Оқу сауаттылығынан мәтіндік тапсырма: Ұрпақ заманынан озбаса…

0
2511
Иллюстрация: Freepik.com

Мұрат үнемі әкесінен не болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпн жауап беретін. Бірде ол әкесінен:

— Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен артқы аяқтары басқан ізі асып түседі? – деп сұрады. Әкесі:
— Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек, сенен де бір ақылды адам шығар. Ол тағы: Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі, — дейді.

Бала:
— Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге? – деп сұрады әкесінен. Әкесі:
— Иә, балам. Мәселен, құлақ туа бітеді. Ал мүйіз болса, малдың төлі туғанда болмайды.

Кейін, үлкейе келе, біртіндеп өсе келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала тайыншаның туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқ болатын. Ал құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бір айдан кейін мүйіз шыға бастады. Келер жылы мүйіз құлағынан әлдеқайда ұзын болып өседі. Сен ақылдысың.

Демек, Ақбақайдың артқы аяғы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскендей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің туғанда бар құлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесе, сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын, — дейді әкесі.

1. Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал
A) Күш атасын танымас.
B) Тілі тәтті – көңілі қатты.
C) Шешінген судан тайынбас.
D) Жақсы бала – әкеге құт.
E) Талайымен таласпа.

2. Әкесі неге риза болды?
A) Айтқан сөзін баласы жерге тастамағанына
B) Баласына орынды ақыл айтқанына
C) Баласының аттың сырын білгендігіне
D) Баласының білімпаздығына
E) Жақсы мысал табылғанына

3. Баланың әкесіне қатысты сипаттама
A) Көңілді
B) Сабырлы
C) Сымбатты
D) Еңбекқор
E) Адал

4. Әкесінің «Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын» деген сөзінің мағынасы
A) Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені.
B) Ақылы жасына сай болсын дегені.
C) Дене бітімі әкесінен ірі болсын дегені
D) Өнер, білім таңдауда абай бол дегені.
E) Қатарынан қалмай өссін дегені

Жауап кілттері:

1. D
2. D
3. B
4. A

Басқа материалдар:

  1. Астана және адамзат. Бейбітшілік пен келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтті
  2. Оқу сауаттылығынан мәтіндік тапсырма. «Отырар сазы» қазақ өнері аспанында
  3. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  4. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  5. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  6. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  7. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  8. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  9. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  10. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  12. Көркем троптар, олардың түрлері
  13. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  14. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  15. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  16. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  17. Оқу сауаттылығынан мәтіндік тапсырма: Тиін


ПІКІР ҚАЛДЫРУ