Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (81-85 мәтін)

0
17268
Иллюстрация: Freepik.com

81- мәтін

АҚШ-та жасалған зерттеуде пластикалық ыдыстарды көп тұтынатындарда бауыр ферменттерінің көбейіп, қарын майлануы артқандығы анықталған. Кофе және шай секілді ыстық сусындар үшін қолданылатын пластикалық стакандар кансероген заты ретінде белгілі бензолдан жасалуда.

Қоршаған ортаны ең ластаушы зат ретінде қаралатын пластиктер тамағымыздан бастап қалқанша безі, қарын жақтағы ұйқы безі, әйелдерде аналық безі, еркектерде (жыныстық без) түбегейлі әсер етуде және бедеулікке себеп болуда.

Сәбидің сүт бөтелкелерін де бұл зиянды заттар болуы мүмкін. Бұл зиянды заттар баланың бүкіл генетикалық құрылымын өзгертуі мүмкін. Осы себепті пластикалық ыдыстарды өмір салтымыздан мүмкіндігінше ұзақ ұстаған жөн. Бұлардың орнына шыны, болат секілді ыдыстарды тұтыну керек.

Пластикалық ыдыстардың ішінде ешнәрсені мұздатпау және ысытпау керек. Сондай-ақ қышқылды және тұзды тағамдар пластикалық ыдыстың құрамын бұзып бисфенолдың азыққа араласуына себеп болуда. Қысқа сақтау үшін тосап, қызынақ секілді азық дайындауда да пластикалық ыдыстарды мүлдем жолатпау қажет. 141 сөз

  1. Мәтіннің тақырыбына лайықтысын белгілеңіз

A) Пластикалық сүт бөтелкелері

B) Пластикалық ыдыстың пайдасы

C) Пластикалық ыдыстардың зияны

D) Пластикалық ыдыстың құрамы   

E) Пластикалық стакандар зияны

2. АҚШ неге платикалық ыдыстарға зерттеу жасаған деп ойлайсыз?

A) АҚШ- та семіздік ауруы көбейген соң

B) Адамдардың денсаулығы күрт нашарлаған соң

C) Сәбилер жиі ауыра бастаған соң

D) Бедеулікке ұшыраған адамдар көп болған соң   

E) Тағам сақтауға зиянды болған соң

3. Мәтіннің жазылу стилін анықтаңыз

A) Ғылыми стиль

B) Публицистикалық стиль

C) Ресми стиль

D) Іс қағаздар стилі

E) Көркем әдебиет стилі

4. Мәтіннің мазмұнын ашатын мақал- мәтелді көрсетіңіз

A) Денсаулық- зор байлық.

B) Сақтықта қорлық жоқ.

C) Сырты- бүтін, іші- түтін

D) Пайда ойлама, ар ойла.

E) Әуелгі байлық- денсаулық

82 – мәтін

Улы бақа

1. Улы бақалар Бразилияда көп таралған. Олар субтропикалық және тропикалық ылғалды ормандарда және сулы батпақтарда тіршілік етуге бейімделген.

2.Улы бақаның денесінің ұзындығы – небәрі 30-40 мм, яғни 5 см-дей. Егер оларды үлкен бөшкенің ішіне шөптің үстіне салып қойса, анық көруге болады.

3.Денесі қара түсті, бірақ арқасында түрлі түсті қанық дақтары бар. Осыған байланысты оларды “дақты садақ бақа” деп те атайды. Табиғи ортасында бұл дақтар қызыл, сары, ақ түсті болады. “Садақ бақа” деп аталу себебі, Американың жергілікті тұрғындары – үндістер ертеректе осы бақалардың уын садақтарының ұшына жаққан. Бұл бақаның 1 грамм уы 100 мың адамды уландыра алады.

4.Зерттеуші мамандардың пайымдауынша, бұл бақалардың уының құрамында бүгінде ең қауіпті болып саналатын батрахоносин уы бар.

5.Улы бақа 5-10 жұмыртқасын ылғал жерлерге салады. Ұрпақтары 10-14 күнде дамып жетіледі. Олар топталып жүреді.Улы бақалар құрлықта тіршілік ететін түрге жатады. Күндіз белсенділік танытады. Көбіне биіктеу жерлерде, құлаған ағаштардың үстінде отырады.

6.Улы бақаларды жасанды ортада мөлшері 60x40x40 см болатын әйнек қораптарда 52-27 °С температурада өсіруге болады. (158 сөз)

 1.Үндістер кімдер?

A) Тайпамен өмір сүретіндер

B) Үндістанның тұрғындары

C) Американың жергілікті тұрғындары

D) Бразиялияның тұрғындары

E) жергілікті аборигендер

2. Мәтіннің түрін анықтаңыз

A) ақпарат беру

B) әңгімелеу

C) суреттеу

D) сиапттау

E) пайымдау

3. Мәтін мазмұнына алшақ сөйлемді көрсетіңіз

1.Улы бақалар суда тіршілік етеді.

2.Уы адамдарға қауіпті болады.

Улы бақалар түнде белсенділік танытпайды.

A) Бірінші мен үшінші

B) Екінші мен үшінші

C) Бірінші мен екінші

D) Үшеуі де дұрыс

E) Үшеуі де бұрыс

4.Улы бақалар неге биіктеу жерлерде отырады?  

A) жауларынан сақтану үшін

B) улы болғаны үшін

C) судан сақтану үшін

D) жемін аулау үшін

E) кішкене болғандықтан

83- мәтін

1.Күн көңіл күйді көтеріп, күйзелістің алдын алады. Өз кезегінде, көңіл күйге жауап беретін заттектер иммундық жүйені күшейтеді. Ультракүлгін сәулелер ағзада жүріп жатқан көптеген процесстерді – тыныс алу, зат алмасу, қан айналу мен эндокриндік жүйенің жұмысын күшейтеді. Бұдан өзге, күн сәулесінің әсерінен ағзамыз D дәруменін өндіреді.

Күн сәулесінің әсерінен синтезделетін D дәруменінің мөлшері мына факторларға байланысты: сәуле толқынының ұзындығы мен терінің әуелгі пигменттігіне. Күн астында таңертең және күн батарда жүрген пайдалы, сонымен қатар, тері неғұрлым қара торы болса, күн сәулесі әсерінен D дәрумені соғұрлым аз өндіріледі.

3.D дәрумені кальций мен фосфор минералдарын сіңіруді реттейді. А дәрумені, кальций және фосформен бірігіп, ағзаны суық тиюден, көз және тері ауруларынан қорғайды. Тіс кариесі мен қызыл иек патологиясының алдын алады, сүйектердің,омыртқаның беріктігіне жауап береді, остеопороздан қорғайды. Алайда бұл ағзаны осы дәрумендермен қамдау үшін шыжыған күннің астында жата беру керек дегенді білдірмейді.

Ағзада D дәруменінің қажетті деңгейін қалыпта ұстап тұру үшін жаз айларында аптасына 2-3 рет 5-15 минут қол мен бетті күнге қыздырып алса жеткілікті.

5..Күн ваннасын сағат 11-ге дейін немесе сағат 16-дан кейін қабылдаған жөн. Қалған аралықта көлеңкеде отыру керек. (180 сөз)

  1. Мәтіннің жазылу стилін анықтаңыз

A) көркем әдебиет стилі

B) ауызекі сөйлеу стилі

C) ресми стиль

D) іс қағаздар стилі  

E) ғылыми стиль

2. Күн астында күннің қай бөлігінде жүрген пайдалы?

A) таңертең және күн батарда

B) таңертең және түнде

C) таңертең және түсте

D) күн батарда және күн шыққанда

E) түсте және кешке

3. А дәруменінің пайдасының дұрысын белгілеңіз

1.фосфор минералдарын реттейді

тіс кариесінен қорғайды

3.көз ауруларынан сақтайды

A) біріншісі

B) үшіншісі

C) үшеуі де дұрыс

D) екіншісі

E) үшеуі де бұрыс

4. Күн сәулесінің адам терісіне әсері қай бөлімде айталған?

A) бірінші

B) үшінші

C) екінші

D) төртінші

E) бесінші

84- мәтін

1.Жалпы вундеркинд балалардың көп екендігі түсінікті. Әртүрлі салада керемет көзге түсіп жүрген өрімдей ұл-қыздар жүр.  Әйтсе де, осы вундеркиндтер өсе  келе таланты кеміп, томаға тұйық болып қалады деген де пікірлер жиі кездеседі.

Эссен қаласында тұратын Ники деген бала бір жарым жасында әріп танып, екі жасында оқи бастаған. Әкесі — биолог. Жетіге толған кезде баласы әкесінің кітапханасындағы ғылыми кітаптармен шұғылдана бастаған. Бала түгілі, үлкен адамдар ұға қоймайтын ғылыми дүниелерді түсініп оқитын дәрежеге жеткен.

Ал алты жасар қытай баласы Ли Сяобин мүлдем ғажап. Ол үш жасында екі-үш айдың төңірегінде 3600 иероглифті үйреніп алған. Содан кейін әке-шешесі бірінші сатыдағы мектепке берген екен, ол оны бір жылда бітіріп шыққан. Алты жасында екінші сатылы мектепке көшкен.

Вьетнам баласы Фам Хоанчу үш жарым жасында математика есептерін шығара алатын болған. Газет-журнал оқып, жаза алатын дәрежеге жеткен. Соның бәрін үш жасар балдырған мектепте оқитын тәтесіне үйреткен.

  1. Мәтіннің жазылу стилін анықтаңыз

A) көркем әдебиет стилі

B) ауызекі сөйлеу стилі

C) публицистикалық стиль

D) іс қағаздар стилі  

E) ғылыми стиль

2. Бірінші бөлімнің мәтін мазмұнына қатысы қандай?

A) Мәтінді айқындайды

B) Мәтінді пайымдайды

C) Мәтінді байланыстырады

D) Мәтіннің кіріспесі

E) Мәтінді қорытындылайды

3. Ең жас вундеркинд туралы қай бөлікте айтылады?

A) бірінші

B) екінші

C) төртінші

D) үшінші

E) барлығында

4. Ең жас вундеркинд қай елде тұрады?

A) Германия

B) Қытай

C) Bьетнам

D) Жапония

E) Үндістан

85- мәтін

1.Бір ауруханада екі қарт жатыпты, Екеуінің науқастары бір болғандықтан,  бір бөлмеге жайғастырылыпты. Тек бірі терезенің жанында, екіншісі есіктің дәл қасында жатады екен. Терезе жанындағы қарт күн сайын есік тұсындағы қарияға сырттағы тыныс-тіршілік туралы айтып отыратын:
— «Бүгін теңіз бір қалыпты. Аздап жел соғып тұр ғой деймін. Өйткені ана ұзақтағы кеменің желкені желбіреп тұр. Теңіз жағалауында шағалалар ұшып жүр».
2.Осылайша күндер өте береді. Күндердің бірінде әлгі терезе жанындағы ақсақалдың жүрегі ұстап нашарлап қалады. Әдетте, бөлмедегі қоңырау түймесін баса қалса дәрігерер жетіп келетін. Ал бүгін қасындағы қарт дәрігерді шақыртатын түймені баспады. Өйткені терезеден дүниені өзі көре алмай, тек көршісін тыңдаумен ғана шектеліп жататын. Сол есіне түсті ме, шайтанның сөзіне еріп, қоңыраудың түймесін басуға құнт таныта қоймады. Осылайша, ол досын жазықсыздан жазықсыз өлімге қиды да жіберді. Келесі 3.Келесі күні дәрігерлер есіктегі кісіні терезе жанындағы босаған орынға ауыстыратын болды. Осы күнге дейін тыңдауды ғана місе тұтқан адамның қуанышы қойнына сыймады. Енді табиғаттың сан қырлы нақыштарын өз көзімен көріп жататын болды. Орнына жайғаса салып, басын көтеріп терезеге асыға мойнын созып еді. Арғы жақта қара қабырғадан басқа ештеңе көрінбеді…

1.Мәтіннің түрін анықтаңыз

A) Суреттеу

B) Әңгімелеу

C) Пайымдау

D) Зерттеу  

E) Сипаттау

2.Мәтіннің екінші бөліміндегі қарттың әрекетін ашатын сөзді белгілеңіз  

A) Жек көру

B) Көреалмаушылық

C) Өзімшілдік

D) Өркөкіректік   

E) Менмендік

3. Қарттың қуануының себебі неде?

A) Ауруынан айыққандықтан

B) Төргі төсек тигендіктен

C) Даланы көрем дегендіктен

D) Көршісінен құтылғандықтан

E) Табиғаттың сан қырлы нақышын көргендіктен

4. Мәтіннің мазмұнын қорытындылайтын ойды көретіңіз

A) Біреуге жақсылық етсең, міндет етпе.

B) Асығыс түбі- өкініш.

C) Біткен іске сыншы көп.

D) Өлімнен ұят күшті

E) Жарлы болсаң да, арлы бол.

Ұқсас материалдар: 

  1. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  2. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  3. Көркем троптар, олардың түрлері
  4. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  5. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  6. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  7. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (62-65 мәтін)
  9. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  11. Әдебиеттің тектері мен түрлері
  12. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  13. Лирикалық тек, лирикалық жанрлар
  14. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  15. Драмалық тек, драмалық бейнелеу
  16. Әдеби ағымдар туралы түсінік
  17. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (16-20 мәтін)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ