Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (62-65 мәтін)

0
15023
Иллюстрация: Freepik.com

62- мәтін

1.Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті ана қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: — Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

2.Біріншісі айтыпты:
— Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.
Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: — Ал сен не айтасың, — депті.
3.Екіншісі айтыпты:
— Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.     Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: — Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

4.Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:
— Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

5. Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып:
— Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті, — деген екен.

  1. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Кәрі қыран

B) Қыран балапандары

C) Қыран арманы

D) Қыранның сұрағы

E) Соңғы сынақ

2.Мәтін мазмұнына алшақ сөйлемдер

1.Бірінші балапанына риза болыпты.

2.Ата қыран балапандарына сұрақ қойыпты.

3.Кәрі бүркіт үшінші балапанына риза болыпты.

4.Балапандарына соңғы сынақ жасапты.

A) Екінші мен үшінші

B) Бірінші мен екінші

C) Үшінші мен төртінші

D) Екінші мен төртінші

E) Бірінші мен төртінші

3.Мәтін мазмұнын жеткізудегі тәсіл

A) Суреттеу

B) Зерттеу

C) Хабарлау

D) Ақпарат

E) Әңгімелеу

4.Мәтіннің соңғы бөлімідегі қыранның сезінген күйі

A) Күйініш

B) Ризашылық

C) Алаңдаушылық

D) Дегбірсіздік

E) Лажсыздық

5.Бүркіттің балапандарына сынақ жасауының мәнісі

A)Аманатына ие болып қалатын балапанды білгісі келгендіктен    

B) Балапандарының арманын білгісі келгендіктен

C) Балапандардың өз еркімен ұясынан ұша алатынана көз жеткізу үшін

D) Балапандарының болашақ өмірін болжағысы келгендіктен

E) Балапандарының мінезін анықтағысы келгендіктен

6.Мәтін мазмұнын қорытындылайтын нақыл сөз

A) Өнегелі ұрпағың болса, өлмегенің.

B) Ер қартайса, қазаншы болады,

Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.

C) Қара құс басып жейді,

Сұңқар құс шашып жейді.

D) Қаршығалыға қоян кездеспейді,

Жарақтыға жау жолықпайды.

E) Ата балаға сыншы.

63- мәтін

Жақсылар мен жамандар

1 Бүгін жұма күні. Нұржігіт әдеттегідей университетінен жиырма минуттық жердегі мешітке жұма намазын оқуға барды. Жұма намазы сағат екіден кете толықтай оқылып болды. Нұржігіттің түстен кейінгі екі жарымда сабағы басталады. Сол себепті, мешіттен шығысымен университетке қарай асыға адымдай бастады. Халық ығы-жығы. Жамағат мешіттен қайтып барады. Алла үйінің аумағынан шықпай жатып, абайсызда бір ағаның аяғын басып кетті. Жасы қырық-қырық бестер шамасындағы жігіт ағасы Нұржігіт ғафу өтінгенше, «Кешіріңіз, байқамай қалдым» деп айтып үлгерді. Ол не дерін білмей, абдырап қалды. Әкесіндей адамның «сіз» деп сөйлеуі, оның үстіне Нұржігіт айыпты жерде оның кешірім сұрауы жүрегін елжіретіп жіберді.

2 Нұржігіттің екі жарым мен бес жарымның арасындағы үш сабағы лезде өте шықты. Ол жатақханаға келіп, жаттығуға жинала бастады. Спорттық киімдерін, бокс қолғабын, дулығасын рюкзагына салып, бокс залына қарай аяңдады. Жолда Нұржігітті ұялы телефонмен сөйлесіп, айналасындағы өзге ештеңені байқамай келе жатқан бір жігіт қағып өтті. «Көзің көрмей ме, ей?! Байқамайсың ба?!» — деп дүрсе қоя берді ол. Содан соң іле-шала: «Айып етпе, бауырым. Байқамай қалдым. Телефонмен сөйлесіп келе жатыр едім…» — деді. Шамасы, рюкзагына сыймай, жартылай сыртқа шығып тұрған бокс қолғабын енді көрген болу керек… Нұржігіт «Ештеңе етпейді» деді де одан әрі кете берді. Ол ойға шомды. Адамдар неге бір-бірін иманына, адамгершілігіне, ақылына қарап сыйламайды?! Көпшілігі өзгелерді не билігі, не байлығы, не күші болса ғана құрметтейді. Ал олар болмаса таптап өтуге әзір.Нұржігіт мырс етіп күліп жіберді. Өмір деген бір күрделі нәрсе ғой. Осыдан бірнеше сағат бұрын тура осындай жағдай мешіт аумағында болып еді. Бірақ ол кезде бір ағаның аяғын Нұржігіт басып кетсе де, әлгі аға кешірім өтінген болатын. Ал қазіргі орын алған жағдай мынадай… Өзінің айыпты екенініне қарамастан, әлгі жігіт оған дауыс көтереді. Иә, адамдар әртүрлі. Он ақымақтың ісіне қарап күйінесің. Бірақ бір ақылдының жақсы ісі, өнегесі он ақымақтың жамандығын  ұмыттырады.

  1. Мәтіннің жазылу стилін анықта

А) Ғылыми стиль

В) Ресми іс- қағаздар стилі

С) Публицистикалық стиль

Д)Көркем әдебиет стилі

Е) Ауызекі сөйлеу стилі

2. Кездескен жігіт алдымен дүрсе қоя беріп, соңынан іле-шала неге кешірім сұрады?

А) Өзінің танысы болғандықтан

В) Бокс қолғабын көргендіктен

С) Асығыс болғандықтан

Д) Өзінің қателігін түсінгендіктен

Е) Ренжіткісі келмегендіктен

3. Нұржігіт неге мырс етіп күліп жіберді?

А) Мешіт аумағындағы оқиға есіне түсіп

В) Өз кінәсін мойындап

С) Адамдардың әртүрлі мінезіне

Д) Өзінің күштілігіне риза болып

Е) Жігіттің тапқырлығына сүйсініп

4. Мәтіннің түйінді ойын білдіретін сөйлем

А) Бір ақылдының жақсы ісі, өнегесі он ақымақтың жамандығын  ұмыттырады.

В) Он ақымақтың ісіне қарап күйінесің.

С) Өмір деген бір күрделі нәрсе ғой.

Д) Көпшілігі өзгелерді не билігі, не байлығы, не күші болса ғана құрметтейді.

Е) Адамдар неге бір-бірін иманына, адамгершілігіне, ақылына қарап сыйламайды?!

5. Екінші абзацтың бірінші  абзацқа қатысы

А) Суреттейді

В) пайымдайды

С) анықтайды

Д) қорытындылайды

Е) тұжырымдайды

6. Оқиғалар тізбегінен дұрыс нұсқаны тап

А)Нұржігіттің мешітке баруы; сабаққа  баруы; жаттығудан қайтуы; таныс жігітпен соқтығысып қалуы;

В) Нұржігіттің сабаққа баруы; мешітке баруы; жаттығуға  баруы; танысын кезіктіріп қалуы;

С)  Нұржігіттің  мешітке баруы; танысын  кезіктіріп қалуы; жаттығудан кешігіп қалуы; бейтаныс жігітпен соқтығысып қалуы;

D) Нұржігіттің  жаттығуға жиналуы; мешітке баруы; сабақтан қайтуы; танысын кезіктіріп қалуы;

E) Нұржігіттің мешітке баруы; сабаққа  баруы; жаттығуға  жиналуы; бейтаныс жігітпен соқтығысып қалуы;

64- мәтін

Ерте ерте ертеде перідей сұлу бір қыз болған екен… Қыздың әдемілігіне қызығып небір бай, атақты, сынды кісілер алыс-жақын демей тек оны көру үшін келетін. Бірақ бойжеткен құда түскендердің ешбірін ұнатпай, барлық сый-сыяпатты кері қайтаратын. Сол қызға көрші тұратын бір бозбала да қызды ұнатқан екен. Әке-шешесіне жолығып, әйел етіп алмақшы болғанда, қыз оны да жақтырмай кері қайтарады.

Бірнеше жыл бір күндей зуылдап өтіп шығады. Көрші бала ол жерден көшіп үйленеді, бала шағалы болады. Бір күні ескі үйінің қасынан өтіп бара жатып, сол кездегі сұлу қыз есіне түседі. қыздың жағдайын далада отырған бір қариядан сұрайды. Қария гүл бақшасы бар үйге сілтеп, ол қыздың үйленгенін айтады. Жаңағы жігіт бір кездері ешкімді ұнатпай, ешкімге келісімін бермей жүрген қыздың жолдасы қандай екен деп тағы ойлайды. Қыздың үйіне жақындай бергенде, үйден шығып келе жатқан біреуді көреді; сондағы қыздың жолдасы – кішкентай, семіз, басы таз шал екен. Оның үстіне бай да емес. Қыздың таңдап жүріп қалайша мынандайға тап болып тұрмысқа шыға салған екен деп үйдің есігін қағады. Есікті ашқан қызға өзін танытып, мазалап тұрған сұрағын сұрайды. Қыз бақшадағы гүлдер арасынан ең әдемісін таңдап әкелсе ғана жауап беретінін айтады. Бірақ оның да бір шарты бар – бірден артық гүл жұлуға болмайды және таңдап жүріп артқа қайтуға болмайтынын ескертеді.

Жігіт гүл бақшасына үңілген сайын бір-бірінен әдемі, көздің жауын алатын гүлдерді көреді. Бірден көзге үлкен сап-сары гүл түседі. Іздегенім осы деп гүлді жұлып алайын десе, көзіне енді қызыл гүл ілінеді. Сарыны тастап, қолын қызыл гүлге соза бергенде, бір-екі қадам алда әдемі көк гүлшанағының өсіп тұрғанын көреді. Осылай жүріп жігіт гүл таңдай алмай бақшаның соныңа қалай жеткенін байқамай да қалады. Қайткен күнде де бір гүлді жұлу керек болғандықтан, амалы қалмай кезкелген гүлді жұла салып қызға әкеледі. Бақшаның ең әдемі гүлін алып келуі керек болған жігіттің қолында солуға бет алған әрі жапырағы түскен гүлді көрген қыз былай дейді: “Көрдің бе … бақшадағы гүл сияқты.. алда бұдан да жақсысы кездесер деп тұрғанда өмір өтті де шықты.”

1.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Қыздың өкініші

B) Әдемі гүл

C) Өткінші өмір

D) Бақша гүлдері

E) Сұлу қыз

2. Қыздың жігітке ең әдемі гүлді алып келуін өтінуінің мәнісі

A) Айтар ойын дәлелдегісі келеді.

B) Жігітті сынамақ болады.

C) Жігіттің талғамын байқамақ болды.

D) Әдемілікті дәлелдегісі келеді.

E) Өз өмірін айтқысы келеді.

3. Мәтін мазмұнына алшақ ой

A) Қыз таңдап жүріп отырып қалады.

B) Жігіт қызды іздеп келеді.

C) Бақшада әдемі гүлдер көп екен.

D) Уақыт ешқашанда күтпейді екен.

E) Қыздың жұбайы жайсыз адам болады.

4. Мәтін мазмұнын жеткізудегі тәсілдер  

A) Әңгімелеу

B) Сипаттау

C) Зерттеу

D) Ақпарат

E) Пайымдау

5. Мәтіннің соңғы бөлімінен қыздың қандай көңіл күйі көрінеді?

A) Күйініші

B) Өкініші

C) Сүйініші

D) Сабырсыздығы

E) Алаңдаушылығы

6.Мәтін мазмұнын қорытындылайтын даналық ой

A) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.

B) Суға кеткен тал қармайды.

C) Таңдаған тазға жолығады.

D) Қол сынса, жең ішінде.

E) Бөрі азығы жолда.

65- мәтін

Баяғыда  қонақжай бір кісі болған екен. Әйелі болса жолдасының күнде бір кісілерді ертіп келетініне жыны келетін. Бірнеше рет жолдасына:
— Күніге бір қонақты ертіп келесің, қонақтарың болса балаларымыздың несібесін жеп кетеді. – десе де, жолдасы сонда да үйге қонақ шақырмай тұрмайтын.
Бір күні әйелінің шыдамы таусып, ғұламаның қасына ақыл сұрап барады.
— Жолдасым қонақ шақырмаған күн жоқ. Балаларымыз өсіп келе жатыр, олардың сабағына біріктірген ешқандай ақшамыз жоқ. Тапқан ақшамыздың бәрі сол қонақтарды күтіп, оларды тойдыруға жаратылып жатыр.
Ғұлама әйелдің күйеуін де қасына шақырып, неге олай істейтінің сұрайды
— Қонақ шақырмай тұра алмаймын! Асымызды қонақпен бөліссек,  үйге береке кіреді- дейді.
Ғұлама екі жақты да тыңдап, әйелден күнде үш-төрт емес бір ғана қонақ келсе наразылығы болып болмайтынын сұрайды. Әйел оған да риза емес:
— Мен балаларымның несібесін басқасына жегізе алмаймын,-  деп тұрып алады.

Күйеуі ең болмаса күнде бір қонақ келсінші деп сұрайды. Ақыры әйел көнеді. Алайда ертеңіне жолдасы қайта екі қонақ ертіп келгенін көреді. Әйел ашуланса да, ашуын сыртқа көрсетпей ас үйге кіріп үш кісілік ас дайындайды. Қонақтар кетіп қараса жасалынған тамақ бір кісілік артылып қалады.
Әйел жолдасына:
— Қонақтың біреуі неге тамақ ішпей кетті? деп сұрайды. Жолдасы аң-таң:
— Қай қонақты айтасың? Мен бір-ақ қонақпен келдім ғой.
Бірақ әйел бір емес екі қонақтың келгенін нақты көргенің айтады. Анығын білу үшін олар қайта ғұламаның алдына барады. Ғұлама болған жағдайды тыңдап:
— Жұбайыңыз рас айтады! Үйге екі қонақ кірген. Бірақ екінші қонақ адам емес, адам кепіліндегі несібе болатын. Қарсы болсаңыз да дастархан жайып қонақты жылы қарсы алғаныңыз үшін несібе азаймады. Өйткені әр қонақ өз несібесімен келеді, тіптен несібесі өзінен 40 күн бұрын келеді. Яғни, ешкім ешкімнің несібесін жей алмайды, несібе де азаймайды… керісінше, қонақ шақырған үйдің несібесі артады.

1.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Ақылды қария

B) Қонақжай жігіт

C) Құтты қонақ

D) Шайпау келіншек

E) Қонақ несібесі

2. Мәтіндегі жігітке тән ерекше қасиет
A) Көріпкел

B) Жомарт

C) Көңілшек

D) Қонақжай

E) Ақжүрек

3.Мәтіндегі: « Мен балаларымның несібесін басқасына жегізе алмаймын» деген келіншектің сөзінің мәнісі

A) Балаларына тиесі асты меңзеп тұр  

B) Балаларына тиесілі қаражатты айтып тұр

C) Балаларының еңбегін айтып тұр

D) Балаларының тамағын қызғанып тұр

E) Балаларының қарны тоймай жүргенін меңзеп тұр

4. Мәтіндегі әр қонақ өз несібесімен келеді деген ойдың мәнісі   

A) Қонақ үйге құт, береке әкеледі.

B) Қонақ келсе, қой егіз табады дейді.

C) Қонақ өзінің азығын ала келеді дейді.

D) Қонақ өз орнын біледі деп тұр.

E) Қонақ өзінің батасын береді дейді.

5. Мәтін мазмұнын жеткізудегі тәсілдер

A) Әңгімелеу, суреттеу

B) Сипаттау, пайымдау

C) Болжау, хабарлау

D) Зерттеу, суреттеу

E) Хабарлау, ақпарат

6. Мәтін мазмұнын қорытындылайтын мақал
A) Қонақты сөзбен тойдыра алмайсың.

B) Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.

C) Құтты қонақ несібесімен бір келер.

D) Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

E) Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал

Ұқсас материалдар: 

  1. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  2. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  3. Көркем троптар, олардың түрлері
  4. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  5. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  6. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  7. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  8. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  9. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  10. Әдебиеттің тектері мен түрлері
  11. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  12. Лирикалық тек, лирикалық жанрлар
  13. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  14. Драмалық тек, драмалық бейнелеу
  15. Әдеби ағымдар туралы түсінік
  16. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (16-20 мәтін)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ