Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (26-30 мәтін)

0
3088
Иллюстрация: Freepik.com

26-мәтін
Тоғыз құмалақ

Қазақ халқының ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған. Тоғызқұмалақ – 4 мың жылдық тарихы бар, ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Қазіргі таңда республика бойынша қазақтың төл ойыны — тоғызқұмалақпен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады.

Тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, сонымен бірге Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда. Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді тәрбие беру, кез- келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. Ойынды бастайтын ойыншыны – бастаушы, ал оның қарсыласын қостаушы деп атайды.

Бастаушы ойыншы жеребе арқылы немесе рейтингтік көрсеткіштер бойынша анықталады. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасайды. Ойын «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады. Ойында шар тәріздес құмалақтар пайдаланылады. Бұл тақта тең екі бөлікке бөлінген он сегіз тік және екі көлденең отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің әрқайсысында 9-дан отау және бір-бірден қазан болады. Бұл қазанға әр ойыншы ұтып алған құмалақтарын салады. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасады.

Отаулардың рет сандары 1-ден 9-ға дейін белгіленіп, солдан оңға қарай орналасқан. Ойын басында әр отауға 9-дан құмалақтар салынады, яғни ойын басталар кезде әр ойыншының жағында 81-ден құмалақтары болып, ойынға жалпы 162 құмалақ қатысады. Тоғызқұмалақ – бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады. 245сөз

1.Ойынның «Тоғызқұмалақ» деп аталуының себебі

A) Шар тәрізді құмалақтармен ойнағандықтан

B) Отаулардың саны тоғыз болғандықтан

C) Әр отауға тоғыз құмалақ салынатындықтан

D) Ойынға екі адам қатысатындықтан

E) Тоғыз құмалақ ұту керек болғандықтан

2. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасуының себебі

A) Ойыншы өз қазандығына артық құмалақ салмас үшін, ойын әділ болуы үшін

B) Ойыншының ұтып алған құмалақтары болғандықтан

C) Қарсы ойыншының құмалақтарын санап анықтап отыру үшін

D) Отау мен қазандықтар көрініп тұруы үшін

E) Әр ойыншы өз құмалақтарын көріп отыру үшін

3.Тоғызқұмалақ ойыны дамып келе жатқан елдер

A) Украина, Армения

B) Германия, Бразилия

C) Франция, Монғолия

D) Испания, Чехия

E) Ресей, Өзбекстан

4.Мәтін мазмұнын жеткізудегі тәсілдер

A) Суреттеу, пайымдау

B) Ақпарат, зерттеу

C) Әңгімелеу, пайымдау

D) Сипаттау, суреттеу

E) Салыстыру, әңгімелеу

27-мәтін

Құлпынай – дəрумендерге өте бай. Ќұрамында ағзаға аса пайдалы С дəрумені көп. Оның құрамында темір, магний, калий, кальций, цинк, марганец, фосфор, кремний, мыс пен йод та бар. Қыс бойы дəрумен жетіспей əлсіреп шығатын ағзаға аса пайдалы.

Құлпынайдың пайдалары:
— Дəрумен жетіспеушілікке өте пайдалы.
— Тамырдың бітелуін алдын алады жəне холестеринді түсіреді.
— Құрамындағы антиоксиданттар қартаю процесін тежейді.
— Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі.
— Микробқа қарсы қасиеті жоғары болғандықтан, асқазан ауруы бар адамдарға аса пайдалы.
— Жүрек қан-тамырлар жүйесін қорғайды.
Жөтел жəне өкпе аурулары кезінде құлпынайдың жапырақтарын қайнатып ішсе, тез арада жазылып кетуге болады. Құлпынайды десерт ретінде жейді. Құлпынайдың пайдасын арттыру жəне организмге сіңімдірек болу үшін, қаймақпен немесе кілегеймен жеу керек. Құлпынайдан шырын, тосап, джем жасайды. Хош иісі үшін парфюмерияда қолданады.

Құлпынайды қалай таңдауға болады?
— Сатылғанда құлпынайдың гүлсабағы да міндетті түрде сақталуы керек. Себебі гүлсабағының сақталуы құрамында С дəруменінің қажетті мөлшері болуына кепіл болады.
— Өте үлкен құлпынай жидектеріне қарағанда орташа жəне ұсақ жидектерінде дəрумендер көбірек болады.
— Құлпынайдың ашық қызыл немесе қанық қызыл түрлерін кездестіруге болады. Бұл құлпынайдың өскен жеріне, түріне байланысты болып, əрқайсысының өзіндік дəмі мен ерекшеліктері болады.
— Сапалы жидектердің табиғи жағымды иісі болады. Иісі байқалмайтын жидектердің «химия» көмегімен өскендігі белгілі болады. 203сөз

1. Құлпынайды гүл сабағымен сатып алудың мәнісі

A) Дәрумендер көп болады

B) С дәрумені жақсы сақталады

C) Табиғи жақымды иісі болады

D) Химиялық заттар болмайды

E) Сабағын қайнатып ішеді

2.Мәтін мазмұнына сай тақырып

A) Дәрумен құлпынай

B) Құлпынайдың ағзаға пайдасы

C) Құлпынайдың теріге пайдасы

D) Құлпынай сабағының пайдасы

E) Табиғи құлпынай

3.Бірінші азат жолда айтылған ой

A) Құлпынайдың дәрумендері

B) Құлпынайдың ағзаға пайдасы

C) Құлпынайдың жөтелге пайдасы

D) Құлпынайдың иммунитетке пайдасы

E) Құлпынайдың асқазанға пайдасы

4. Құлпынай құрамындағы дәрумендер

A) кальций, сульфат

B) марганец, сульфид

C) фосфор, гелий

D) кремний, марганец

E) Магний, калий

28- мәтін

Кеңес Одағы заманында талантты спортшыларымыз КСРО құрамаларының сапында болды да, қазақ халқының спортқа бейім екендігін біреу білсе, біреу білмеді. Әрі әртүрлі себептерге байланысты құрыш білек жігіттеріміз бен нәзік те, қайсар қыздарымыз өз мүмкіндіктерін толығымен паш ете алмады. Ал халықаралық додаларға дербес мемлекет ретінде қатыса бастағалы қазақтың да спортқа бапандай екендігі тайға таңба басқандай болып көрінуде.

Ең бастысы, қазақ топырағын мекендеген ұлттар мен ұлыстар ұйым-шылдық танытып, бір тудың астына бірігіп, татулығымыз бен бірлігімізді мейлінше сомдап келеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілеттігі мен статусы 1992 жылы 9 наурызда Лозаннада танылып, бекітілді. Содан бері қазақ елі дербес мемлекет ретінде спорттық додаларға қатысып келеді. Бүгінде қазақтың қайыс қолғап киген қырандарынан көптеген елдің боксшылары қаймығады. Білек түрінген балуандарымен көбі имене күреседі. Зілтемір көтерген толағай қыз-жігіттерінің көрсеткіштеріне барлығы да бас иеді.

Жиі-жиі жаңартып тұратын рекордтарын мойындайды. Қандай спорттың түрі болсын, қазақтың қыз-жігіті немесе Қазақстан спортшысы небір бүкіләлемдік додада топ жарып, жүлдеге ілігіп жатса, оған ешкім де таңданбайды. Қазақстан тек жекелей сындағы спорт түрлерінде ғана емес, командалық спорт түрлеріне де қара жаяу еместігін ерен жетістіктерімен дәлелдей білді. Хоккейшілеріміз (қыздарымыз да, жігіттеріміз де), ватерполшыларымыз (қыздарымыз да, жігіттеріміз де), волейболшыларымыз (қыздарымыз), гандболшыларымыз (қыздарымыз) бірнеше рет төрт жылда бір өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, қазақ топырағында спорттық ойындардың да аса жоғары деңгейде дамығандығын көрсетті. Осы спорттың түрлерінен Азияда көшбасшы құрамалардың біріміз.

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілеттігіне мүше болғанына қанша жыл болды?

A) 24

B) 26

C) 27

D)30

E) 29

2.Қазақ спортшыларының таныла бастауының себебі

A) КСРО құрамында болғандықтан

B) Спортқа жеке мемлекет ретінде қатыса бастағандықтан

C) Ұлттық комитет ұйыма мүше болғаннан

D) Тәуелсіз ел болғандықтан

E) Бүкіләлемдік додаларға қатысқандықтан

3.Мәтіннің мазмұнын жеткізуде қолданылған тәсілдер

A) Әңгімелеу, ақпарат

B) Зерттеу, хабарлау

C) Пайымдау, суреттеу

D) Сипаттау, пайымдау

E) Салыстыру, зерттеу

4.Қазақстанда дамып жатқан топтық спорт түрлері

A) Футбол, хоккей

B) Волейбол, гандбол

C) Баскетбол, ватерпол

D) Теннис, волейбол

E) Волейбол, пионербол

29-мәтін

Адамдар ғасырлар бойы алысқа хабар жеткізудің жолдарын қарастырды. Алғаш қолданған тәсілдер ашық аспан күні от жағу және айнаны күнге шағылыстыру болатын. 1793 жылы Француздық Клод Шапп ашқан хабар жеткізу машинасына «телеграф»,- деп аталды. Бұл құрылғының жұмысы иінтіректің (рычаг) қозғалысынан пайда болған белгілердің сандар мен әріптерді басқа жерге жеткізуі болатын. Осыдан 40 жыл өткен соң электрлі телеграф дами бастады.

1876 жылы Александр Грейам Белл алғаш сым құралдары арқылы хабарласатын телефонды ойлап тапты. Телефонмен сөйлескен сайын айтылатын «Алло» сөзі негізінде бір қыздың (телефонды ойлап тапқан Александр Грейам Беллдың сүйіктісі) қысқартылған есімі. Қыздың толық есімі – Алессандра Лолита Освалдо. Грейам Белл телефонды ойлап тапқанда алғаш телефон желісін сүйіктісінің үйіне қарай тартады. Шеберханасында телефон шалынған сайын оның сүйіктісі екенін біліп, телефон тұтқасын көтерер-көтермес «Алессандра Лолита Освалдо»,- дейтін болған.

Уақыт өте келе сүйіктісінің атын қысқартып «Але Лол Ос»,- деп айта бастаған. Жұмыстары көбейген сайын оның атын әлде де қысқартып, екі буыннан тұратын «Алло»,- деген атпен атап кеткен.

Беллдың телефон желісін дамытуда, барлық қалаларға таратуда, көптеген тәжірибелермен жұмыс басты болуы сүйіктісін зеріктіре бастайды. Сөйтіп ол одан кетіп қалады. Күндердің күнінде сүйіктісінен хабар келеді деген үмітпен Белл телефоннан алыстамайтын болады. Күн өткен сайын тартылған телефон желісі артып, хабарласатын адамдар да көбейе түседі. Алайда, телефон қоңырау шалған сайын сүйіктісі деп телефон тұтқасын «Алло»,- деп көтеретін болады. Осылайша барлық адамдарға «Алло»,- деп кетеді. Кейін адамдар да Александр Грейам Беллдың құрметіне телефон тұтқасын көтергенде «Алло»,- деп айта бастайды. Бұл сөз бүгінге дейін жетеді.(240сөз)

1.Электрлі телеграфтың дамуы туралы мәтіннің қай бөлігінде айтылады?

A) Барлық

B) Бірінші

C) Үшінші

D) Екінші

E) Айтылмайды

2.Мәтіннің мазмұнына лайықты тақырып

A) «Алло» сөзінің пайда болуы

B) Француздық Клод Шапп

C) Грейам Белл

D) Сымды телефонның пайда болуы

E) Алессандра Лолита Освалдо

3. Телефонмен хабарласатын адамдардың көбеюінің мәнісі

A) Сымды телефон желілері көбейе бастады.

B) Белл сүйіктісінен хабар күтіп, өзі көп адамдармен хабарласты.

C) Адамдар қызық ретінде қолдана бастады.

D) Телефон ойлап тапқан ғалымдар көбейе бастады.

E) Басқа телефонның түрлері пайда болды.

4. Мәтіннің мазмұнын қорытындылайтын нақыл сөз

A) Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.

B) Оқу инемен құдық қазғандай.

C) Ғылым жанып тұрған шырақ.

D) Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз.

E) Өнерлінің өрісі кең.

30- мәтін

Бүгінде әлемде әлемдік қауымдастық мойындаған 200-ден астам мемлекет бар. Олардың әрқайсысында өздеріне тиісті ерекше белгілері, соның ішінде елтаңбасы, әнұраны мен туы бар. Сонымен бірге көбінесе мұндай кенеп маталар бір нәрсені әлдеқайда айқын көрсетіп қана қоймай, сол елдің қызықты тарихын дәлме-дәл айтып тұрады. Тіпті, өнер туындысы ретінде қабылданатын тулар да бар.

Швейцария туы тік бұрышты болып келмейтін әлемдегі мемлекеттердің арасындағы екінші ту болып табылады. Бұл рәміз қызыл шаршы түрінде, ортасына ақ түсті айқыш төтесінен бейнеленген. Сонымен бірге айқыштың ұштары қызыл матаның жиектеріне дейін жетпейді. Ту ресми түрде ХІХ жүз жылдықта ұлттық рәміз ретінде бекітілген.

Швейцария туы Швицкантонының елтаңбасынан шыққан. Ол 1291 жылы Швейцария конфедерациясын құрған осындай үш бірлестіктің бірі болды. Осындай бейнедегі ту алғаш 1339 жылы Лаупене маңындағы шайқас кезінде жарыққа шықты. Тек ол кезде айқыштар әлдеқайда жіңішкелеу, матаның жиектеріне дейін созылған болатын.

Швейцария туының түсі Қасиетті Рим империясы кезеңінен бері өзгермегендігін айта кету керек, ал пішіні жетілдіріле түскен. Конфедерация кезеңінде ту үшбұрышты болды, кейіннен ол қызыл фондағы бірдей бес шаршыдан құралған ақ түсті айқышқа өзгерді. Сосын тек 1889 жылы ғана ту өзінің қазіргі түріне енді.

Дәл осы Швейцария туын ең гуманистік ту деп айтуға болады. Өйткені оның алдыңғы шаршылардан құралған айқышы бар түрі Қызыл Крестің танымал белгісінің түп бейнесі болды. Тек түстерінің ғана орны ауыстырылды. Осындай қайырымдылық ұйымының негізін қалаушы, Швейцария азаматы Жан Анри Дюнанға осылайша лайықты құрмет көрсетілген.

1.Мәтіндегі: «Бүгінде әлемде әлемдік қауымдастық мойындаған 200-ден астам мемлекет бар» деген сөйлемнің мәнісі

A) Екі жүзден астам алпауыт мемлекеттер бар деген сөз.

B) Екі жүзден астам тәуелсіз мемлекет бар деген сөз.

C) Мемлекеттік рәміздері бар екі жүзден астам мемлекет бар деген сөз.

D) Өзінің тулары бар екі жүзден астам мемлекет бар деген сөз.

E) Әлемдік қауымдастықтың құрамында екі жүзден астам мемлекет бар деген сөз.

2. 1339 жылы шыққан тудың мақсаты?

A) Соғысқа ұстап шықты.

B) Басты рәміз ретінде шықты.

C) Швицкантонының елтаңбасынан шықты.

D) ХІХ жүз жылдықта ұлттық рәміз ретінде бекітілді.

E) Алғашқы ту ретінде шықты.

3. Мәтіннің екінші бөлімінде айтылған ой

A) Швейцария туының пайда болуы

B) Рәміздер туралы

C) Швейцария туының сипаты туралы

D) Швицкантонының елтаңбасы

E) Швейцария туының өзгермегені туралы

4.Мәтін мазмұнын жеткізуде қолданылған тәсілдер

A) Суреттеу, әңгімелеу

B) Сипаттау, ақпарат

C) Пайымдау, зерттеу

D) Салыстыру, хабарлау

E) Пайымдау, әңгімелеу

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ