕУ. Әдемі, ұқыпты, біртекті аккаунтқа әркімнің-ақ бар таласы. Бірақ фотоларды бірізді етіп өңдеу бәрінің қолынан келе бермейді.

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…

Библиоклептоман деген кім?

Иллюстрация: Freepik.com

Библиоклептоман — кітап ұрлайтын адам. Стивен Блумберг 23 мың кітап ұрлаған.

Адамдардың 95 %-ы минутына 210 сөз оқиды.

Ал 2 минутта 1,5 бет оқиды. О.Бальзак жарты сағатта 200 бет оқыған.

Дүниедегі ең ауыр кітап Британия музейінде сақталған ХVII ғасырға тиесілі географиялық атлас екенін білесіз бе?

Ол кітаптың ұзындығы – 1,9 мерт, ал салмағы – 320 келі тартады.

Орта есеппен, кітап сатып аларда адам алдыңғы мұқабасына 8 секунд, артқы мұқабасына 15 секунд қарайды екен.

Әдебиетшілердің есептеуінше, Шекспирдің кітаптарында «махаббат» сөзі 2259 рет, ал «жек көрушілік» сөзі бар болғаны 229 рет кездеседі екен.

Темір тордың ар жағында жазылған романдар: Мигель де Сервантестің «Дон Кихот» кітабы, Джон Баньянның «Пилигрмның саяхаты», Оскар Уайльдтың «Түрме тәубесі».

Ұқсас материалдар:

  1. Өз өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз…
  2. Мұғалімдерге арналған 3 таптырмас сайт
  3. Ұстаздар қалай қосымша табыс таба алады?
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  6. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  7. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
  8. Жас маманға 8 кеңес

Сторизді әдемі жасауға керекті 5 қосымша

Иллюстрация: Freepik.com

Сториз Инстаграм қолданушыларының сүйікті контентіне айналды.

Сондықтан оқырмандарыңызды қызықтырып, сторизді түрлендіріп отыру өте маңызды. Төмендегі қосымшалар лентаңыздағы посттарға да, жарнамалық фото-видео макеттер жасауға да ыңғайлы.

Mojo
Әр түрлі стильдегі анимациялық сториз жасап алуға, әдемі мәтін жазып қоюға болады. Тегін шаблондары көп.

Mojo: приложение для Stories | AK16 - Дом Контента | Яндекс Дзен


MoStory
Алдыңғы Mojo-ның андройдқа арналған аналогы. Тегін функциялары бірақ азырақ.

MoStory - Animated story art editor for Instagram для Андроид - скачать  бесплатноUnfold
Сторизге суреттер/заставкалар қоюға жақсы. Әр түрлі композициялардан коллаж жасап, мәтін қосуға болады. Өңдеп алуға сүйкімді дизайн береді.

Influencers Are Using Unfold To Take Their Instagram Stories To The Next  Level Story Lab
Сторизге де, лентаға да суреттер жасап алуға болады. Әр түрлі фигуралардың ішіне сурет орналастыру, коллаждар жасау функциялары бар. Бірақ, тегін шаблондары аздау. Ақылы нұсқасы керемет.

MI ART] Story Lab: Easily Create Cool Stories - App - Mi Community - Xiaomi

Vimage
Судың қимылдап ағып тұруы, құстың ұшуы, бұлттардың көшуі — барлығын осында жасап алуға болады. Оқырмандарыңызға ұнайтыны анық!

VIMAGE 2.0.6.0 • Скачать для Android (APK) Бесплатно

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…

SMM маманы алғашқы клиентті қалай табады?

Иллюстрация: Freepik.com
  1. Өзіңіздің немесе таныс адамыңыздың бизнесі

Бұл ең көп таралған нұсқасы. Жақындарыңызға, таныстарыңызға жаңа курс оқып
алғаныңыз туралы айтыңыз. Ең бірінші этап осыдан басталады.

2. Оффлайн

Мұндай жағдай сіздің де басыңыздан өткен шығар. Мысалы, дүкенде, киім-кешек магазинінде, сұлулық салонында отырған кезде иесімен әңгімелесіп, немен айналысатынымыз туралы айтып кетеміз. Осылай өзіңіздің салаңыз туралы айтып беруге болады. Бұл әдіс те жақсы нәтиже береді. Өйткені кім де кім болмасын табысын арттырғысы келеді.

  1. “Кез келген дүниеден жақсы идея шығаруға тырысамын” SMM маманымен сұқбат
  2. SMM маманы Жібек Өтеп: Инстаграмды сауатты жүргізу жолдары
  3. SMM маманы деген кім?

3. Жарнама арқылы

Бұл 100% жұмыс  істейтін әдіс, және осыған кеңес беремін. Өзіңіздің қызметіңізге жақсылап жарнама жасау керек.

Одан кейін міндетті түрде өтініштер түседі, әрі қарай өзіңізге ұнағанын таңдап жұмыс жасай бересіз. Көп адам «ешкім жаңадан бастап жатқан маманмен жұмыс істегісі келмейді» деп қорқады.  Негізінде олай емес. Өзіңізге мықты жарнама бере алсаңыз, демек, болашақ клиенттің де саласын дамыта аласыз.

4. Өзіңізге дұрыс портфолио және парақшаңызды әрлеу.

СММ маманы (таргетолог, копирайтер, дизайнер) екеніңізді көрсетіп қою. Бұл әдіске үлкен мән берген жөн. Өйткені жұмыс беруші жеке парақшаңызды  сұраған кезде ұят болып қалмасын.

Бақса материалдар:

  1. Топ 5. Дизайн трендтері
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…

Отан қорғаушылар мерекесі мен Жеңіс күні құтты болсын!

Иллюстрация: Freepik.com

Құрметті, Martebe.kz сайтының оқырмандары!

Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс күштері кепіл болады!

Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!  Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар!

Қайратты, мақсатты болыңыздар! Еңбекте табыс, таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын!

Биік шыңдардан көрініңіздер! Баян батырдай батыл, Қозы көрпештей көрікті, Төлегендей сүйікті болыңыздар. Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін тілейміз!

Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгілік пен игілік бұйырсын. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!

Ізгі ниетпен: Martebe.kz ұжымы