Ұялы телефон туралы қызықты 7 дерек

0
962

Ұялы телефонның пайда болуы адамзаттың соңғы жарты ғасырда жеткен керемет жетістіктерінің бірі.

Басқа ешбір өнертабыс біздің тұрмысымызға дәл бұлай қатты әсер ете алмайды және бұдан жылдам тарамайды. Бүгін біз сіздерге инженерлердің жасап берген осы бір ғажайып өнертабысына байланысты қызықты деректерді әңгімелейміз.

1. «Смартфон» термині тұңғыш рет Ericsson компаниясының 2000 жылы Ericsson R380s жаңа телефонын жарнамалау кезінде шыққан. Құрылғы Symbian OS v5.1 басқаруында жұмыс істеді және ашып-жабылатын қақпағы бар монохром сенсор экраны болған.

  1. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  2. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  3. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  4. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер

2. Қазіргі заманның қайсыбір смартфонның, оның ішінде сіздің смартфоныңыздың мүмкіндігі NASA-ның «Аполлон» бағдарламасының аясында адамды Ай бетіне қондыруға қатысты есептеулері мен басқаруына қажетті мүмкіндігі бар барлық компьютердің қуатынан асып түседі.

3. Жапонияда телефондардың 90 пайызы су өтпейтін корпусымен шығады, себебі жапон жастары жуыну бөлмесіне кірерде де ұялы телефонын тастамайды.

4. Ұялы телефонды жоғалтып аламын деп немесе байланыстан үзілемін деп қорқу номофобия деп аталады. Бұл термин 2010 жылы қолданушылардың ұялы байланысқа деген әдеттеріне арналған зерттеуде пайда болды.

5. Әлемде ең табысты телефон Nokia 1101. 2003 жылы шыққан сәттен бастап 250 миллион құрылғы сатылды, бұл ұялы телефондар ішінде ғана емес, жалпы электронды гаджеттер арасында да рекорд саналады. Қазіргі таңда бұл модель өндірілмейді.

6. 2013 жылы БҰҰ-ның жарияланған баяндамасына сәйкес, ұялы телефонды қолданушылардың саны дәретханасы бар адамдарға қарағанда көбірек екен. Жеті миллиард адамның алты миллиарды ұялы телефон ұстайды, тек 4,5 миллиард адам ғана санитарлық-гигиеналық жағдайда өмір сүреді.

7. Ұялы телефонды лақтыру — Финляндия, Бельгия және тағы кейбір елдерде кең таралған спорт түрі саналады. 2014 жылы өткізілген кезекті әлем чемпионатында осы спорт түрінен әлем рекорды жаңартылды — 110,42 метр.

Басқа материалдар:

  1. Ой-өрісті кеңейтетін 235 деректі фильм
  2. Мотивация беретін топ-5 фильм
  3. Талапкер назарына: копирайтер деген кім?
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  6. Талапкер назарына: логистик, кадастр деген кім?
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Талапкер назарына: Социолог деген кім?
  9. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  10. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  11. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  12. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  13. SMM маманы деген кім?
  14. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  15. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ