Тәрбиелі бала өсіру үшін ТОП-7 кітап

Иллюстрация: Freepik.com

1. Пайғамбарлардың бала тәрбиелеудегі әдістері

Барлық пайғамбар — адамзатқа ұстаз. Ұстаз болғандықтан тек үлкен азаматтарды ғана тәрбиелеуді үйретпеді. Сонымен қатар біз балаларымызға қандай қатынас жасауымыз керектігін үйретті. Адам пайғамбар Мұхаммед пайғамбарға (Алла Тағаланың сәлемі мен игілігі болсын) дейін әрқайсысы ерекше өнеге көрсетіп қалдырды. Осы кітаптан әр пайғамбардың өмірінен бала тәрбиелеуге қатысты мағлұмат аласыз.

2. Ақылды бала

Сигел Д. Дж., Брайсон Т. П.: Ақылды бала. Баланың ақыл-ойын жан-жақты дамытудың 12 озық стратегиясы - 1

«Ақылды бала» кітабында бала миы қалай жұмыс істейтіні және даму барысында қандай кезеңдерден өтетіні туралы айтылады. Авторлар – медицина ғылымдарының докторы, көптеген марапаттарға ие болған педагог әрі балалар психологы Дэниел Дж. Сигел мен балалар мен жасөспірімдердің тәжірибелі психотерапевті Тина Пейн Брайсон баланың тентектігі мен еркелігінің астарында не жататынын ашып түсіндіре отырып, осы бағыттағы ғылыми-танымдық теорияларды түсінікті тілмен баяндайды. Оны түсініп оқыған адам бала тәрбиесінің қыр-сырын толығымен білетін болады.

3. Баланы жазасыз тәрбиеле

Баланы жазасыз тәрбиелеудің маңыздылығы қарастырылған. Балаға қысым жасаудың зардабы берілген. Жазаланған балаларда кездесетін ауытқулардың себептері көрсетілген. Баланы қалай жазасыз тәрбиелеуге болатыны айтылған.

4. Балам жақсы болсын десеңіз

Қолдарыңыздағы кітап әке-шешенің бала тәрбиелеуде ескеретін негізгі ұстанымдары мен ақыл-кеңестеріне құралған. Еңбек бүгінгі күннің тәрбие ісіне психологиялық әрі әлеуметтік тұрғыдан үлес қосуымен, бала тәрбиесін кешенді қолға алудың сан қырын ашып көрсетіп, күнделікті өмірден алынған мысалдар беруімен құнды. Кітап ата-ана мен жалпы тәрбиешілерге арналған.

5. Проблема балада ма?

Ата-анаға нұсқаулық ретінде ұсынылып отырған осы кітапта балаларда кездесуі мүмкін мінез-құлықтық, физиологиялық, психикалық проблемалардың шығу төркіні, туындау себептері және оларды емдеу, тәрбиелеу және жақсарту жолдары түсіндірілді.

6. Исламдағы бала тәрбиесі

Еңбекте бала тәрбиесінің мұсылмандық бастаулары қамтылған. Дәлірегі, кітапта қалыңдық таңдау мен жанұя құрудың мән-маңызы, ұрпақ тазалығы, сәби дүниеге келгенде атқарылатын діни салт-жоралғылар, баланың өсу барысындағы жасына сай ерекшеліктері және мұсылмандық тәрбиенің мәйегі мен негіздері баяндалады. Еңбек бала тәрбиесіне жауаптылықпен қарайтын барша оқырман қауымға арналған.

7. Өз бетімен әрекет ететін бала

Бірнеше жыл бұрын жарын көрген “Неліктен мен еріншек анамын?” атты мақала ғаламтор желісінде әлі күнге дейін шарлап жүр. Мақала барлық танымал ата-ана форумдары мен топтарды аралап шықты. Көптеген пікірталастар мен талқылауларға себеп болды. Қарап отырсақ, қазіргі ата-аналардың көпшілігін баланың өз бетінше әрекет ете білу дағдысы мен баланың ерке, бейқам, жалтақ болуы алаңдатады екен. Осы кітапта отбасы және балалар психологы Анна Быкова аталмыш сұраққа өз көзқарасын білдірген. Баланың өз бетінше әрекет ете білуі үшін соған сай шарттары бар екен. Егер балаға әркез кеңес беріп, ақыл айтып, бұйырып жүретін болса, ол өз бетінше әрекет етуді үйренбейді. Сондықтан баланың игілігі үшін кейде “жалқау ана” қағидасын ұстанған абзал.

Басқа материалдар:

  1. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
  2. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  3. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  6. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  9. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  10. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы (Карточкалар иерархиясы)

Университетім — мақтанышым

Жалпы адам екі нәрседен қателеспеу керек дейді. Соның бірі — мамандық таңдау. Менің таңдаған мамандығыма қызығушылығымды арттырған осы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

Дәл осы университет қабырғасында, оның ішінде Экономика және Бизнес жоғары мектебінде білім алғаныма өте қуаныштымын. Университет еліміздің экономикасының қарқынды дамуына үлес қосатын білікті жас мамандар даярлауда еңбек етіп келеді. Әрбір мектеп бітіруші түлектердің арманы болған-Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті-Қазақстандағы жетекші көпсалалы жоғары оқу орны. «ҚазҰУ қалашығы» деп аталатын мекенде студенттердің білім алуына көптеген мүмкіндіктер жасалған.

Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, үлкен ауқымды «Әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, әскери кафедра, технопарк, студенттер үйі, интернет орталығы, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр. Үш тілде де білім алу жүйесі қарастырылған.

Студенттердің белсенділін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйымдары комитеті жұмыс істейді. Оның құрамына студенттер кеңесі, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, студенттер Сенаты, «Көмек» еріктілер қозғалысы, Болон үдерісі бойынша студенттік бюро кіреді. Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті — бұл сізге көптеген мамандықтарды ұсынатын тұтас ғылыми кешен.

ҚазҰУ-дың көп деңгейлі білім беру жүйесіне: жоғары базалық білім (бакалавриат), жоғары мамандандырылған білім, магистратура және докторантура кіреді.

Мамандарды даярлау 180-нен астам мамандық бойынша жүзеге асырылады. Университеттің негізгі капиталы — жоғары деңгейлі оқытушылар құрамы. Бүгінгі таңда университетте 2 мыңнан астам оқытушы жұмыс жасайтын 102 кафедра бар, оның ішінде 300-ден астам докторлар мен 700 ғылым кандидаттары, 60 философия докторлары (PhD), 100-ден астам ірі академиктер,республиканың 21 еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан астам мемлекеттік және жеке жас ғалымдарға арналған сыйлықтардың 40 лауреаты, 45 мемлекеттік ғылыми стипендиаттары бар.

ҚазҰУ — студенттер қаласы. Мұнда республиканың барлық аймақтарынан келген жастар оқиды. Және де университетті мүмкіндіктер мекені деп атауға да болады. Өйткені ғылыммен айналысқысы келетін студенттер үшін де дәстүрлі түрде «Фараби әлемі» сияқты конференция, форумдар ұйымдастырылып тұрады.

Бұдан бөлек басқа да,дәстүрлі түрде «Студенттік көктем», «Ана тілі аруы-Жігіт сұлтаны» секілді ауқымды шаралар көптеп ұйымдастырылады. Республикалық және халықаралық деңгейдегі конференцияларға және конкурстарға ғылыми жобаларын дайындаған әрбір студент жүлделі орындарға ие болуда.

Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті әлемдегі үздік 200 университет ішінде 165-шы орынға ие. Университетте атқарылып жатқан барлық жұмыстардың ұйымдастырылу деңгейі мен тәсілі Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бәріне үлгі болуда.Қазақ Ұлттық Университеті-еліміздің білікті, білімді мамандар ордасы деп айтуға болады.

Бөлек Гүлнұр Қайратқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес жоғары мектебі

Ғылыми жетекшісі:
Бейсенбаев Жақсылық Темерболатович

Қазақстандағы ең ерекше мектеп ережесі

Иллюстрация: Freepik.com

Күнделікті мектептегі қарым-қатынас әдебі де ұдайы түрленіп жатады.  Мектеп — қызықты оқиғалар мен естеліктердің ғажайып мекені. Ал сіз, осы Қазақстандағы ең ерекше мектеп ережелерін білесіз бе?

1993 жылы Алма Қыраубайқызының жетекшілігімен О.Жандосов ауылында жекеменшік қазақ гуманитарлық мәдениеті лицейі ашылды. Мектептің өзге мектептерден басты ерекшелігі ұстаз бен шәкірт арасында еркін қарым-қатынас орнады. Аталмыш мектеп ерекшелігіне назар аударайық.

1. Ұстаздар оқушыларға «сен» деудің орнына «сіз» деп сөйледі. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына мұндай ілтипаттың әсері болары сөзсіз.

2. Оқушының есіміне ұл бала болса «мырза» сөзі тіркесіп айтылды. Мысалы: Болат мырза, Қанат Мырза. Бастапқыда құлаққа ыңғайсыз естілуі мүмкін. Дегенмен, қалыптасуға болады.

3. Қыз баланың есіміне «бикеш» деген сөз тіркесіп айтылды. Мысалы: Әсел бикеш, Әйгерім бикеш

4. Ұстаздарды апай дегеннен гөрі жас ерекшеліктеріне қарай есіміне «бибі», «бике» сөздерін қосақтағанды жөн деп тапты. Мысалы: Күләш бибі, Сәуле бике

5. Қарапайым қоңырау үнінің өзі Кеңес Үкіметінен қалған даңғыр дыбыс емес, арнайы қазақтың күйімен беріліп отырды.

6. Би кештерінде мектеп ұстаздары оқушыларды сырттан бақылап тұрмай, өздері де ортаға шығып билеген. Бұл жерден байқайтынымыз, ұстаз бен шәкірт арасындағы шекараны бұзу. Өзінің ұстазының да билегенін көрген шәкірт ішкі ұялшақтық процесінен арылуы мүмкін.

7. Өзіне деген сенімді сезінген шәкірттер орынсыз ұялшақтықтан, бұйығылықтан арылған.

8. Мектеп өмірінде жоғары жылдық және төменгі жылдық сынды шарттылық жойылып, бір-біріне аға-іні, апа-сіңлі қарым-қатынасы болған. Бұл жерден аңғаратынымыз, үлкенге құрмет, кішіге ізет мақалы толықтай жүзеге асқан.

9. Оқушылар пікірлесу мәдениетін едәуір меңгерген. Мектеп ұстаздары оқушыларды оқытудың демократиялық жолын ұстанған.

10. Сабақтар дәріс-диалог, дәріс-практика бағытында жүзеге асып отырған. Әр бала – тағдырдың ата-анаға тартқан сыйы, табиғаттың ғажайып құбылысы. Сол себепті де, бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс жасауы керек. Осы тұрғыда мектеп басшылығына жоғарыда айтылғандай өз өтініш-тілектеріңізді жеткізуге болады. Мүмкін, сіздің идеяңыз бізден асып түсер. Қалай ойлайсыз?!

Басқа материалдар:

  1. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
  2. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  3. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  6. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  9. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  10. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы (Карточкалар иерархиясы)

Сабақта қолданылатын тәсілдер

Иллюстрация: Freepik.com

 «Домино»

Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші оқушы  оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.

Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетеді.

«Домино — 2»

Қатысушылар столды жағалай отырады. Қолдарына открытка қиындылары немесе балаларға арналған суретті лото не әріптерден қиылған карточкалар таратылып беріледі. Бірінші қатысушы өзінің суретіне байланысты әңгімені бастайды. Бұл ертегі, қияли, күлкілі әңгіме т.с.с. болуы мүмкін. Ең бастысы, қолындағы сурет қамтылуы тиіс. Осы суреттің қиындысы бар келесі ойыншы әңгімені жалғастыруы керек. Осылайша басы бүтін бір әңгіме айтылып шығады.

«Допты лақтыру»

Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушысұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, доптыбасқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды  бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.

«Достармен кездесу уақыты»

Оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне ұқсас бір жанды тауып әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы,

сенің  көзіңнің түсі маған ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім. Осылайша  4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады.

«Дұрыс емес пікір»

Талқылау үшін дұрыс емес жауаптарды қолданыңыз.Дұрыс емес болғаны үшін ғана жауапты іріктеудің немесе «бұл қызық» фразасын қолданудың орнына, үдерісті ашып көрсету үшін ойлау барысының дұрыс емес бағыт алуына әкелетін сұрақтарды қолданыңыз. Бұл ойдың логикалық барысын жақсартуға әкеледі және қате үшін жазғыру болмайтын атмосфера орнатады.

«Мен бұл жауап дұрыс емес екеніне қуаныштымын… ендеше талқылап көрейік…».

«Дыбыстау»

                Фильмнен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, оқушылардың рөлге еніп, дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен көрсетсе де болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру қажет.

 «Егер …, онда не болар еді?»

Оқушылардың бірі жүйрік қиялмен бір ситуация айтады, қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Мысалы,

«Егер әрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи алатын болса, онда Жер бетінде не өзгеріс болар еді?»

«Егер Жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда …»

«Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айрылып қалса, онда»Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырады.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз.    Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат Бір тілек =бұл жақсартуға болатын нәрсе.            

                                      «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан тік сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

 

Бөліктің оң жағына Бөліктің сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайында пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылған дұрыс.

Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға, ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, кұдіретін, сипаты мен табиғатын ашып түсінуге бағыттайды. Сондай-ак, әдістің тиімділігі — мұнда сабақтан тыс калатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.

«Екі қолды жұмысқа жұмылдыру»

Оқушылар екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттерді атқарады:

  1. Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады.
  2. Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады.
  3. Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады. Бұл жерде жазуды оңайлату үшін есім мен фамилиядағы әріптер санын теңдестірген дұрыс: егер фамилия ұзын болса, ондағы «-ов/-ев», «-ова/-ева» жұрнақтарын алып тастап, есімге «жан» түбірін қосса болады.

Оқушыларға салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығы назар аудармауларын ескерту керек. Мұнда ең бастысы –жазудың өзі, сол себепті де тоқтамай, әрекеттене беру керек.

Бұл ойсергектің мақсаты мынандай:

Әдетте оңқайлардың (оң қолымен жұмыс жасайтындардың) миының сол жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да, ал оң жағы жұмысқа белсене араласпайды.Екі қолмен бір мезгілде әртүрлі әрекеттер жасағанда, мидың екі бөлігі де жұмысқа қосылатын болады.

 «Екі лагерь»

Жүргізуші сыныптағы бір оқушының өз қалауымен сыртқа шығып кетуін ұсынады. Ол сыртқа шыққанда қалған оқушылар бір ұқсас белгілеріне қарай екі топқа бөлініп, бір-бірінен алыс отырады. Сырттағы оқушы кіріп, екі топтың қандай бір-біріне ұқсамайтын белгі арқылы бөлінгенін табу керек.

Бұл ойын топқа бөлгенде, оқушылардың ықыластылығы мен зейінділігін анықтау үшін жүргізіледі.

«Елестету көрінісі»

Мәтіннің басты мәнін мүмкін болса, елестетуге тырысу керек. Егер мүмкіндік болса, сурет, сызба, тірек сызба т.б ретінде қағазға түсіріп, суреттерді қорғау.

 «Ең зейінді»

Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.

 «Еркін жазу»

Бұл әдіс«ой толғаныс» кезеңінде пайдалануға лайықты да тиімді. Мұғалім сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған әсері, не үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б. туралы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде, оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

 «Еркін пікір»

Пікірталастар ұйымдастыру, баяндамалар жасау, реферат, шағын ғылыми жұмыстарды қорғау – оқушының білім қорын, ізденісін көрсетумен қатар, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін меңгеруіне қызмет етеді.

 «Еркін талқылау»

Бұны  шағын  топта  қалай болса, сондай-ақ барлық  сыныппен  орындауға  болады. Құрылымы  болмағандықтан,  бұндай  талқылауда  көмек  керек  болуы  мүмкін.  Көмекті  мұғалім  көрсете алады, бірақ жұмыс  топтарда  өтсе  мұғалім  барлық  топқа  үлгермеуі  мүмкін. Нұсқа ретінде бір оқушыны көмекші  болуды сұрауға болады, бұл техника оқушыны, ол оқушы әрекеттерінің оң тәжірибесін алысымен пайдалануға және  осы рольдегі мінез-құлқының негізгі аспектілерін талқылауға болады.                                                               

«Ертегі құрастыру»

              Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар бір-бір сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады. Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі ертегі құрастырылып шығады.

 «Есімдер арқылы топқа бөлу»

www.classtools.net – «жеміс-жидек машинасы» бағдарламасы, мұнда сізде есімдерді енгізуге, оларды сақтауға және оқушыларды кездейсоқ тәртіпте таңдауға мүмкіндік болады.

Есімдерді балмұздақтардың таяқшаларына жазыңыз және жауап беру үшін кездейсоқ тәртіппен оларды тартып шығарыңыз.

Сандарды допқа немесе оқушылардың саны немесе сыныптағы отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда жазыңыз – әр сыныпта қолданыңыз.         

 «Жағымды тілектер алқасы»

              Алдын ала топтағы оқушы санына сай ұзын (70 см) және көбірек түрлі-түсті қысқа (10 см) жіптер дайындалады.  Жағымды әуен арқылы барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім қолындағы жіптерді көрсетіп: «Менің қолымда түрлі-түсті, ұзын-қысқа жіптер бар. Шын мәнінде, бұлар жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі алқаға айналдырады екен. Қазір ұзын жіптерді әрқайсысың алып, өз мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң түрлі-түсті қысқа жіптен алып бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек айтып байласаңдар. Осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына айналады.»

Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік ретінде сақтап қою ұсынылады.

«Жазылым дағдыларын дамытуға әдіс-тәсілдер» құру

Құру үдерісі және жоспарды жобаға айналдыру үдерісі: ой дамыту, қолдау

бөліктерін енгізу, проза түрінде жазу, азат жол пайдалану, азат жолдарды

байланыстыру, басым тиімді бастау және аяқтау. Жазу бойынша бірнеше жоба болуыда мүмкін.

Оқушылар жобаны жазу кезінде критерийлерге жүгіну керек. Мазмұндама

мұғалімге жауап беруде, қатарластар ескертпесінде немесе жаңа ақпаратқа, сондай-ақ,өзгерту үдерісі кезінде байқалған кез келген сұраққа жауап беру кезінде өзгереді.

Өзгерту

Өзгерту – мазмұн сәйкес ақпараттан тұратынына және оның ақпаратты бірыңғайберетініне көз жеткізу үшін қайта оқу немесе шығарма жобасын қайта қарау.

Оқушылар орфография, грамматика, пунктуациядағы қателерді анықтау және

түзеу үшін, сондай-ақ, өшіріп, қосып, материалды нақтылау үшін түрлі түсті

қаламдарды пайдалану керек.

Өзгерту бірнеше кезеңнен тұруы да мүмкін, себебі, жазушы әртүрлі

элементтерді жазуға назар аударады. Ол мыналардан тұрады:

Мазмұн – жазбаша мазмұндаманың мазмұнына қараңыз, ол нақты бір мақсат

пен аудитоияға сәйкес келеді ме, барлық сәйкес ақпарат жеткілікті деңгейде

енгізілген бе?

Құрылым – Мазмұндауда басы, ортасы және соңы анық берліген бе? Немесе

хабарлы мәтінде анық кіріспе мен қорытынды болады ма? Ақпарат қисынды,

байланысқан және прогрессиялы бірізділік болу керек. Қызықты әрі тиімді

болатын кіріспе және қорытынды фразалар болу керек.

Мәтінді құрылымдау – Абзацтар сол абзацта талқыланатын ақпаратты

айрықшалайтын немесе соған сілтейтін тақырыптық сөйлемнен басталу керек.

Жаңа абзац орын, уақыт және сөйлеуді бастайтын жаңа кейіпкер/адамды

ауыстыра отырып, жаңа тақырыптан басталу керек. Маңызды әрі нақты сөйлемқұрылымдарының әр түрлілігін әсер алу үшін саналы түрде пайдалану қажет.

Айқындық — барлық жаңа тұжыырымдамалар нақты түсіндіріліп нақты

анықталған ба? Әр сөйлемнің мағынасы түсінікті ме? Ненің айтылып тұрғанытүсінікті ме?

Сөздік – Сөздік таңдау қажетсіз қайталаудан қаша отырып, дәл әрі маңызды

болу керек. Тезаурус пайдалану кезінде мұқият болған жөн, себебі оқушылар

маңызы бірақ мәнмәтінге сәйкес келмейтін синонимдерді пайдаланып қоюы

әбден мүмкін.

 «Жақсарту жөніндегі нұсқаулық»

Оқушылардың жұмысына түсініктеме бере отырып, бұл үдерісті оқушыларға жақсарту жөнінде нұсқаулық беру үшін қолданыңыз. Оқушылардан сыныптастарының жұмыстарын бағалаған кезде түсініктемелерді қолдануын сұрай отырып, үдерісті дамытыңыз.   Нұсқаулық ұғымын және оның басқа ереже түрлерінен қалай ерекшеленетінін талқылаңыз  (мысалы, ұйғарым, ескерту және т.б.).

 «Жақсылық тамшысы»

Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.

 «Жақсы сұрақ деп нені айтады?»

Оқушылармен «жақсы» сұрақ ұғымын талқылаңыз. Үдеріс ашық және жабық сұрақтардың арасындағы айырмашылықтарды анық түсінуге мүмкіндік береді. Одан кейін олар тақырып бойынша сұрақтар қоя алады және олардың қайсысы жақсы болғанын шеше алады, одан кейін сұрақтардың жауаптарын талқылауға ауысады.

 «Жаңалық ашамыз»

Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін тапсырма беріледі. Бұл таптаурын болған ойдан арылу, айналаға сын көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.

Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған кезде, құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с.

Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады. Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайданылған өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с.

Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін ашуға көмектеседі.

«Жауап беретін әріптес»

Жұптармен немесе әріптестермен жұмыс істегенде ауызша бағалау. Оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады.  Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет.  Олар сонымен бірге жауап беретін әріптестің рөлін бағалауы – оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс.   Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін.

 «Жәшіктегі кітаптар»

 Ортаға әсем безендірілген жәшік әкелінеді. Мұғалім: «Сыртындағы суреттерге қарап, осы жәшіктің ішінде не бар екенін тапқан оқушыға сыйлығымыз бар.» «Дұрыс, кітап!»

Қазір әрқайсысың бір кітаптан алып, 10 минут көлемінде кітапты оқып, қарап шығады. Содан соң кітапты жұбымызбен ауыстырып, тағы 10 минут оқимыз.  Қысқаша қажетті деген мәліметтерді, қызықты ойлар мен кейіпкерлерді өздеріңе түсіріп алуларыңа болады,» — дейді.

Балалар 20 минут оқып болған соң, бір-біріне осы кітап туралы ойларын жеткізу тапсырылады. Бір-бірін толықтырады. Қызығушылық танытқан кітаптарын үйге оқуға алуларына рұқсат етіледі.

Басқа материалдар:

  1. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
  2. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  3. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  6. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  9. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  10. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы (Карточкалар иерархиясы)

Табысты болуға ықпал ететін әдеттер

Иллюстрация: Freepik.com

Табысты болу үшін жетістікке ықпал ететін әдеттерді қалыптастыра отырып, өзіміздің дамуымызға әсер беретін, күшті мінезді тәрбиелеу керек. Ал жетістікке жету жолында қандай әдеттер бізге кедергі болуы мүмкін?

Қарсылық

Егер өмірде бір нәрсе ойдағыдай болмаса, жан-жаққа қарамастан бірден шабуыл жасаймыз. Жүйке-жүйемізді тоздырамыз, күш-қуатымызды жұмсаймыз, кейде кездері өмірде өзгермейтін тұстарды білетұра, бірақ оған мойынсұнбастан қарсылығымызды білдіріп жатамыз.

Енді талдау жүргізіңіз қалай және қай жерде қарсылық көрсеттіңіз. Сіздің қарсылығыңыз жақындарыңыздың көңіл-күйлеріне, жұмыстағы өзгерістерге қалай әсер кеткеніне назар аудардыңыз ба? Адам өз мінезін әрқайсысына әр қырынан көрсетеді.
Біреуге айқайлап мінез көресетеді, басқасы ренжиді, ал үшіншісіне келгенде кетеді тұңғиыққа батып. Бұндайдың нәтижесі әрқашан да бір – нашар, бұзылған қарым-қатынас.Бұндай күрделі мәселелерді басқаша шешу керек. Ымыраға келу керек. Агрессия және негативті болдырмау үшін барлығын сол қалпында қабылдау керек. Бұл сізді шыңдай түседі. Жағдайды өзгерту үшін өз көзқарасыңызды өзгерту қажет. Барлық жерде, кезкелген уақытта позитив іздеп жүру керек…

Өзіңді құрбан сезіну

Бір адамдар бар өз жауапкершілігі мен өзінің сәтсіздіктерін біреудің басына аудара салады. Олар барлығын мемлекеттен, басшылардан, болмаса ата-аналарыннан көріп, бүкіл сәтсіздіктерін өзінен емес, солардан іздеп, жылап отырады.
Негізі шын мәнінде, барлығы дұрыс көзқараспен қару керек сияқты. Бұл жерде әркім өз өміріне жауапты, өзімізге алған жауапкершілікке өзіміз жауапты болсақ, бұндай оқиғаға тап болмаспыз.

Барлығын сынау

Адамдар негізі сынауды қатырады. Бір нәрсені ойлап таубдан гөрі, оны бағалап сын атқан оңай көреді. Кейде тіпті меселеге кірместен бұрын, бағасын беріп, болжап жатады. Сондайлардың жансақ пікірлерінен айналасындағы туыстары, қызметтестері, достары сөзіне еріп жатады. Бұндай адамдармен қарым-қатынас құру қиын әрі жағымсыз. Мұндайда өзіңіз үшін не маңызды екенін шешіп алу. Әрқашан дұрыс таңдау жасап, қоршаған ортаңызбен жақсы қарым-қатынаста болу.

Бақылау

Өз көзқарасыңыды тықпалап, біреуден талап етіп, біреудің барлық тапсырмаларын орындап, айналаңдағы болып отырған жәйттерге, тіпті тырнақтай мәселерге арласып, бақылауға алу бұл қоршауыңыздағыларға теріс ой немесе агрессия тудырады.
Бұндай әдеттерден құтылу үшін, айналаңыздағы адамдарды ынталандырып және шабыттандырып, өзіңе тиісті жұмысты істеуді талап ету керек, сонда ғана нәтиже шығады.

Өзіңді әрдайым барлық жағынан дұрыс деп сезіну

Басқа адамның сөзін естуге және көзқарасын қабылдамау. Айналасында болып жатқан нәрселерге бір қөзқараспен қарау. Бұндай әдеттерден құтылу үшін басқа адамды тыңдап және пікірін естуге үйренуіміз керек. Бұл ең даулы мәселелерді шешу кезінде көптеп көмектеседі деп ойлаймын.

Енді өзіңізге сырт көзден қарап көріңіз. Қайсы әдеттер сізге тән? Сіз бұл әдеттерді дұрыс ұғынсаңыз өзіңізбен жұмыс жасаудың алғашықы қадамдарыңыздың бірі болады есептеңіз. Өз әдеттеріңізге талдау жүргізіп, сіздің табысқа жетудің жолда кедерге болатын әдеттердің анықтаңыз. Оларда құтылу жолын іздестіріңіз. Ол сізге қоршаған ортаңызбен жақсы қарым-қатынас құруға және сіздің мақсаттарыңызға жақындата түседі.

Басқа материалдар:
  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер жинағы

Иллюстрация: Freepik.com

«Бөлмедегі заттар»

Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді. Мысалы: «Мен столмын. Бүгін маған тыныштық болмады. Алдымен, топқа бөліну үшін құлағымнан ұстап алып жан-жаққа сүйреледі. Содан соң үстіме қағаздар жайып тастап, постер сызды. Мен бүгін «Сын есімнің түрленуі оның шырай формасына енуі екенін. Шырайдың екі түрі болатынын айтып бере аламын.» т.с.с. жалғасып кете береді.

 «Броундық қозғалыс»

Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

«Бұл кім?»

Жүргізуші ( мұғалім немесе әдейі дайындалған оқушы) сыныптағы бір оқушыны ауызша сипаттайды: оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін т.б.келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды  және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс.

Бір-екі сипаттан кейін жүргізуші оқушылардан: «Бұл кім? Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді.

Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген…Ол кім?… Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар… Ол кім?…».

Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы әңгімелерді өте ұнатады.

 «Бұл жауабыболса, онда сұраққандай болады?»

Оқушыларға сөйлемдер беріп, жауап ретінде осы сөйлемдерді алу үшін

сұрақ қандай болатынын анықтауды сұраңыз.

 «Бұлт үстіндегі саяхат»

Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған  жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін….(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар…Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер.

«Бұрыштар»

                Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көзқарастарын дәлелдейді.

 «Былғары қолғап»

Ойын шарты: үш адамнан тұратын т оптарға бөлініңдер: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырасыңдар. Ол қарсыласың тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге  болады.

 «Біз де»

Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек.

Мен өзенге бардым. «Біз де!»
2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!»
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Біз де!» Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады.

«Білетініңіздің барлығы»

Оқушылар тарауды оқуға кірісудің басында ________ туралы не білетінінің барлығын жазады.  Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді.

 «Білімдарлар»

Ең алдымен,  ойынның басында «білгірлер» анықталады, олар өздеріне топ құрады.Ойынға қатысушылар топтары бойынша парта басына отырады.Бір топ тақта жанында қалады.Басқа топтардың өкілдері оларға оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар қояды.Топтың сұрақты өз ішінде талдауы 20 секунд қана жүреді де, бір оқушы жауап береді (кезекпен).Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады.

 «Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б

 «Бірге ойлаймыз»

Бұл сыныбыңызда талқылауға және диалогқа ықпал ететін және «Қолыңды көтеріп адамға сену» көзқарасынан бас тартуға көмектесетін жақсы тәсілі.

  1. Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліп, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беріңіз.
  2. Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз. Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын планшетке жазады және сыныппен бөліседі.

Сізге балалар арасында бәсекелестік тудыру үшін ұпай есептеу жүйесін пайдалануға болады. Одан кейін барған сайын күрделілігі артатын сұрақтарды пайдалана отырып, сипатталған қадамдарды қайталайсыз.

 «Бір қадам алға…»

Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.

 «Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру»

Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Әрине, ОүБ-нің өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет.

Аталған үдерісті оқушылармен бірлескен жұмыс түсінігін талқылау арқылы бекітуге және осындай сабақты сабақтың көзге көрінетін бөлшегі етуге болады.

«Бірлік»

Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады.

Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек.

«Бір минут»

Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.

 «Бір сөйлеммен түйіндеу»

Оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.  Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде  және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады, т.б.

«Венн диаграммасы»

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

«ВЕЕР»

Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.

«Графикалық органайзерлер»

Оқушыларға өзін-өзі бағалауда көмек көрсету үшін графикалық органайзерлерді қолданыңыз.

 «Гүлдер»

Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?

 «Ғажайып көрме»

Бұл – ең үздік туындылар мен тосын тапқырлыққа негізделген әрекеттерді тамашалауға мүмкіндік беретін көрме. Бала өз суретінің тіл сабағының қай тақырыбына, қандай ұғым-түсінікке байланысты салынғанын айтып беруі шарт. Өлең, жұмбақ, ертегі, шығарма, сыр-пікірлерін ұсынған балалар өз шығармашылықтары жайлы тіл сабағына қатысты әңгімелеп, тілге қатысты ойларын би тілімен, шахмат тілімен, өзге пәндер терминдерімен және т.б. тосын тапқырлықтарымен танытар қиял еркіндігіне жол береді.

Көрсетілімге сай киінуін, дене қимылы мен сөз үндестігін сақтауын, көпшілік алдында өздерін әдепті ұстауын талап ету баланың өзін ортада қымсынбай, еркін ұстап үйренуіне жол ашады, көпшілік алдында өзін ұстау мәдениетін игеруіне қолайлы орта жасалады. Киіну мәдениетін қалыптастырады: талғаммен киіне білу – адамның өзіне сенімді болуының кепілі.

Ой мен дененің қимылының ырғақты үйлесуі – баланы би алаңында бұғып қалудан немесе оғаш қимылдаудан құтқарып, денесін игере алмаудан туған сенімсіздігін жояды.

«Даналық ағашы»

Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында  қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып  бойынша  ашық сұрақтар құрастырып,  жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен  соң, оқушылар  сандықшадан  кез келген  сұрақты  алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге  тырысады. Қойылған сұрақпен  берілген  жауап  бағаланады.

«Данышпан үкілер»

Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.

Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз.Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз.Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.

  1. Маңызды өмірлік даналық.

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

  1. Таныс және таныс емес.

Мәтіннен сізге алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.

  1. Иллюстрациялық бейнелеу.

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.

  1. Үлгі боларлық қорытынды.

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

  1. Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.

Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.

 «Дарабоз»

Бала еңбегін сабақта бағалауға рейтинг жүйесінің қарапайым түрін ұсынар едік. Мұғалім өзінің жеке шығармашылық журналы төмендегі бағытта бағалау жүйесін қолданады. Бұл баланың төмен баға алу қорқынышынан туатын қажетсіз әрекеттерінен арылып, шынайы еңбегімен көрінуге ұмтылуына ықпал етеді. Ұжымда демократиялық қатынастар орнатуға қызмет етеді.

Ұтымдылығы – бірінші орында баланың қабілетінен гөрі еңбектенуі тұратындығында. Тынымсыз еңбек қабілетті дамытады. Баланың сенімділігі мен қызығушылығын ұштайды.

Бала еңбегі мынадай бағыттарда жан-жақты бағаланғаны жөн:

  • сабаққа қатысуы;
  • оған даярлығы;
  • тапсырманы орындауы;
  • өзіндік жұмысы;
  • ынтасы;
  • сабақтағы жауабы.

Мұндай жағдайда «екі» деген баға болмайды, себебі өзін ықтырып, үркітетін бағаны емес, жинақталған балды көріп, кемшілігін түзетуге мүмкіндігі бар екеніне сенімді болар еді.

«DEAL»

 D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E –Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

 «ДЖИГСО»

  Топтарға мәтін бөлігі таратылады. Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы топқа қайта келіп, қолдарындағы мәтін бөліктерін құрастырады. Топтарға мәтіннің толық нұсқасы таратылады. Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесіп отырып аяқтайды.

ДЖИГСО әдісімен жұмыс ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асыру мақсаты — жалпы мәселені алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау, үйрену мен үйрету.  Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Мәселен, әдісті қолдануды төмендегіше қарастырып көрейік.

Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұлар — бастапқы жеке жұмыс топтары. Берілгелі тұрған жұмыс мәтіні төртке бөлінеді. Енді топ мүшелері төртке дейінгі реттік жүйеде тағы бөлінеді. Тіпті тақырыпқа қатысты сұрақ қойып, айтылған сөздерді шартты атау ретінде бөліп беруге де болады (мәселен, берілген сөйлемдердің мағыналық түрлерін анықтаңдар: сұраулы, лепті, хабарлы, бұйрықты). Бұл жолы әр сан иелері немесе атау иелері өз алдына «жұмыс тобын» құрайды.

Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді топта талқылап, түсіну қажет екендігі ескертіледі. Логикалық түрде төрт бөлікке бөлінген мәтін бөліктері әр топқа таратылады. Топтар тұтас мәтінмен емес, тек белгілі бөлікпен ғана жұмыс істеп, бүге-шігесіне дейін талдайды, пікір алмасады, ойын нақтылайды. Жұмысты бастамас бұрын екінші құрылған шағын топқа бара жатқан оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті болты жақсы меңгеру қажеттігі айтылады, өйткені сол бөлімді «бастапқы топ» мүшелеріне түсіндіруге жауапты болатыны, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының жұмыс істеуі мен зейін қоя түсінуіне байланысты екені түсіндіріліп, жауапкершілік жүктеледі.

Бұл стратегия мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында аса тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.

«Диаманта»

Диаманта – жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы жолдары қарама-қарсы мәнде болуы қажет. Мағыналары қарама-қарсы түсініктермен жұмыс істегенде пайдалы.

1,7 – жолдары – антоним-зат есімдер;

2 – бірінші зат есімге екі сын есім;

3 – бірінші зат есімге үш етістік;

4 – зат есімді екі сөз тіркесі;

5 – екінші зат есімге үш етістік;

6 – екінші зат есімге екі сын есім;

Мысалы:

қала

үлкен, көне

салынады, өседі, гүлденеді

танымал қала, кішкентай ауыл

асырайды, дамиды, қалыптасады

әдемі, туған

ауыл

«Дизайн»

Әр оқушы өзінің қандай жансыз зат екенін айтады. Дизайнер келіп оларды өз талғамымен орналастырады.  Ең бастысы, бәрін өз орнына тиімді орналастыра білу. Сабақта да солай әр жұмыстың өз қызметі, өз орны бар. Орнымен жұмсасақ қана нәтиже болатынын білдіру.

 «Динамикалық шеңбер»

Оқушылар коридорға шығып,  ішкі және сыртқа шеңберге бөлінеді. Сыртқы шеңбердегілер қозғалмай тұрады, ал ішкі шеңбердегілер берілген тапсырмалар бойынша білетіндерін айтып келесі жұбына бір айналым жасап шыққанша қозғалады. Сыртқы шеңбердегілер сол тақырып бойынша жасаған қорытындыларын сыныпқа келіп айтады.

Басқа материалдар:

  1. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
  2. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  3. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  6. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  9. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  10. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы (Карточкалар иерархиясы)

Жеке оқушының әлеуметтік картасы

Иллюстрация: Freepik.com

1.Оқушының аты, жөні,тегі:________________________________________________

2.Туылған күні,айы,жылы:__________________________________________________

3.Мектебі,сыныбы:________________________________________________________

4.ЖСН:__________________________________________________________________

5.Оқу үлгерімі:____________________________________________________________

6.Үйірмеге тартылуы:_______________________________________________________

7.Тәрбиесі,тәртібі:_________________________________________________________

8.Денсаулығы:____________________________________________________________

9.Мінез-құлқы:___________________________________________________________

10.Достарымен қарым-қатынасы:_____________________________________________

11.Жанұяда қанша жан бар:_________________________________________________

12.Әкесінің аты-жөні:_______________________________________________________

13.Туылған күні,айы,жылы:_________________________________________________

14.ЖСН:_________________________________________________________________

15.Қызметі:_______________________________________________________________

16.Анасының аты-жөні______________________________________________________

17.Туылған күні,айы,жылы:________________________________________________

18.ЖСН:_________________________________________________________________

19.Қызметі:_______________________________________________________________

20.Жеке меншігіндегі мал мүлкі,үйі,көлігі барма?________________________________

21.Үйі неше бөлмелі:_______________________________________________________

22.Оқушының жеке сабақ оқитын бөлмесі барма?________________________________

23.Баланың отбасымен қарым-қатынасы:______________________________________

24.Өзін-өзі басқара алуы:___________________________________________________

25.Жалпы әлеуметтік жағдайы қандай?________________________________________

26.Мектепшілік аудандық қиын балалар тізіміне алынған ба?_____________________

27.Әлеуметтік мәртебесі:____________________________________________________

28.Мекен жайы(Толық көрсетілуі керек):_______________________________________

 

Әлеуметтік педагог: ______________________

Сынып жетекші:    ______________________

Martebe.kz сайтына материал жариялау үшін

Иллюстрация: Freepik.com

Martebe.kz порталы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры ұйымдастырған үздік қазақ тілді сайт байқауында «Білім бұлағы» номинациясын жеңіп, ең үздік білім сайты атағын иеленді.

Сайтты күніне 15 мыңнан жоғары, айына 500 мыңға жуық оқырман оқиды.

Martebe.kz сайтына имидждік мақала, ашық сабақ пен сабақ жоспарын, авторлық жұмыстарыңызды жариялай аласыз!

Martebe.kz ақпараттық білім порталына жариялаған материалыңыз республикалық басылымға шыққан публикация болып есептеледі. Яғни, сайтқа жариялаған материалыңыз газет-журналға жарияланған публикациямен теңестіріледі.

Ашық сабақ пен сабақ жоспарын жариялап, сертификат алу құны — 1500 теңге;

Жоғары оқу орындары туралы ИМИДЖДІК МАҚАЛА жариялау бағасы — 3000 теңге;

Егер мақаланың тақырыбында мекеме атауы жазылатын болса, жариялау бағасы — 5000 теңге.

Жарна төленгеннен кейін skillsacademy.kz@mail.ru поштасына:

1. Енгізген материалыңыздың тақырыбын, аты-жөніңізді және мәліметтерді толық жазып жіберіңіз.

2. Төлем түбіртегін жіберіңіз.

Толық ақпаратты 8 775 998 83 87 нөмірінен біле аласыз. 

Даралап және саралап оқытудың бірнеше бағыттары

Иллюстрация: Freepik.com

1. Тапсырма. Балаларға (жекелеп немесе топтарға) олардың меңгерген білімдеріне негізделген әр түрлі тапсырмалар беріледі.

2. Нәтиже. Балалар қойылған жалпы мақсатқа сәйкес бір тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ мұғалім балалардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, әр баладан әртүрлі нәтиже күтеді.

3. Жұмыс қарқыны. Балаларға жалпы тапсырма беріледі, бірақ оларды аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады.

4. Қолдау. Балалар жалпы тапсырманы орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға қарағанда көп немесе кем қолдау көрсетіледі.

5. Ресурстар. Балалар ортақ тапсырма орындайды, бірақ айтарлықтай дамыған оқу немесе зерттеу дағдыларын қажет ететін әр түрлі ресурстар беріледі.

6. Топтау. Балалар ортақ тапсырма орындайды, бірақ барлығының табысты болуын қамтамасыз ететіндей етіп топтастырылған.

7. Ақпарат. Балалар ортақ тапсырма алады, бірақ оларға әртүрлі ақпарат, немесе қосымша ресурстар мен ойлауды талап ететін көлемі әртүрлі ақпарат беріледі.

8. Рөлдер. Балалар ортақ тапсырма орындайды, бірақ олардың әрқайсысы әртүрлі рөл атқарады. Қабілетті балаға бас зерттеуші немесе ақпаратты және топ ресурстарын басқаруды ұйымдастырушы рөлін беруге болады.

9. Үй жұмысы. Балаларға әртүрлі үй тапсырмалары беріледі, ал жекелеген оқушыларға сыныпта бастаған жұмысты аяқтау үшін қосымша уақыт қажет болуы мүмкін.

10. Диалог/Сұрақтарды пайдалану. Мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай өздері қоятын сұрақтары мен оқушылар қоятын сұрақтарға жауаптарын саралайды.

Басқа материалдар:

  1. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
  2. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  3. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  6. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  9. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  10. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы (Карточкалар иерархиясы)

Әрбір ұстаз оқуы тиіс туындылар тізімі

Иллюстрация: Freepik.com
  1. Абай. Қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері
  2.  Мұхтар Әуезов. «Абай жолы»
  3.  Ахмет Байтұрсынұлы. Өлеңдері мен шығармалары
  4.  Лев Толстой. «Соғыс пен бейбітшілік»
  5.  Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазақстандық жол»
  6.  Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Үш анық»
  7.  Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер»
  8.  Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік»
  9.  Олжас Сүлейменов. «Аз и Я»
  10.  Ілияс Жансүгіров. «Құлагер»
  11.  Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя»
  12.  Мағжан Жұмабаев. Таңдамалы шығармалары
  13.  Шекспир. «Ромео мен Джульетта»
  14.  Сәкен Сейфуллин. «Көкшетау»
  15.  Шыңғыс Айтматов. «Ақ кеме»
  16.  Әбдіжәміл Нұрпейісов. «Қан мен тер»
  17.  Қорқыт ата. «Қорқыттың нақыл сөздері»
  18.  Иван Тургенев. «Әкелер мен балалар»
  19.  Федор Достоевский. «Қылмыс пен жаза»
  20.  Михаил Булгаков. «Мастер мен Маргарита»
  21.  Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан»
  22.  Сәбит Мұқанов. «Өмір мектебі»
  23.  Міржақып Дулатұлы. «Бақытсыз Жамал»
  24.  Николай Гоголь. «Ревизор»
  25.  Мұқағали Мақатаев. Таңдамалы шығармалары
  26.  Қожа Ахмет Йассауи. Диуани хикмет
  27.  Бұқар жырау. Таңдамалы толғаулары
  28.  Жамбыл Жабаев. Өлеңдері мен дастандары
  29.  Михаил Шолохов. «Тынық Дон»
  30.  Жүсіпбек Аймауытов. «Ақбілек»
  31.  Сұлтанмахмұт Торайғыров. Таңдамалы шығармалары
  32.  Мұхтар Шаханов. «Өркениеттің адасуы»
  33.  Әл Фараби. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат»
  34.  Александр Грибоедов. «Ақылдың азабы»
  35.  Міржақып Дулатов. «Оян, қазақ!»
  36.  Махамбет Өтемісұлы. Таңдамалы шығармалары
  37.  Бейімбет Майлин. «Шұғаның белгісі»
  38.  Эрнест Хемингуэй. «Шал мен теңіз»
  39.  Сәбит Мұқанов. «Мөлдір махаббат»
  40.  Анна Ахматова. Таңдамалы шығармалары
  41.  Сергей Есенин. Таңдамалы өлеңдері
  42.  Асан қайғы шығармалары. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы
  43.  Ғабиден Мұстафин. «Дауылдан кейін»
  44.  Гете. «Фауст»
  45.  Даниэль Дефо. «Робинзон Крузо»
  46.  Әзілхан Нұршайықов. «Ақиқат пен аңыз»
  47.  Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе»
  48.  Гомер. «Одиссея», «Илиада»
  49.  Борис Пастернак. «Доктор Живаго»
  50.  Мұхтар Әуезов. Философия жайындағы мақалалары
  51.  Сервантес. «Дон Кихот»
  52.  Марина Цветаева. Таңдамалы өлеңдері
  53.  Қасым Аманжолов. Таңдамалы шығармалары
  54.  Мұхтар Мағауин. «Аласапыран»
  55.  Фариза Оңғарсынова. Таңдамалы шығармалары
  56.  Теодор Драйзер. «Америкалық трагедия»
  57.  Тұманбай Молдағалиев. Таңдамалы шығармалары
  58.  Конфуций. «Лунь Юй»
  59.  Дулат Бабатайұлы. «Өсиетнама» жинағы
  60.  Қабдеш Жұмаділов. «Тағдыр»
  61.  Эрнест Хемингуэй. «Қош, бол майдан»
  62.  Михаил Лермонтов. Таңдамалы өлеңдері
  63.  Әнуар Әлімжанов. «Махамбеттің жебесі»
  64.  Александр Пушкин. «Борис Годунов»
  65.  Василий Шукшин. «Қызыл бүрген»
  66.  Ақтамберді. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы
  67.  Антон Чехов. «Шағала»
  68.  Александр Островский. «Жасауы жоқ қалыңдық»
  69.  Сапарғали Бегалин. «Шоқан асулары»
  70.  Иса Байзақов. «Құралай сұлу»
  71.  Стендаль. «Қызыл мен қара»
  72.  Белла Ахмадуллина. Таңдамалы шығармалары
  73.  Әбіш Кекілбаев. «Үркер»
  74.  Жұбан Молдағалиев. «Жүректегі жазулар»
  75.  Зейнолла Қабдолов. «Менің Әуезовім»
  76.  Дулат Исабеков. «Тіршілік»
  77.  Булат Окуджава. Таңдамалы шығармалары
  78.  Әзілхан Нұршайықов. «Махаббат қызық – мол жылдар»
  79.  Тахауи Ахтанов. «Шырағың сөнбесін»
  80.  Сәкен Жүнісов. «Ақан сері»
  81.  Бердібек Соқпақбаев. «Өлгендер қайтып келмейді»
  82.  Антон Чехов. Әңгімелері.
  83.  Софы Сматаев. «Елім-ай» трилогиясы
  84.  Оскар Уайльд. «Дориан Грейдің бейнесі»
  85.  Хамит Ерғалиев. «Құрманғазы»
  86.  Федор Тютчев. «Сіз неге бүгін…»
  87.  Евгений Евтушенко. Таңдамалы шығармалары
  88.  Иван Гончаров. «Обломов»
  89.  Аристотель. «Саясат»
  90.  Оралхан Бөкеев. «Атау кере»
  91.  Әбділдә Тәжібаев. «Монологтар»
  92.  Саттар Ерубаев. «Менің құрдастарым»
  93.  Зейтін Ақышев. «Жаяу Мұса»
  94.  Томас Мор. «Утопия»
  95.  Роберт Рождественский. Таңдамалы шығармалары
  96.  Артур Шопенгауэр. «Әлем дегеніміз – ерік пен ұғым»
  97.  Джек Лондон. «Қасқыр»
  98.  Сәкен Жүнісов. «Аманай мен Заманай»
  99.  Төлеген Айбергенов. Өлеңдер жинағы
  100.  Бексұлтан Нұржекеев. «Бір өкініш, бір үміт»

Басқа материалдар:

  1. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
  2. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  3. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  6. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  9. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  10. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы (Карточкалар иерархиясы)