Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (33-40 мәтін)

0
4009
Иллюстрация: Freepik.com

33-мәтін
Батыс өркениетінің бесігі – мәңгі қала атанған Римнің іргетасы

1.Амфитеатрдың мыңдаған жылдар қозғалмай тұруының себебі Іргетасының терең орналасуынан

2. Адамдардың он минутта жайғасып үлгеруінің мәнісі Сексен есік болғандықтан

3. Рим жәдігерлеріне жатпайтын қатар Әулие Каллиста Катакомбасы, Колоссеум

4. Мәтіннің мазмұнын жеткізуде қолданылған тәсіл Ақпарат

Ақтау тізбегінің бірінен саналғанмен мидай жазықтың

1. Жотаның төбесінің бос жатуының себебі Су болмаған соң, өсімдіктер аз өскендіктен

2.Ол жерден сауыт пен тиындырадың табылуының мәнісі Соғыс болғандығын білдіреді

3.Шерқаланың ерекшелігі айтылатын бөлім Төртінші

4. Мәтін мазмұнын жеткәзудегі тәсілдер Ақпарат, суреттеу

Бегемот, гиппопотам, сусиыр (лат. Hippopotamusamphibius) ұзындығы 35 – 50 см, салмағы 2,6 – 3,2 т (кейде 4,5 т). Тіршілігінің көбін суда өткізеді, кейде судың таяз жеріне, жағасына шығады. Тері бездері қызғылт түсті шырыш бөліп шығарады, сондықтан денесі жез түсті болып келеді. Қырық – елу жылдай өмір сүреді, топтанып жүреді. Ергежейлі бегемоттың дене тұрқы 1,70 – 1,85 м, құйрығының ұзындығы 70 – 80 см, салмағы 250 – 275 кг. Ол жеке де, топтанып та жүреді, отыз бес жылдай өмір сүреді.

Бегемот жағасы батпақ, қалың шөп өскен тұйық көлдерді мекендейді. Жақсы жүзеді, сүңгиді. Өсімдік тамыры мен түйнегін қорек етеді. Қорегін түнде іздейді. Еті, терісі, майы үшін көп ауланған. Ергежейлі бегемот санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық «Қызыл кітапқа» енгізілген. Кәдімгі бегемот немесе гиппопотам Қазақстанда хайуанаттар бағында бағылады. 1— жұп тұяқтылар отрядына, бегемоттар тұқымдасына жататын, күйіс қайырмайтын ірі жануар. Денесінің ұзындығы —4,5 м, салмағы — 2000—3000 кг, бойы — 1,5 м келеді. Терісі—қалың, түгі тақыр болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Қорегі — тек су өсімдігі. Топтанып жүреді.

Бегемот тек тропиктік Африкада кездеседі. Әрқайсысында бір ғана түр бар екі туысқа бөлінеді. Оның ересегінің дене тұрқы 4 – 4,5 м-дей, құйрығының 79 сөз

1. Бегемоттың батпақты суларды мекендеуінің себебі

A) Шөп қана жейтіндіктен

B) Балық жейтіндіктен

C) Жүзе алатындықтан

D) Жауынан қорғанғандықтан

E) Ыстықтан қорғалағандықтан

2. Ергежейлі бегемоттардың «Қызыл кітапқа» енгізілуінің себебі

A) Түнде тіршілік ететіндіктен

B) Сиреп кеткендіктен

C) Еті пайдалы болғандықтан

D) Майы үшін ауланатындықтан

E) Хайуанаттар бағында болғандықтан

3. Бегемот денесінің жез түсті болып келуінің себебі

A) Тақыр болғандықтан

B) Суда жүзгендіктен

C) Тері бездері қызғылт болғандықтан

D) Өсімдік тамырын жегендіктен

E) Қызғылт шырыш бөлетіндіктен

4. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Бегемоттардың ерекшелігі

B) Ергежейлі бегемоттар

C) Пайдалы жануарлар

D) Бегемоттардың сипаты

E) Бегемоттардың пайдасы

34-мәтін

1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесіне сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оған қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.

2. Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды.  Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр. Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды.

3. Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты. (113 сөз)

1. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?

  1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.
  2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.
  3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды.

A) Үшінші

B) Бірінші

C) Екінші

D) Барлығы теріс

E) Барлығы дұрыс

2. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды?

A) Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына

B) Ертең сабаққа баратынына

C) Ауданға баратын адамның болмағанына

D) Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне

E) Туфлиінің жыртылғанына

3. Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?

A) Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді

B) Қалауын тапса қар жанар. C) Қырсыққан жігіт мал таппас.

D) Өтірік айтқаннан өлген артық.

E) Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.

4. Айдос неліктен жылап жіберді?

A) Туфлисіз қалғанына ренжіп

B) Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне

C) Жаңа туфли әпергеніне қуанып

D) Ата-анасына сенбегеніне ренжіп

E) Сабақ айтпай, тисті баға алғанына

35- мәтін

Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа келген мысық оны жегісі келіп тыныштық бермепті. Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа: – Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп жүрсің? – дейді. Мысық тәкаппарлана:

– Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – дейді. Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш-бұрышта тығылып жүретін болыпты. Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып, ұйықтап жатқан дұшпа-нының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген сайын сылдырайтын қоңырау-дың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін болыпты.

1. Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.

A) Ұйқышыл мысық

B) Жаңа дос

C) Тату-тәтті өмір

D) Қулығын асырған тышқан

E) Мысық пен тышқан

2. Мәтіннен мысықтың қай қасиеті байқалады?

A) Өркөкіректігі

B) Мақтаншақтығы

C) Айлакерлігі

D) Жалқаулығы

E) Батырлығы

3. Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай

A) Батылдығы

B) Шыдамдылығы

C) Шапшаңдығы

D) Тапқырлығы

E) Ептілігі

4. Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.

A) Ежелгі дұшпан ел болмас

B) Жалғыз қаздың үні шықпас

C) Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас

D) Екі қошқардың басы бір қазанда піспес

E) Досы көпті жау алмайды

36- мәтін

Ақылды үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған «Нені болса, соны сұрайтының не?» деместен, оның сұрағандарына өте ыждағатпен жауап беретін. Бірде ол әкесінен:

– Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ісінен артқы аяқтары басқан ізі асып түседі? – деп сұрады. Әкесі:

– Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек сенен де бір ақылды адам шығар. Ол тағы бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі,- деді.

Ақылды:

– Бұрын шыққан құлақтан, кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге? – деп сұрады әкесінен. Әкесі:

– Иә, балам! Мәселен, құлақ туа бітті бар болады. Ал, мүйіз болса, бұзау алғаш туғанда болмайды. Кейін, үлкейе келе, біртіндеп өсе-келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала тайыншаның туғанда қашан мүйізі бар еді? Жоқ болатын. Ал, құлағы ше? Құлағы бар болатын. Кейін, бірер айдан кейін мүйіз шыға бастады. Енді міне, бір жылға таяп еді, мүйізі өсіп, құлағымен бірдей болды. Құдай қаласа, келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда ұзын болып озады.Сен ақылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің, туғанда бар құлағынан асқанындай сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ заманынан озбаса оның ұрпақ болмағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын,- деді әкесі.

1.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.

A) Ақылды бала

B) Әке өсиеті

C) Ақылдының сұрағы

D) Даналық ойлар

E) Әке арманы

2.Мәтін мазмұнына лайықты сөйлем

A) Мүйіз туғанда өспейді.

B) Құлақ туа пайда болмайды.

C) Құлақ пен мүйіз туғанда болады.

D) Бәйге аттары ізін дөп басады.

E) Құлақ мүйізден ұзын болады.

3.Мәтін мазмұнын жеткізуде қолданылған тәсілдер

A) Зерттеу, сипаттау

B) Суреттеу, пайымдау

C) Ақпарат, зерттеу

D) Әңгімелеу, салыстыру

E) Сипаттау, ақпарат

4.Мәтін мазмұнын түйіндейтін даналық ой

A) Ат тұяғын тай асар.

B) Ата балаға сыншы.

C) Ата – бәйтерек, бала –жапырақ

D) Әкесі құрдастың аласы құрдас.

E) Әкелі бала жаужүрек.

37- мәтін
Найзағай

Найзағай – бұлттар, не бұлт пен жер арасында болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Оның жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең, температурасы 300000 градусқа дейін жетеді. Жыл сайын әлемде найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа түседі.

Найзағай соққанда, терезені, есікті, құбырларды жабу керек, телефонмен де сөйлесуге болмайды. Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындауға, су жиналатын жерлерге тұруға болмайды. Теледидар, радионыжәнебасқа да электрліқондырғылардытоқтанажыратукерек. Қысқаағаштардыңарасынпаналауқажет. Биікағаштардыңқасына, әсіресетерекке, еменге, шыршағатығылуғаболмайды.

Құрғақағаштарнайзағайтүскенненсоң, тез жанады. Адамдар бұрыннан бері ағаштардың ішінде еменге үнемі найзағайдың түсетіндігінен хабардар. Ежелгі славян халқы еменді «Перун ағашы» депатаған. Бұлатау ПерунҚұдайдыңатыменаталсакерек. Ғалымдар мұны еменнің тамырының тым тереңде орналасқандығымен түсіндіреді. Еменнің жерге берік орналасқан тамырлары мықты болып келеді. Мықты тамырлар жердің сулы қабатына оңай жетеді. Сондықтан еменді «жайтартқыш ағаш» деп атайды. Статистикалық ақпараттарға сүйенсек, найзағайдың түсуінен ашық далада өстетін емендер мен теректер көбірек зардап шегеді екен.

Жалғыз тұрған ағашты ешқашан найзағай айналып өтпейді. Мұндай ағаштардың жалғыз тұрғандықтан, өзгеден соры басым.

1. Найзағай болып жатқан сәтте қандай ағаштарды паналау қажет?

А. «Перун ағаштарын»

В. Емен мен терек ағаштарын

С. Жалғыз тұрған ағаштарды

D. Қысқа ағаштардың арасын

E. Шырша ағаштарының арасын

2. Мәтіннің жазылу стилін анықта

А. Ғылыми стиль

В. Ресми іс- қағаздар стилі

С. Публицистикалық стиль

D. Көркем әдебиет стилі

E. Ауызекі сөйлеу стилі

3. Наным-сенімге қатты сенген қазақ халқы найзағай сөзін тағы басқа қандай сөздермен алмастырып қолданған?

А. Атыжаман

В. Ұлыма

С.Ит-құс

D. Жай,жасын

E. Жарқылдақ

4. Сөйлемдердің дұрысретін анықта

1.  Ежелгі славян халқы еменді «Перун ағашы» деп атаған

2. Құрғақ ағаштар найзағай түскеннен соң, тез жанады

3. Найзағай бірінші биік затқа түседі.

4. Жалғыз тұрған ағашты ешқашан найзағай айналып өтпейді

А. 1.2.3.4.

В. 2.1.3.4.

С. 3.4.2.1.

D. 3.1.4.2.

E. 3.2.1.4.

38-мәтін

Аңыздың айтуынша, осы өлкені аптасына бір рет маңайдағы ауылдардың әдемі қыздарын алып кететін қатыгез, қан құмар айдаһар мекендепті. Соғыстан оралған ержүрек батыр айдаһарды жекпе-жекке шақырады. Аяусыз ұрыс екі күн, екі түнге ұласады. Үшінші күні олар біраз дем алмақ болады. Айдаһар жартасқа өрмелеп шығып, тырнақтарын тасқа қадайды. Жартастың бетімен қан тасқыны ағады. Айдаһар маңайына көз салса, көл буырқанып, қарағайлар жақтырмай шулап, таулар түнеріп, төңірегі өзіне жек көрінішпен қарап тұр екен.

Ал шаршаған батыр жерге бауырын төсеп жатады. Бетін самал жел аймалап, шөп сыбдырлайды. Сусын ішкісі келеді. Сонда ол: «туған жер, ұлыңның шөлін қандыршы», — дейді. Жер тесіліп, батырдың аяғының тұсынан таза бұлақ шығады. Батыр ішіп, күші үш есе артады. Соңғы айқаста айдаһардың жүрегін тесіп өлтіреді. Айдаһар үлкенді-кішілі бөлшектерге бөлініп, тас болып қатып қалады. Таста тырнақтары мен қанының ізі қалып қойыпты.Ал қасында батырға күш берген бұлақ атқылап жатыр.

Келесі аңыз бойынша, Найзатас атауының шығу тарихы мүлдем басқаша. Соғыс пен шабуыл кезінде күндіз-түні Найзатас шыңынан тұрғындар тауларға беталыстарды бақылап отырған. Мыңдаған адамдар мен ауылдар шабуыл мен соғыстардан қорғану үшін таулы аймақтарда мекендеген. Шың басына тек бір жолмен көтерілуге болады. 700 метр биіктікте белдік тектес Қазан орналасқан, қазан ішінде суы бар. Шың найза пішінді, сол себептен шыңды Найзатас деп атайды.

1.Батырдың күшінің артуының себебі

A) Айдаһарды өлтіремін деген ниеттен

B) Бетіне ескен самал жел лебінен

C) Таза бұлақ суына шөлі қанғандықтан

D) Жер ана бауырына төсегеннен

E) Айдаһардан қорғану үшін

2. Мәтіндегі: « Айдаһар маңайына көз салса, көл буырқанып, қарағайлар жақтырмай шулап, таулар түнеріп, төңірегі өзіне жек көрінішпен қарап тұр екен» — деген сөйлемнің мәнісі

A) Айдаһар өзі зұлым болғандықтан, өзгелер көзіне солай көрінеді

B) Зұлым күш иесіне деген табиғаттың қарсылығы

C) Табиғатта долы дауыл, жел болып тұрады

D) Айдаһардың екпінінен жел тұрып, ағаштар шулайды

E) Айдаһардың соңғы демі шығып бара жатқандағы көрініс

3. Мәтін мазмұнына алшақ ой

A) Соңғы айқаста айдаһарды өлтіреді.

B) Батыр айдаһардың басын кесіп, қоржынына салады.

C) Шың басына бір жолмен көтерілуге болады.

D) Айдаһар тас болып қатып қалады.

E) Қазан орналасқан жерде су бар екен.

4.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Айдаһармен айқас

B) Найзатас туралы аңыздар

C) Найзатас тауы

D) Найза пішінді тау

E) Аңыздар сыры

39- мәтін

Абылайдың азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр. Ол 1711 жылы Түркістан билеушісі «қанішер» Абылайдың ұлы Көркем Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Атасы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Түркістанды қалмақтар басып алғанда Көркем Уәли өліп, Әбілмансұр далаға қашып шығады да, аман қалады. Әбілмансұр барған жерінде ата-тегін жасырып күн кешеді. Осы «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім бала, үйсін Төле бидің қолына келеді.

Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің атын өшірмей, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. 1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды.

Үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан куатты мемлекетке айналдырды. Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында 1781 ж қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген.

1.Мәтіннің екінші бөлігінде айтылған ой

A) Абылайдың тәрбиесі

B) Үйсін Төле туралы

C) Абылайдың жорығы

D) Төленің даналығы

E) Абылайдың жорығы

2.Төленің Абылайдың бойына қазақ даласының даналығын сіңіруінің мәнісі

A) Абылаймен сырлас болғандықтан

B) Абылайдан үлкен үміт отын көргендіктен

C) Абылайдың Уәлидің ұлы болғандығынан

D) Абылай қанішер болғандықтан

E) Абылай хан болғандықтан

3. Әбілмансұр есімінің ұмытылу себебі

A) Халық ақ киізге көтеріп хан сайлағандықтан

B) Жауға Абылайлап шапқан соң, ел Абылай деп атап кеткендіктен

C) Бүкіл қазақ ұлысының сұлтаны болғандықтан

D) Арғы атасы қанішер Абылай болғандықтан

E) Қашып жүргендегі лақап аты болғандықтан

4. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Абылай хан

B) Әбілмансұр хан

C) Уәлидің ұрпағы

D) Батыр Абылай

E) Абылайдың ерлігі

40-мәтін

Бабыр шах (1483-1530) – Үндістандағы ең үлкен мұсылман мемлекеті Бабыр Империясының құрушысы. Есімі Заһируддин Мұхаммед Бабыр. Әкесі Әмір Темірдің ұрпағынан Омар Шейх, анасы Шағатай ханның шөбересі Құтлық Нигар Ханым. Бабыр жас кезінен әскери тәлім тәрбиені жетік меңгеріп, жорықтарға қатысып, қолбасшылық қасиеттерін дамытты. 1494 ж әкесінің қайтыс болуынан кейін Ферғананың әмірі болды. 1498-1500 жылдары арасында Шайбанилердің басқыншылығы кезінде Самарқандпен Әндіжанды алып қалуға тырысады. Бірақ сәтсіздікке ұшырап барлық иелігінен айрылады. Ташкентте нағашысының жанында болып әскер жинайды.

Кейін Гиндикуш тауларын асып Кабулды қан төкпей басып алады. 1504 ж Гиндикуштан Ғазнаға дейінгі жерлерді иемденді. Парсы, түрік, татар, үнді, пешту тілдерінде сөйлейтін халқын әділеттікпен басқарды. Исламның таралу жолында көп еңбек етті. Барған жерлерінде Ислам шариғатын орнатты. 1519 ж Индус өзенінен өтіп Пенжабты қолға түсірді. Пұтқа және отқа табынатын раджалардың зұлымдығындағы Үндістанға Исламды үйретуді мақсат тұтты. Үндістанды жаулау үшін батыстағы ең үлкен Түрік-Ислам мемлекеті Осман империясынан зеңбірек жасайтын ұсталар алдырды. Жақсы дайындықпен 1526 ж Дели, Агра, Ханпур қалаларын басып алды. Аграны астана етіп 1526 ж Бабур империясының құрылу жылы деп жариялады. Бабыр шах Гималайдан Гувалиар және Амудариядан Бенгалға дейінгі жерлерге иелік етті.

Соңғы отыз жылдық өмірі соғыспен өтіп қажыған Бабыр шах 1530 ж қайтыс болды. Алдымен Аграда жерленіп кейін қабірі Кабулге көшірілді. Немерелерінен Шах Жихан 1646 ж қабіріне көрікті кесене салдырды. Мұсылмандардың ең үлкен дұшпаны ағылшындардың жаулап алуына дейін империя салтанаты 340 жыл жалғасты. Бабыр шах сонымен қатар дарынды ақын әдебиетші еді. Өмірін өзі жазды. Бабыр шахтың Тузук, Бабури және Бабырнама деп аталатын кітаптары сол дәуірдегі Орта Азия, Ауғанстан және Үндістан тарихы үшін құн жетпес дерек болып табылады.

1. Мәтін мазмұнын жеткізуде қолданылған тәсілдер A) Ақпарат, хабарлау

B) Зерттеу, пайымдау

C) Суреттеу, ақпарат

D) Баяндау, зерттеу

E) Салыстыру, сипаттау

2. Осман империясынан ұсталар алдыруының себебі

A) Соғыс қаруларын жасату үшін

B) Үндістанды жаулау үшін

C) Ұсталық өнерді меңгеру үшін

D) Ислам дінін тарату үшін

E) Оқ дайындау үшін

3. Бабырдың дарынды әдебиетші болғанының дәлелі

A) Бірнеше кітаптары сақталған.

B) Өз өмірін жазып шықты.

C) Жорықтары туралы жазды.

D) Үндістан тарихын жазды.

E) Ислам діні туралы жазды.

4. Мәтін мазмұнын түйіндейтін ой

A) Жігіт жақсысын «сұлтан» дейді, Ит жақсысын «сырттан» дейді.

B) Жігіт жауда өлер, Шешен дауда өлер.

C) Жігіттің бір басы екеу болмай, жиғаны жетеу болмайды.

D) Ер салмағын ел көтереді, Ел салмағын жер көтереді

E) Ер тамыры елде, Ел тамыры жерде.

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ