ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?

0
832
Иллюстрация: Freepik.com

Негізінен бұл өте күрделі тақырып, себебі ҰБТ-ға дайындалу өмірлік мақсаттан басталып үйдегі проблемамен аяқталады, сонда да қысқаша айтып көрелік:

1. Кім болғыңыз келеді? Яғни мамандық таңдаудан бастаңыз (оны әке – шешеңіз таңдамасын немесе ақшасы көп деп мұнай саласынан емес, жүрегіңіз ұнататын мамандық таңдаңыз)

2. Мамандыққа сай оқығыңыз келетін Университет таңдаңыз (көпшілік алдымен ҰБТ тапсырып, жинаған ұпайына қарап грантқа түсу үшін қаламаған мамандықпен Университет таңдайды. Сонан соң өзі қаламаған жерде өмір бойы жұмыс істейді).

3. Таңдаған Университеттің қалаған мамандығына түсу үшін қажет ететін ұпайды табыңыз (Ол үшін 2017 жылғы ҰБТ парағынан сол Университет, сол мамандыққа қанша баллмен түскенін анықтаңыз да сол баллға 3-5 балл қосыңыз, себебі жыл сайын орташа балл 3-5 балл жоғарылайды.

4. Қазіргі шынайы біліміңізді анықтаңыз (ол үшін тест тапсырыңыз, калькулятор қолданбай, шпоргалкаларға қарамай). Мысалы: тарих 14, қазақ тілі 16, математика 10, биология 13.

5. Жоспар жасаңыз (мысалы: керек балл 90 болса, тарих 18, математикалық сауаттылық 19, биология 30 т.с.с)

6. Әр айға жеке — жеке жоспар жасаңыз, орташа ай сайын әр пәннен 2-3 балл қосып отырыңыз.

7. Жоспар бойынша ойыңызды әр жаққа бөлмей, әрекет жасаңыз (VK, Insta, Facebook т.б.). Олар сізді мақсатыңызға жақындатпайды, керісінше алыстатады.

8. Уақытпен емес, нәтижемен жұмыс жасаңыз. Таңнан кешке дейін оқи бергеннен нәтиже болмайды. 1- 2 аптада жалықтырып жібереді. Күніне 5 – 6 сағат дайындалсаңыз, нәтижесі жақсы болады. Аптасына 1 күн демалып тұрыңыз. Тауға шығыңыз, достарыңызбен қыдырыңыз, туыстарыңыздың үйіне қыдырып барыңыз, миыңызды демалдырыңыз, мешітке барыңыз, спортпен айналысыңыз.

9. Спортқа көп уақыт бөліңіз. Себебі спорт денеңізге күш, қуат беріп, миыңызға сергектік береді, сенімділікті арттырады, спортпен айналысып болған соң ұйқыңыз келмейді, әсіресе таңғысын ерте тұрып, физикалық жаттығулар жасасаңыз күніңізді сергектікпен бастайсыз.

10. Таңғысын 5-6-да тұрып, тарих, биология жаттаңыз. Кешкісін 3-4- сағатта жаттай алмайтын сұрақтарды таңғысын жарты сағатта жаттауға болады. Ұйқыңыз келіп тұрса суға түсіп алыңыз не болмаса суық көшеде бір серуендеп қайтсаңыз ұйқыңыз тез ашылады. Осылай тарих, биология жаттасаңыз түстен кейін оған уақыт бөлудің қажеті жоқ.

11. Міндетті түрде өзіңізбен білімі шамалас дос тауып, екеуіңіз бірге жоспар жасап екеуіңіз жарысыңыздар.. Жеңілген адам жеңген адамның қалауын орындасын (материалдық емес). Мысалы: көшеде жүгірту, 50-60 рет отырып тұрғызу, отжимание, турник, қалада болса 10-ншы қабатқа 2-3 рет көтеріліп түсу және т.с.с. Әрі қызықты болады әрі жеңілмеу үшін барыңды саласың, шаршауды білмейсің. Нәтижесі өзіңіз дайындалғаннан 3-4 есе жақсырақ болады.

12. Бастаған ісіңізді соңына дейін 100 % орындаңыз. Мысалы, 1000 сұрағы бар тест кітапшасы бар болса, бәрін жаттап немесе есеп болса бүкіл есепті 100% орындамай келесі кітапқа өтпеңіз. Қайта – қайта 100% бітіргеніңізді тексеріңіз. Себебі, 1000 тесттің ішіндегі мен жаттамаған дәл сол 3-4 сұрақ ҰБТ – да маған түседі деп ойлаңыз. Солай болмасына кім кепіл?! Осылайша әр кітапшаны, әр тақырыпты жеке — жеке 100% орындап кете берсеңіз нәтиже оңды болады.

13. Бір күнде екі бірдей жаратылыстану бағыттағы пәнге дайындалмаңыз (мысалы, бір күнде математика мен физикаға дайындалмаңыз). М: аптасыны 3 күн математикаға, 3 күн физикаға дайындалуға тырысыңыз. Әйтпесе, шатастырасыз.

14. Түсінбеген сұрақтарыңызды бір дәптерге жазыңыз да мұғаліміңізден не болмаса достарыңыздан сұраңыз. Түсінбеген сұрағыңызға міндетті түрде жауап табыңыз! Себебі, 12 — ережеге қараңыз

15. Қандай жағдай болмасын калькулятор, шпоргалка қолданбаңыз! Сіз тек өз – өзіңізді алдаған боласыз. Пробныйдан көп балл алып, ҰБТ – дан төмен балл алып масқара боласыз.

16. Мотивация! Қалаған ұпайыңызды, қалаған университетіңізді, қалаған мамандық пен оқығыңыз келетін қаланы суретке шығарып, күнде таңғысын тұрып қараңыз! Сізге күш, қуат береді. Шаршағанда, бәрінен жалыққанда қараңыз! Бәрін ұмытасыз, алға қарай ұмтыласыз!

Басқа материалдар:

  1. Помодоро әдісі және оның пайдасы
  2. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  3. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  4. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  5. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  6. SMM маманы деген кім?
  7. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  8. Web-дизайнер деген кім?
  9. Таргетологтың қызметі қандай?
  10. Контекстолог деген кім
  11. Копирайтер деген қандай мамандық?
  12. Контекстолог деген кім?
  13. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  14. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  15. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  16. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  17. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ