Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (71-75 мәтін)

0
24782
Иллюстрация: Freepik.com

71-мәтін

Бірінші дүние жүзілік соғыс уақытында Германияда ұсақ ақша жетіспеушілігі бастау алады және соның есебінен гиперинфляция басталған. Сол үшін Рейхсбанк жергілікті ақша нотгельді шығарады. Ол басқа Еуропа елдерінде де қолданыста болғанымен, негізінен Германияда кең тарқалған еді. Неміс нотгельдтері жергілікті үкімет және бір неше өнім өндірушілер тәрепінен қағаз, шыны және пресстелген көмірден жасалған. Олардың бірінде есек, екіншісінде ақсиған тісін көрсетіп тұрған мақұлық бейнеленген. Қағаз ақшалар 1923–1924 жылдары ақырындап қолданыстан шығарыла бастаған. (70 сөз)

  1.Мәтінге қандай тақырып қояр едіңіз?

A) Есек және мақұлық бейнеленген неміс нотгельді

B) Неміс нотгельді және қағаз ақшалар

C) Неміс нотгельді және жергілікті үкімет

D) Есек және мақұлық бейнеленген банкноттар

E) Жергілікті ақша нотгельді және банкноттар

2.Мәтінді қорытындылап тұрған мақал- мәтелді белгілеңіз

A) Әлін білмеген әлек.

B) Еңбегіңмен жиған ақшаң дәмді болады.

C) Қазаншының өз еркінде, қайдан құлақ шығарса да

D) Байлықпен жиған ақшаң қанды болады.

E) Суға кеткен тал қармайды.

72- мәтін

Жануарлардан тұратын жаңбыр – әлемнің көптеген елдерінде тіркелген болса да, өте сирек кездесетін метеорологиялық феномен.Алайда Гондурас халқы үшін бұл үйреншікті құбылыс ретінде қалыптасқан. Әр жылдың мамыр, шілде айларында аспанда қара бұлттар пайда болып, найзағай жарқырап, күн күркіреп, қатты жел соғып, 2-3 сағат жаңбыр жауады…

2.Жаңбыр аяқталысымен, жерде жүздеген тірі балық денелері жатады. Кейін халық оны жинап, қуырып жейді.

Кататумбо найзағайы– бұл таңғажайып құбылыс жарқырауды бірде-бір дыбыссыз шығарады. Найзағай шамамен жерден 5 километр биіктікте пайда болады.

4.Аталған найзағай сағатына 280 рет, күніне 10 сағат бойы, жылына 140-160 рет түседі. Бұл құбылыс Кататумбо өзені, Венесуэладағы Маракайбо көліне құйылатын жерінде, дәл өзеннің сағасында байқалады. (100 сөз)

  1. Кататумбо найзағайы неге таңғажайып құбылыс деп саналады?

A) биіктікте болғандықтан

B) қатты жел болғандықтан

C) өзен жанында болғандықтан

D) дыбыссыз болғандықтан

E) қатты дыбыс шыққандықтан

2. Мәтіннің 4- бөлімнің мәтінге қатысы қандай?

A) суреттейді

B) сипаттайды

C) баяндайды

D) қорытындылайды

E) әңгімелейді

73- мәтін

    1.Бразилия елінде жылына екі рет, дәлірек айтқанда, ақпан және наурыз айлары арлығында Амазонка өзені сағасында Атлантикалық мұхиттан ащы, анағұрлым ауыр судың келгені байқалады. Мұхит суы өзен ағымымен кездесіп, өзен суын ығыстыра бастайды. Соның нәтижесінде, биіктігі 6 метрге жететін алып толқындар пайда болады.

    2.Көктем кезінде Дания елінде таңғажайып құбылыс болады: Барлық аймақтардан ұшып келген миллионнан астам еуропалық қараторғай күн батпай тұрып үлкен топқа жиналады екен. Оңтүстіктен ұшып келген қараторғайлар күні бойы көк шалғында болып, кешкісін аспан төрінде топтық би билейді екен.

3.Даттықтар бұл құбылысты «Қара Күн» деп атаса керек. Аталған құбылысты наурыз айынан бастап, сәуір айының ортасына дейін тамашалауға болады. (99 сөз)

  1.  Мәтіннің алғашқы бөліміне сай тақырыпты белгілеңіз  

A) Дания еліндегі таңғажайып

B) Бразилия елінде

C) Мұхит суы

D) Алып толқындар

E) Амазона өзені

2. Қараторғайлар күн батпай тұрып неге топқа жиналады?

A) алыстан ұшып келгендіктен

B) барлық аймақтан келгендіктен

C) көктем болғандықтан

D) аспанға қалықтау үшін

E) топтық би билеу үшін

                                                         74- мәтін
Ағайынды Райттарға дейін мыңдаған жылдар бұрын ұшатын аппарат ойлап табу идеясы мұсылман ақыны, астроном және инженері Аббас ибн Фирнастың (Abbas ibn Firnas) басына келеді. 852 жылы ол мешіттің төбесінен еркін желбірейтін плащқа ағаш тақтайшаларды жабыстырып секіреді. Фирнас құс сияқты қалықтап ұшамын деп ойлағанымен бұл ойы іске аспайды. Плащ ғалымның құлауын біршама баяулатқаны болмаса, толыққанды парашюттің міндетін атқара алмады. Осылайша ғалым кішкене қорқыныш пен болмашы жарақатпен құтылды. 70 жасында аппаратын жетілдірген Фирнас бұл жолы таудан секіруді жөн көреді. Ол ауада 10 минут қалықтап тұрады, бірақ нәтижесінде сәтсіз құлап, бақилық болады: бар мәселе аппаратқа құйрық жасамауында еді. (97 сөз)

  1. Мәтін мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз  

A) ұшатын плащ

B) ағайында Райттар

C) ұшатын аппарат

D) өнертапқыш ғалым

E) инженер Фирнас

2. Фирнастың апатқа ұшырауына не себеп болды?

A) Фирнастың 70 жасы

B) аппараттағы ақаулық

C) сәтсіз құлауы

D) таудан секіруі

E) қорқыныштың болуы

75-мәтін

Сарғалдақ тұқымдасының қатарында ежелде улы саналатын гүл бар. Оның аты – аконит немесе балуан.

Ежелде бұл өсімдік у жасау үшін ғана қолданылған. Оның шырынымен жаумен соғыс алдында немесе аңшылық алдында садақтардың оғын сүрткен. Ежелгі Рим мен Грецияның өлім жазасына кесілген қылмыскерлері аконит негізіндегі тұнбаны ішулері керек болған.

Осындай әдемі әрі нәзік гүлдің өлімге душар ететіндей нендей қасиеті бар? Бар мәселе акониттің құрамындағы көп мөлшердегі алкалоидте жатыр. Гүл тамырының бір грамм балғын шырыны адам ағзасына түсер болса, тыныс алу жолы мен жүрегін тоқтата алады. Өсімдік шырынын теріге сылаған кезде де улану қаупі бар.

Әсіресе шүйгін ортада өскен өсімдік өкілдері аса қауіпті саналады. Жоңғар акониті оның көптеген түрлерінің ішінде ең улы болып табылады. Ажалды өсімдіктен жинап алынған бал немесе аконитпен уланған жануардың еті де өмірге қауіп тудырады.

Қолмен өсірген гүлдер уақыт өте келе қауіптілік деңгейін жоғалтатыны байқалған. Бүгінде жоңғар аконитін медицинада қолдануға тыйым салынған, алайда кейбір халық емшілері мен бақсылары бұл өсімдікті пайдалануды тоқтатқан емес. (162 сөз)

1.Мәтін мазмұнына сәйкес емес қатарды белгілеңіз

1.Қолмен өсірген гүл қауіптілігін жоғалтады.

2.Медицинада қолдануға тыйым салынған.

3.Шырынын теріге сылауға болады.

A) біріншісі дұрыс

B) екіншісі мен үшіншісі дұрыс

C) біріншісі мен үшіншісі дұрыс

D) бірінші мен екіншісі дұрыс

E) үшіншісі дұрыс

2. « Шүйгін»сөзінің мағынасына сай келетін сөзді белгілеңіз

A) құнарлы жер

B) шұрайлы жер

C) тастақ жер

D) сулы жер

E) шөлейт жер

3.Аконит өсімдігінің шырынымен соғыс алдында садақтың оғын неге сүрткен?

A) жауына тура тигізу үшін

B) оғы мүлт кетпеу үшін

C) жауын улау үшін

D) қылмыскерді тез ұстау үшін

E) оғын өткірлеу үшін

4. 5- бөлімде не туралы айтылған?

A) өсімдіктің құрамы

B) өсімдіктің адам ағзасына зияны

C) өсімдіктің өскен орны

D) өсімдіктің қазіргі таңдағы орны

E) өсімдіктің ежелгі пайдалануы

Ұқсас материалдар: 

  1. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  2. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  3. Көркем троптар, олардың түрлері
  4. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  5. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  6. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  7. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (62-65 мәтін)
  9. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  11. Әдебиеттің тектері мен түрлері
  12. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  13. Лирикалық тек, лирикалық жанрлар
  14. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  15. Драмалық тек, драмалық бейнелеу
  16. Әдеби ағымдар туралы түсінік
  17. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (16-20 мәтін)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ