Оқу сауаттылығынан мәтіндік тапсырма. «Отырар сазы» қазақ өнері аспанында

0
979
Иллюстрация: Freepik.com

1. Халқымыздың асыл перзенті Нұрғиса Тілендиев «Отырар сазы» деп аталатын қайталануы, теңесері сирек тұнық қайнардың көзін ашты. «Менің арманым – өмірімізден де, әдебиетімізден де бөлшектенбеген тұтас халқымды көру және оның өткенін де, бүгінін де, ертеңін де айқын елестету. Осы ізгі ниетпен «Отырар сазын» құрдым. Халқымның жанын ашуға талпындым», — дейді Нұрағаң бір сөзінде.

2. Нұрағаң бұл игілікті істі алғашында небәрі алты музыкант, екі әншімен жүзеге асырды. Алғашқы концертте ансамбль мүшелерінің саны он жеті болды. 1985 жылы Москваның Чайковский атындағы өнер сарайында өткен ойын-сауықта «Отырар сазының» даңқы шарқады, ол оркестр дәрежесіне бір-ақ көтерілді. Мүшелер саны алпыстан асқан «Отырар сазы» 1985 жылы Бүкілодақтық жастар фестивалінде лауреат атанды. Осы жылы ол Бүкілодақтық Ленин комсомолының сыйлығын иеленді. Мұның алдында «Отырар сазына» Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы берілген. Қазаққа тән музыка аспаптарының көнелері мен жаңаларын үйлесімді түрде сахнада «өз тілімен» сөйлеткен «Отырар сазының» атақ-даңқы дүние жүзіне танылды.

3. Нұрғиса оркестрді мүлде беймәлім және ұмыт қалған ұлттық музыка аспаптарымен толықтыруға баса назар аударды. Сол себепті де оның үні сан алуан. «Отырар сазының» репертуары аса бай. Онда Алтайдан Атырауға дейінгі халық ән-күйлері мен саз-толғаулары мол. «Отырар сазында» ежелгі ата жұртымыздың, қазақ елінің мақтанышына айналған Нұрғисаның авторлық әндері мен күйлері де жиі кездеседі.

1. Екінші бөлімнің бірінші бөлімге қатысы:
A) Ойды шиеленістіреді.
B) Ойды байланыстырады.
C) Ойды дамытады.
D) Ойды пайымдайды.
E) Ойды қорытындылайды.

2. Ең алғаш «Отырар сазының» қанша мүшесі болды?
A) 20
B) 60
C) 15
D) 25
E) 8

3. «Отырар сазының» басты ерекшелігі
A) Ежелгі ұлттық аспаптар бар.
B) Нұрғисаның әндері жиі орындалады.
C) Репертуарлары өте бай.
D) Ән-күйлері мол.
E) Атақ-даңқы дүние жүзіне танылады.

4. Нұрғиса Тілендиевтің «Отырар сазын» құрудағы мақсаты
A) Жастар фестиваліне қатысу үшін.
B) Қазақ халқының бар болмысын паш ету үшін.
C) Халқының мақтанышына айналу үшін.
D) Ленин камсомолының сыйлығын алу үшін.
E) Атағын шығару үшін.

Жауап кілттері:
1. С
2. Е
3. А
4. В

Басқа материалдар:

  1. Астана және адамзат.Бейбітшілік пен келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтті
  2. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  3. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  4. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  5. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  6. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  7. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  8. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  10. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  11. Көркем троптар, олардың түрлері
  12. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  13. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  14. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  15. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ