Өзіңе сенімді болудың 5 құпиясы

Иллюстрация: Freepik.com

Сенімділік деген не өзі?

Ол дегеніңіз:

— тақтаға кім шығады дегенде қолыңды көтеріп, өзіңнің бар екеніңді білдіру;

-тақтаға шықсаң, тақпақты сүрінбей айтып шығатыныңа сену;

-бір жерін ұмытып жатсаң, оны әзілге айналдыра білу;

-жағдай ушықса, салқынқанды болу.

Өзіне сенімді адамның артынан адамдар ереді. Сенімсіз адамның артынан өз жұбайы да, досы да ермейді.

Ендеше, 5 құпияны айтайық:

1. Сенімді болып көрініңіз.

Табиғатта кейбір аңдар жыртқыштың алдында өзін қампайтып көрсетіп, өзін аман сақтайды. Сіз де өзіңіз білетін сенімді адамға еліктеңіз. «Мен сенімдімін» деп 100 рет айтсаңыз да, ол көмектеспейді. Адаммен сөйлескенде даусыңыз дірілдейтін болса, айнаның алдында репетиция жасаңыз.

2. Сенімділікті қалыптастырыңыз.

Бір күнде істейтін істерді үлкені бар, ұсағы бар, бәрін қағазға жазып шығыңыз. Әрбірін орындаған сайын сызыңыз. Істі соңына дейін жеткізу сенімділік береді. Күніне 20 іс бітірсеңіз, сізде сенімділік деңгейі көтеріледі. Оқып шыға салмай, жасаңыз қазір.

3. Спортпен айналысыңыз. 

Неге сенімді адамдар спортпен айналысады? Сол арқылы әлемге өзінің ең жақсы энергиясын бере алады. Зиян тағам жеп, аз ұйықтап, қозғалмайтын адамнан қандай энергия көрдіңіз? Илья сияқты 200 кг көтер демейміз, 30 минут денені шынықтырып, жаяу жүрсеңіз, жеткілікті.

4. Көмектесеңіз.

Біреумен сөйлескенде «бұрыс нәрсе айтып қалмасам екен» деген оймен қобалжып тұрасыз. Ал егер оған қандай көмек бере алам деп мақсат етсеңіз, оның әңгімесін тыңдай бастайсыз. Біреудің проблемасын шешіп беру үлкен сенімділік сыйлайды.

5. Қателесу = Тәжірибе жинау.

Көп қателесіңіз. Сонда қателесудің қорқынышты емес екенін көресіз. Сізде тәжірибе жиналады. Сенімділікке кедергі жасайтын қорқыныштардың бәрі жай әншейін сағым екенін тәжірибеде сезінесіз.

Ұқсас материалдар:

  1. Өз өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз…
  2. Мұғалімдерге арналған 3 таптырмас сайт
  3. Ұстаздар қалай қосымша табыс таба алады?
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  6. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  7. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
  8. Жас маманға 8 кеңес

Ұйқының қанық болуы үшін 12 кеңес

Иллюстрация: Freepik.com

1. Ұйқы режимін сақтаңыз. Күн сайын бір уақытта ұйықтап, бір уақытта ояныңыз. Демалыс күні көп ұйықтасаңыз да, ол аптаның ішіндегі жоғалтқан ұйқы уақытының орнын толтыра алмайды. Керісінше, дүйсенбі күні таңертең ояну қиынға соғады. Біз көбіне оянатын уақытқа оятқыш қоямыз. Ал ұйықтайтын уақытқа ше?

2. Спортпен айналысқанда ұйықтардан 2-3 сағат бұрын бітіру керек.

3. Кофейн мен никотиннен аулақ болыңыз. Түстен кейін ішкен кофенің әсері 8 сағатқа дейін сақталады. Темекі шегетіндер никотинге тәуелділіктен таңда ерте оянады.

4. Ұйқы алдында алкоголь ішпеу керек.

5. Ұйқы алдында көп тамақ жемеу қажет. Көп су ішуге де болмайды.

6. Дәріні ұйықтар алдында ішпеу керек. Мүмкін болса, дәрігермен ақылдасып, күндіз ішуге ауыстыру қажет.

7. Түскі 15:00-ден кейін бір мызғып алуға жатпаңыз. Себебі ұйқыңыз қанғанмен, түнде ұйықтай алмай қаласыз.

8. Ұйықтар алдында босаңсыңыз. Демалып алыңыз. Жеңіл кітап оқыңыз немесе тыныштандыратын музыка тыңдаңыз.

9. Ұйықтар алдында ыстық суға түсіп алыңыз.

10. Жатын бөлмені қараңғылап, салқындатып, гаджеттерден тазалау қажет. Шу, жарық, жайсыз төсек, ыстық температура сияқты мәселе болмау керек.

11. Таңертең бір сағат күннің астында жүріңіз. Ұйықтар алдын жарықты өшіріп алыңыз.

12. Ұйқыңыз келмесе, төсектен тұрыңыз. Тынышталдыратын бір іспен айналысып, ұйқы келгенде ұйықтаңыз.

Дереккөз: «Зачем мы спим. Новая наука о сне и сонвидениях» кітабы.

Басқа материалдар:

  1. Атының өзі қызық 8 кітап
  2. Кітап таңдағанда ТОП-5 кеңес
  3. Тәрбиелі бала өсіру үшін ТОП-7 кітап
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  12. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  13. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  14. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  15. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

Болашаққа ұмтылған университет

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі жоғары деңгейдегі телегей білім ордасы.Еліміздегі көпсалалы жоғары оқу орыны және білім беру жүйесінің жетекші мекемесі.

Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-«Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS, THE, ARES сияқты ең беделді халықаралық рейтингтер нәтижесінде қазақстандық жоғары оқу орындары арасында талассыз көшбасшы болып табылады. Жоғары деңгейдегі сарапшылардың пікірлерін негізге алған тағы бір агенттік, Rank ProWorldwide Professional University ҚазҰУ-ды үздік деп таныды. «Rank Pro by Subjects 2021» пәндік рейтинг қорытындысы негізінде ҚазҰУ – әлемдегі үздік ЖОО-лар арасында – «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша – 351-400, «Математика» бағыты бойынша – 401-500 көрсеткіштеріне ие болған қазақстандық жалғыз оқу орны.

Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – «Asia Pacific Rank Pro World Leading Universities» рейтингінде ТОП-200 ішінде 176-орынға ие болып, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы университеттер қатарына кірген қазақстандық ЖОО-лар арасында да алдыңғы орында.

Қазіргі таңда біздің университетімізде ғылымды дамытудың барлық жолдары қарастырылып, ғылым саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру жұмыстары қарқынды жүзеге асу үстінде. Білім ордасында 562 ғылым докторы, 887 ғылым кандидаты, 438 PhD докторы еңбек етіп, 1227 магистрант білім алуда.

ҚазҰУ ғалымдары бейнеконференция, онлайн оқытуды жүргізу үшін Jinalys Room бейнеконференц-байланыс сервисін іске қосып, «Әл-Фараби-1» және «Әл-Фараби-2» наноспутниктерін алғаш рет ғарышқа ұшырды.Қазақстандық пікірлер мониторингінің ақпараттық жүйесі – OMSystem сынақтан өтуде. Әлемнің рейтингтік басылымдарында ғылыми жарияланымдар саны бойынша ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ҒЗИ арасында көшбасшы, жылына Scopus журналдарында 1000-нан астам мақала жариялайтын алғашқы университет.

Жалпы, қазақстандық авторлардың рейтингтік басылымдардағы әрбір бесінші жарияланымы-ҚазҰУ ғалымдарының үлесіне тиесілі. Биыл ҚазҰУ-да ғылымның барлық салалары бойынша магистратура мен PhD докторантураға бөлінген грант саны артып, оларға берілетін мүмкіндіктер шеңбері кеңейіп, мүмкіндікпен қатар оларға қойылатын талап та күшеюде. Оқытушылар білім алушыларды әрдайым ғылыми сауаттылыққа шақырады.

Ал жас зерттеушілер болса ҚазҰУ қабырғасында құрылған технопарк пен бизнес-инкубаторда жоғарғы технологиялық ойларын жүзеге асырып, сол арқылы өз істеріне инвестор тарту, серіктес табу сияқты мүмкіншіліктерге ие болып жүр. Ал мұндай жобалар ұлғая келе елге, өнеркәсіптің дамуына үлкен үлес қосып, ел экономикасына мол пайда әкелері сөзсіз.

Елбасымыз «Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны» дейді. Сондықтан еліміздің тұрақты дамуы үшін алда тұрған ауқымды міндеттерді, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын, жылдам дамып жатқан білім-ғылымның өзгерісіне ілесе алатын, әлемдік бәсекелестікке қабілетті озық ойлы жастар қажет. Қазақстандық университеттер арасында жетекші орынды иеленетін ҚазҰУ енді алдағы уақытта 11 пәндік бағыт бойынша өтетін рейтингке қатысады.. Аталған рейтингте де ҚазҰУ көшбасшылығын дәлелдеп, алғашқылардың қатарынан көрінеді деп сенемін.

Муратова Асем Муратқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес жоғары мектебі

Ғылыми жетекшісі:
Бектурганова Макпал Саттикуловна

Әлемдегі ең қысқа 18 әңгіме

«Шал мен теңіз» кітабының авторы Эрнест Хемингуэйден біреу «кез келген тақырыпта ең қысқа әңгіме жаза аласың ба?» деп сұраған екен. Сонда жазушы азғана толғанып, былай деп жазған екен: «Балаларға арналған аяқ киім сатылады. Киілмеген» («For sale: baby shoes, never worn»).

Эрнесттің бұл бастамасы өзге жазушыларға да қозғау салады. Көптеген жазушылар 6 сөзден тұратын әңгімелер жазып, эксперимент жасап көреді.

Назарларыңызға ең қысқа әрі ең үздік әңгімелер топтамасын ұсынамыз.

1. «Бейтаныс жандар. Достар. Ең жақын достар. Көңілдестер. Бейтаныс жандар».

2. «Сіз нөмірден жаңылыстыңыз», — деді бір таныс дауыс».

3. «Жолаушылар, сіздерге хабарлап тұрған капитан емес».

4. «Маған анам қырынуды үйретті».

5. «Мен нағыз өзімнің теңімді жолықтырдым. Ал, ол әлі кездестірмеді…».

6. «Менің көлеңкем жаңа ғана маған ымдағандай болды».

7. «Парашют сатылады: ешқашан ашылмаған, аздаған дақтары бар».

8. «Бұл біздің алтын тойымыз. Бір кісілік үстел дайындаңызшы».

9. «Бүгін мен тағы да анамның жанында болғансыдым».

10. «Саяхатшы тағы да дыбыс берді. Жер – жоқ».

11. «Мен үйге раушан гүлдерін алып келдім. Алайда кілтімді таба алмадым».

12. «Суық желден сынған әйнекте «Жас жұбайлар» деген жазу болды».

13. «Біздің жатын бөлме. Екі адамның дауысы. Мен есікті қақтым».

14. «Үлкен адам болсам деп қиялдадым. Есейдім. Қиялымды жоғалтып алдым».

15. «Мен секірдім. Содан кейін ойландым».

16. «Кешір, жауынгер, біз бәтіңкеңнің екінші сыңарын да сатамыз».

17. «Ол өз әйелінің баскесерін бөтелкемен тамақтандырады».

18. «Хирург емделушіні құтқарады. Емделуші Құдайға шүкіршілік айтады».

Басқа материалдар:

  1. Атының өзі қызық 8 кітап
  2. Кітап таңдағанда ТОП-5 кеңес
  3. Тәрбиелі бала өсіру үшін ТОП-7 кітап
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  12. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  13. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  14. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  15. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

Атының өзі қызық 8 кітап

Иллюстрация: Freepik.com

Бұл кітаптарды оқимын деп шынайы әлемді ұмытасыз. Автобуста оқысаңыз, түсетін аялдамадан өтіп кетесіз. Шай суып қалады. Тамақ қатып қалады. Бірақ соған тұрарлық кітаптар.

1. Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс,  Т.Нұрмағамбетов

Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс
2. Бонапарттың үйленуі, Д. Исабеков

Бонапарттың үйленуі
3. Бейтаныс әйелдің құпиясы, Б.Нұржекеұлы

Нұржекеев Бексұлтан. Бейтаныс әйелдің құпиясы [PDF] - Все для студента

4. Соғыстың соңғы жесірі, Ш.Мұртаза

Соғыстың соңғы жесірі
5. Махаббат қызық мол жылдар, Ә.Нұршайықов

Махаббат қызық мол жылдар | Әдебиет порталы

6. Оң қол, Т.Әбдіков

Оң қол" (байқау )

7. Жау тылындағы бала, Қ.Қайсенов

Жау тылындағы бала — Уикипедия
8. Шұғаның белгісі, Б.Майлин

Шұғаның белгісі

Басқа материалдар:

  1. SMM маманы деген кім?
  2. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  3. Web-дизайнер деген кім?
  4. Таргетологтың қызметі қандай?
  5. Контекстолог деген кім
  6. Копирайтер деген қандай мамандық?
  7. Контекстолог деген кім?
  8. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  9. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  10. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  11. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  12. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

Мен және менің мамандығым

Иллюстрация: Freepik.com

Ісің онсын десең, сол істің маманы бол,
Даңқың шықсын десең көпшіліктің адамы бол.

әл-Фараби

Педагог-психолог — менің ойымша, қазіргі заманда өте маңызды және қажетті мамандықтың бірі. Әр адам бір маман иесі болуды армандайды, мүмкін біреу сияқты болуы мүмкін, саналы түрде қандай да бір мақсатқа жетуі мүмкін, дегенмен әркім осы өмірде өзін тапқысы келеді. Менің ойымша, болашақ мамандық қуаныш әкелуі керек, сондықтан жұмысқа бару ауыртпалық сезімін сезінбеуі керек.

Мен өз ісімді, адамдарға пайда әкелетін істі таңдадым. Бакалаврда педагог-психолог мамандығын таңдап, магистратураға да әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне түстім. Осы университетке түсу оқушы кезден арманым болатын.

Мен педагог-психологпын. Сонымен, психолог болу деген не? Психология-бұл адам психикасының даму заңдылықтары Менің ойымша, өзін осындай қиын кәсіппен байланыстырған адам белгілі бір мінез-құлық қасиеттеріне ие болуы керек.

Адамның әр тұлғасы жарқын, ерекше. Әркімнің өз қабілеті мен таланты, жанның жағымды жақтары, жақсы қасиеттері бар. Психолог адамға осы қасиеттерді, таланттарды және т. б. ашуға көмектеседі. Ұқыптылық, дәлдік, жауапкершілік, бастамашылдық, мақсаттылық, сенімділік, ұтымдылық сияқты қасиеттер өте маңызды, мұнда түйсігі маңызды сапа болады. Мен психологпын, бірақ сиқыршы емеспін. Мен физикалық емдемеймін, бірақ менің көмегіме мұқтаж балаларға көмектесуге тырысып, психикалық жараларды емдеуге көмектесемін.

Балалар, ең алдымен, өздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері, мінезі, темпераменті бар адамдар, олар ерекше және өзін-өзі растауға, өзін-өзі жүзеге асыруға құқылы.

Мұғалім болу-жауапты жұмыс, соның ішінде жұмыс. Бірақ психолог болу сәл өзгеше. Сен әріптесіңмен ұрыса алмайсың, сен психологсың, демек коммуникативтік дағдылар мен толеранттылықтың жоғары деңгейі болуы тиіс. Сенде мүмкін емес жаман пәннің сабағында – сен сол психолог, — дейді саған басқа, бұл білу ғана емес, еліктіру, сондай-ақ тыныштандыру, қызықтыру.

Психолог-бұл мамандық емес. Психолог-бұл өмір салты.

Маған балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт деген ой жиі келеді! Мен олармен қарым-қатынасты қуанышпен күтемін, толқулармен дайындаламын, оны әр бала үшін көңілді, қызықты және есте қаларлық етіп жасауға тырысамын.

Психолог-бұл біреудің проблемасын түсіну және пысықтау қажет адам, мұнда өз проблемаларын басқа адамға және керісінше, оның проблемаларын өз өміріне жүктемеу өте маңызды. Психолог басқа адаммен жұмыс істеудегі өзінің күнделікті тәжірибесіне негізделмеуі керек, ол объективтілікке ұмтылуы керек.

Психолог-бұл кәсіп, психолог – тағдыр, жанашырлық пен қамқорлық пен мейірімділік.

Конисбаева Жадра Кайржановна
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Педагогика және психология мамандығының
1-курс магистранты

Молдасан Қуаныш Шорманқызы
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Педагогика және білім беру менеджменті
кафедрасының аға оқытушысы

Пандемия кезіндегі ішкі туризмнің жағдайы

Freepik.com

Қазіргі уақытта көптеген қазақстандық шет елге жолдама алуға ойланады. БҰл карантиннің саладары ма әлде Қазақстандағы ішкі туризмнің дамымай жатқандығы ма?

COVID-19 коронавирустық пандемиясы өзінің бүкіл тарихындағы туристік индустрия үшін ең маңызды проблемаға айналды. Халықаралық туризм 2020 жылдың алғашқы 10 айында 70% -дан астамға төмендеді. Азия-Тынық мұхиты аймағында саяхаттар санының айтарлықтай төмендеуі — 10 айда,  ол 82% төмендеді. Таяу Шығыста құлдырау 73%, Африкада — 69% құрады. Еуропа мен Америкаға халықаралық туризм 68% төмендеді.

Барлық елдерде әлі күнге дейін карантиндық шаралар жалғасып жатыр. Көптеген елдер өз шекараларын толығымен ашуға рұқсат берген жоқ. 2021 жылдан бастап, барлық жерде қайта қалпына келтіру шаралары болып жатыр. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, қазақстандық курорттарды іске қосу үшін туристік нысандардың қауіпсіз жұмысының алгоритмдері жасалды, олар қолданудың тиімділігін көрсетті, бұл ішкі туризм саласын уақытында қолдауға мүмкіндік береді.

Бір жыл бұрын Туризм мамандығын бойынша білім алып шыққан болатынмын. Бұл саладағы жас мамандардың бірімін. Әрине қазіргі тандығы пандемия кезіндегі туризм саласының құлдырағандығы өте қатты қынжылтады. Қазір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Мәдениеттану мамандығының 1 курс магистрантымын. Болашақта туризм және мәдениеттану мамандықтарын ұштастырған жас маман ретінде танылғым келеді. Бірақ бұл қазіргі уақытта ауыр және ұзақ жол болатынына сенімдімін.

Дегенмен де пандемия кезінде, еліміздің ішкі және мәдени туризм бағыты едәуір дамып жатыр. 2019 жылы статистикалық мәліметтерге сәйкес 5,1 миллион қазақстандық ел ішінде туристік қызметтерді пайдаланды. Биылғы жылы олардың саны көп болатыны анық – көптеген қазақстандықтар елде болуға уақытша мәжбүр және өз қалауларымен ішікі туризмді дамытуға өз үлестерін қосуда.

Адамдар қазірдің өзінде жоспарларын өзгертіп жатыр. Көпшілігі отбасымен бірге Еуропаға ұшу идеясынан бас тартып, Қазақстанның кез-келген жеріне, Атырауға немесе Бурабайға барғысы келеді. Көптеген адамдар биыл демалу орны ретінде Қазақстанды немесе жақын шетелдерді таңдайды. Шекаралар жабық болғандықтан ғана емес, сонымен қатар қаржылық дағдарыс салдарынан.

Еліміздің мәдени туризмін дамытудағы үлкен бір жобалардың бірі ол — Түркістанда «Хазірет Сұлтан» жаңа халықаралық әуежайы жұмыс істей бастағаны және Ахмет Ясауи кесенесінің жанында тағы бір үлкен жоба — «Керуен Сарай» кешені пайда болды. Ол 120 мың шаршы метрді алады. Бұл Үндістан мен Иран базарлары, аллеялары мен субұрқақтары бар тұтас қала. Кешенде келушілер қайықпен қозғалатын арналар тартылған. Бұл жобалардың барлығы пандемия кезінде карантиндік шараларды сақтай отырып, ішкі туризмнің тоқтап қалмауына әсер етуі.

Отандастарымыздың сонғы жылдары ішікі туризмнің дамуына оз үлестерін қосып жатқандағы қуантады. Бұл көрсеткіштер падемиядан кейін де тоқтап қалмай әрі қарай қарқынды дамуына жағдай жасалуы керек деп санаймын.

Ару Гилжанова
Философия және Саясаттану факультетінің
1 курс магистранты

Жетекшісі: Шаңбаева А.
Дінтану және мәдениеттану
кафедрасының аға оқытушысы.Н

www.kaznu.kz

Кез келген білімді тез әрі терең меңгеруге көмектесетін әдіс

Физика бойынша Нобель сыйлығының иегері Ричард Фейнман кез келген тақырыпты тез әрі терең түсінуге көмектесетін білім алу алгоритмін жасады. Бұл алгоритм «Фейнман әдісі» деген атқа ие болды.

1-қадам. Үйренгеніңізді балаға үйретіңіз. Бір ақ параққа үйренгіңіз келген нәрсені жазып қойыңыз. Бұл тақырып жайлы білетініңізді кішкентай балаға түсіндіріп жатқандай жазып шығыңыз. Сіздің негізгі оқырманыңыз ақылды ересек әріптесіңіз емес, сегіз жасар бала деп елестетіңіз. Адамдардың көбі бір нәрсені толық түсінбегенде күрделі сөздер мен кәсіби жаргонды қолдануға бейім келеді. Сіз белгілі бір идеяны жас бала түсінетіндей етіп бастанаяқ қарапайым сөздермен сипаттап жазуға тырыссаңыз, оның мән-мағынасын тереңірек түсіне бастайсыз.

2-қадам. Қайталаңыз. Алғашқы қадамда сіз міндетті түрде жаңа проблемаларға тап боласыз: бір жерде маңызды деген нәрсені ұмытып кетесіз, бір мәселені түсіндіре алмайсыз немесе түрлі түсініктерді біріктіре алмай қиналасыз. Енді сіз нақты қай тұста ақсап жатқаныңызды білесіз. Бастапқы материалға қайта оралыңыз. Сосын қарапайым терминдерді қолданып, ештеңені қалдырмай түсіндіріп бере алатын дәрежеге жеткенше, қайталап оқи беріңіз.

3-қадам. Өте қарапайым жазыңыз. Қолыңыздағы қолжазбаларды бір қарап шығыңыз да, түпнұсқа материалдан алынған кәсіби терминдерді барынша азайтып, мүмкін болса, қолданбауға тырысыңыз. Сосын осы қолжазбалардан қарапайым әңгіме құраңыз да, дауыстап оқып шығыңыз. Егер бұл түсіндіруіңіз қарапайым болмаса немесе бір түрлі естілсе, бұл сіздің біліміңіз әлі де терең емес деген сөз.

4-қадам. Бөлісіңіз. Белгілі бір тақырыпты қаншалықты түсінгеніңізді білгіңіз келсе, басқа біреумен бөлісіңіз. Үйренгеніңізді өзгелерге қаншалықты жеңіл әрі түсінікті етіп жеткізе алсаңыз, материалды соншалықты жақсы меңгердім деп айта аласыз.

Дереккөз: «Лайфхактар» кітабы

Басқа материалдар:

  1. SMM маманы деген кім?
  2. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  3. Web-дизайнер деген кім?
  4. Таргетологтың қызметі қандай?
  5. Контекстолог деген кім
  6. Копирайтер деген қандай мамандық?
  7. Контекстолог деген кім?
  8. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  9. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  10. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  11. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  12. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

12 сәуір — Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні

Иллюстрация: Freepik.com

1961 жылы 12 сәуірде борттағы адаммен бірге Әлемдегі алғашқы «Восток-1» ғарыш кемесі жер орбитасына шығарылды. Әлемдегі алғашқы ғарыш кемесінің ұшырылуын Сергей Королев, Анатолий Кириллов, Леонид Воскресенский басқарды.

Кеменің ұшқыш-ғарышкері КСРО азаматы ұшқыш майор Юрий Гагарин болды. Ғарыштық көп сатылы зымыранның ұшырылуы сәтті өтті және жылдамдық алып, зымыран тасығыштың соңғы сатысынан бөлінгеннен кейін кеме жер айналасында орбитада еркін ұшуды бастады.

Жер шарын айналып өткеннен кейін, басталғаннан 108 минут өткен соң, тежегіш қозғалтқыш қондырғысы іске қосылды және спутниктік ғарыш кемесі қону үшін орбитадан түсе бастады. Мәскеу уақытымен 10 сағат 55 минутта ғарышкер Саратов облысы, Терновский ауданы, Смеловка ауылының жанындағы Еділ жағалауындағы егістік жерге қонды.

Кеңес Одағында космонавтика күнін құру туралы бастаманы Юрий Гагариннің дублері-ғарышкер ұшқыш Герман Титов жасады. Ол сондай-ақ КСРО үкіметінің атынан БҰҰ-ға Дүниежүзілік космонавтика күнін ұйымдастыру идеясымен жүгінуді ұсынған болатын.

1968 жылдың қарашасында Халықаралық авиация федерациясының 61-ші бас конференциясында 12 сәуірде Дүниежүзілік авиация және космонавтика күнін атап өту туралы шешім қабылданды.

Бұл күнді мерекелеу КСРО авиациялық спорт федерациясының ұсынысы бойынша 1969 жылы 30 сәуірде қабылданған Халықаралық авиация федерациясы кеңесінің шешімімен расталды.

2000 жылдың қыркүйегінде БҰҰ-ның Ғарыш жөніндегі комитеті адамның ғарышқа алғашқы ұшуының 40 жылдығына орай бірінші халықаралық Юрьева түнін (Yuri ‘ s Night) өткізу туралы жарлық шығарды, оған 2001 жылы 75 елде 100 мыңнан астам адам қатысты. Жыл сайынғы іс-шараның ұйымдастырушысы ғарыштық ұрпақтың консультативтік кеңесі (Space Generation Advisory Council) болып табылады.

7 жылғы 2011 сәуірде Ресейдің бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы 12 сәуірді кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин жасаған ғарыш кеңістігін игерудегі алғашқы қадамның 50 жылдығына орай Халықаралық ғарышқа ұшу күні деп жариялады. Бұл қарардың авторлары БҰҰ-ға мүше 60-тан астам ел болды.

Алайда, қазақстандықтардың ғарышты игеруге қосқан үлесі туралы да ұмытуға болмайды. Қазақстандықтар жоғары атақтар мен мемлекеттік наградаларға ие болған ғарышкерлермен мақтана алады.

Тоқтар Әубәкіров-КСРО ғарышкері, қазақ ұлтының тұңғыш ғарышкері, Қазақстан ӘӘК Генерал-майоры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, КСРО еңбек сіңірген сынақ ұшқышы.

Талғат Мұсабаев 15 марапатқа және Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері атағына ие болды. Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол бүкіл күнді ашық кеңістікте өткізді.

Айдын Айымбетов-қазақ ғарышкері, ғарышқа ұшқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш азаматы, әлемнің 545-ші ғарышкері. Қазақстанның Халық қаһарманы (2015), Қазақстан ӘӘК полковнигі.

2015 жылғы 2-12 қыркүйек аралығында Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің (ТПК) бортинженері ретінде ғарышқа ұшты. ХҒС-қа ЭП-18 бару экспедициясының мүшесі болды. «Союз ТМА-16М»КҰБ Жерге оралды. Ұшу ұзақтығы тоғыз тәулік 20 сағат 13 минут 51 секундты құрады.

Жыл сайын Байқоңыр ғарыш айлағынан спутниктерді, ХҒС және ғарышкерлер үшін жүктерді жер орбитасына шығаратын 20-дан астам зымыран ұшыру жүзеге асырылады.

Дүниежізілік авиация және ғарыш күнінің 60 жылдығы қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің «Жылуэнергетика» мамандығының 3 курс студенттері мен «Техникалық физика (АТМО)» мамандығының 1 курс магистранттарының қатысуымен «12 сәуір — Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні» атты онлайн ашық тәрбие сағаты республикалық дәрежеде өткізілді.

Іс-шараға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті магистранттары қатысып, іс-шара барысында студенттер ғылыми жаңалықтарға шолу жасап, баяндамаларымен таныстырып, ақпараттармен бөлісіп, бүгінгі күнде жүргізіліп отырған ғарыш саласындағы ғылыми жобалар жайлы сөз қозғалды.

Шотаева Еркеназ Женістікқызы,
Раймкул Салтанат Серікбайқызы
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Физика-техникалық факультетінің
1 курс магистранты

Кітап таңдағанда ТОП-5 кеңес

Иллюстрация: Freepik.com

Жылына 800 000-дай кітап шығады. Пайдалы кітапты таңдау үшін бірнеше сүзгіден өткізуге болады:

1) Кітаптың сапасын тексеріңіз.

Кітаптың қағазы жұқа емес, көзді ауыртатындай ақ емес, суреттерінің бояуы қолға жұғатын емес, қағаздың желімі сапасыз емес болу керек. Кітаптың сапасына бағасы сай болғаны дұрыс.

2) Кітапты парақтап шығыңыз.

Қаріп түрі оқуға ыңғайсыз, қаріптің көлемі тым майда болмауы керек.

  1. Тәрбиелі бала өсіру үшін ТОП-7 кітап
  2. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?

 

3) Мазмұнын, бір тақырыбын, мәтінін ашып оқыңыз.

Автор көтерген тақырыбын қалай ашады екен? Бос сөзбен көпіре ме әлде жақсы дәлелдер келтіре ме? Ғылыми жаңалықтардың сілтемесін бере ме? Аз сөзге көп мағына сыйдыра ма? Оқырманға түсінікті тілмен сөйлей ме?

4) Бұл кітапты оқыған адамдардың пікірін оқыңыз.

Оларды арнайы хештегпен табуға болады. Мысалы, #Абайжолы. Оқырманның көпшілігі қандай пікірде екенін біліп, ары қарай сатып алу не алмау керектігін шешесіз.

5) Өзіңізді шынымен қызықтырған, ішін ашып оқығанша жаныңыз жай таппайтын кітапты таңдаған жөн.

Жұрттың бәрі оқып жатқан кітапты мен де оқуым керек деп ұғынбаңыз.

Басқа материалдар:

  1. SMM маманы деген кім?
  2. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  3. Web-дизайнер деген кім?
  4. Таргетологтың қызметі қандай?
  5. Контекстолог деген кім
  6. Копирайтер деген қандай мамандық?
  7. Контекстолог деген кім?
  8. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  9. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  10. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  11. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  12. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет