Клиптік таным деген не?

0
1171
Freepik.com

Клиптік таным әлемді бүтіндей емес, БӨЛШЕКТЕНГЕН қалыпта қабылдау дегенді білдіреді. Ағылшын тілінен аударғанда «clip» (клип) «фильмнен ҮЗІНДІ немесе газеттен алынған ҚИЫНДЫ, БӨЛІК» дегенді білдіреді.

Клип дегенде ең бірінші ойымызға не түседі? Әрине, өзіміз сүйіп көретін музыкалық клиптер. Олардан  нені байқауға болады? Шын мәнінде, музыкалық клиптерде ешқандай МАҒЫНА ҮСТЕЙТІН АҚПАРАТ ЖОҚ, олар жай ғана БІР-БІРІМЕН ҮЙЛЕСПЕЙТІН КӨРІНІСТЕРДІҢ ТІЗБЕГІ.

Дәл солай фильмдер мен сериалдар да бір-бірімен БАЙЛАНЫСПАЙТЫН кадрлардың жиынтығы. Теледидардан бір-біріне түк қатысы жоқ ақпараттар ағымы үздіксіз төгіліп жатады: бір қарасаң, жаңа заңдар туралы айтылып жатыр, оның артынан зообақтағы пілдің баласы жайлы жаңалық кетеді, көріп болғаның сол, артынан ЖАРНАМА жіберіледі. Бір нәрсені ОЙ ЕЛЕГІНЕН ӨТКІЗБЕЙ ЖАТЫП, басқа нәрсеге НАЗАРЫМЫЗДЫ АУДАРТЫП ЖАТЫР.

Ақпаратты осындай қалыпта БЕРІЛУІ және сенің оны сондай қалыпты ҚАБЫЛДАУЫҢ соңы КЛИПТІК ТАНЫМҒА әкеледі.

КЛИПТІК ТАНЫМНАН қандай ҚАУІП БАР?

• Бір іске зейін қою қиындық тудырады. Клиптік танымның иелері жай үй жұмысының өзін сағаттап орындауы мүмкін, себебі олардың назары бір орында тұрмайды. Әр нәрсеге бір бас сұғып, бір істі қарық қылмайды.

• Талдау жасау қабілеті ақсайды. Логикалық тізбектерді құру, басты ойды таба білу және тұжырым жасай білу қабілеттері нашарлайды.

• Есте сақтау қабілетінің төмендеуі, енді ғана түсіндірген дүниені лезде ұмыту, классикалық әдебиет туындыларын меңгере алмау.

• Адамдарға бейжайлықпен қарау. Клиптік таным мезеттік — сондықтан да оның иелері біреудің қайғысына ортақ бола алмайды, шынайы көңіл білдіре алмайды. Олар болған қайғылы жағдайды бес минуттан кейін ұмытып кетуі мүмкін, себебі интернетте жаңа хайп пайда болды.

КЛИПТІК ТАНЫММЕН қалай КҮРЕСУГЕ болады?

БІРІНШІ ӘДІС. Көркем әдебиет туындыларын оқы, ескі фильмдерді көр.

Басында көркем әдебиет туындылары өзінің ұзақтығымен қиындық тудыруы мүмкін, кейіннен бәрі әдетке айналады. Оқуға күніне ең кемі 10-15 минут уақытыңды бөл, одан кейін ақырындап уақытты арттырып тұр.

Ескі фильмдерге де қатыстысы сол. Онда оқиға бір-екі жерде орын алады, кадрлар баяу өзгереді, ал фильм кейіпкерлерінің арасындағы диалогтар ҰЗАҚ әрі КҮРДЕЛІ. Ондай фильмдерді көріп үйренбеген соң кішкене іш пыстырарлық болуы мүмкін, бірақ уақыт өте сенің ойың өзгеретініне күмәнім жоқ.

Егер сенің сүйікті ескі фильмдерің болса, олармен комментарийде бөліс.

ЕКІНШІ ӘДІС. Мазмұндама мен шығармалар жаз.

Мазмұндама жазу сені өзге адамдардың ойларын есте сақтап, ой елегінен өткізуге үйретсе, шығарма жазу сеніөз ойыңды тұжырымдасуға үйретеді.

Әдет болсын десең, күніне ең кемі БІР БЕТ шығарма немесе мазмұндама жазуды өзіңе талап етіп қой. Өз жұмыстарыңды ата-анаңа, мұғалімдерге, достарыңа көрсетуге ұялма. Олар қай жерден қате кеткеніңді айтады.

ҮШІНШІ ӘДІС. Күмәнға сал және талқыла!

Біржақты ойлауды доғар. Оппоненттың позициясын талда және әрқашан «Ал мен не істер едім?» деп өзіңе сұрақ қой. Мысалы, мұғалім саған «екі» қойды. Бар кінәні оған жауып, ренжи салу оп-оңай. Ал сен өз ақтығыңды күмәнға салып, өзіңді мұғалімнің орнына қойып көрші. Өзіңе қандай баға қояр едің?

ТӨРТІНШІ ӘДІС. Цифрлық каникулдар ұйымдастырып тұр.

Гаджеттерден толық бас тартудың көмегі зор болмас. Себебі клиптік (клиповость) тек интернетте ғана емес, ол барлық жерде: билбордтар, компьютерлік ойындар, журналдар және т.б.

Бірақ сонда да ақпараттық шудан ара-арасында демалып тұрған пайдалы. Мысалы, аптаның бір күнін интернет, гаджеттен аулақ өткіз. Бос уақыт пайда болған екен, шығармашылыққа арна. Серуенде, сурет сал, достарың болса, кездесіңдер, велосипед айда және т.б.

Басқа материалдар:

  1. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  2. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Web-дизайнер деген кім?
  8. Таргетологтың қызметі қандай?
  9. Контекстолог деген кім
  10. Копирайтер деген қандай мамандық?
  11. Контекстолог деген кім?
  12. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  13. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  14. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  15. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  16. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  17. Помодоро әдісі және оның пайдасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ